1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы



бет20/81
Дата28.02.2023
өлшемі274,78 Kb.
#70446
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт

23 Қыпшақтар
Қыпшақтар қимақтар құрамында болған. 656жылы Батыс Түрік қағанаты құлағанда Алтай тауының солтүстігі мен Ертіс өңірін жайлады. 8ғасырда өздерінің бөлініп шығуға деген ұмтылысымен қимақтар құрамынан бөлініп шығып, батысқа қарай көшті. Бірақ олар толықтай тәуелсіздік алмады, 8-10ғасырларды қимақ құрамында болды. Қыпшақдың құрылуына әсер еткен: 11ғ Оғыз мемлекетімен соғыстар, Қарахан мен Хорезммен күрес, сыртқы қауіпсіздік қамтамасыз ету. Қыпшақ хандары оңтүстік бағытта ілгерілеп, Сырдарияның орта, төменгі аймағын, Арал мен Каспий өңірін өздерінің қол астына бағындырды. Қыпшақ ақсүйектері Сырдария бойы қалаларының билеушілеріне айналды. Хандар өз аймақтарын кеңейте отырып Таразға дейін жетті. 11ғасырдың басында Қимақтар тарағаннан кейін қимақ, қыпшақ, құман тайпаларының бұрын иелеген жерлерінің әскери-саяси жетекшілігі қыпшақ хандарына өтеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді жұмыс жасады. Орта Азия және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдерімен тікелей байланыс жасады. Осылайша Қыпшақ хандығы құрылған. 11-12ғасырларда Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы түркітілдес халықтардың ең көбі-қыпшақтар. Аймақтағы саяси ахуалдың өзгеруіне байланысты 11ғасырдың екінші жартысында жазба деректерде "Оғыздар даласының» (Мафазат әл-гуз) орнына Дешті Қыпшақ аты пайда болды.
11ғасырдың ортасында Маңғыстау мен оның жанындағы аймақтарды қаратып алған Қыпшақтар Хорезмнің солтүстігіне жақындады. Сол арқылы қыпшақтардың саяси ықпалы кеңейді. 11ғасырдың ортасында құмандардың негізі бұқарасы мен билеушісі тоқсоба және бұржоғлы руларының құрамындағы қыпшақ тайпаларының үлкен бөлігі Оңтүстік орыс және Қаратеңіз далалары мен Византияға дейін қоныс аударған. Бұл қыпшақтардың этноаумақтық екі бөлікке бөлінуіне әсер етті: Еділ өзені бөліп жатқан елбөрілі руының ханы билеген Шығыс Қыпшақ және тоқсоба руы билеген Батыс Қыпшақ. Қазақстанның көп жері сол Шығыс Қыпшақ билігінде болған. 
Қыпшақ этникасы қазақ территориясында құрылуы ұзақ процесс болған.
1-кезең: 7-8ғасырлардағы Қимақ құрамындағы қыпшақтар 
2-кезең: 8-9ғасырларда Алтай тауларынан Еділге дейін қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар 
3-кезең: 11-13ғасырдағы Шығыс ұлыстағы Қыпшақ хандығы
Қыпшақтар құрамына көрші жатқан түркітілдес тайпаларда қосылған. Қыпшақтардың саяси салмағының өсіп жатқанын сезген тайпалар, өздері қыпшақ атына қосылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет