1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы



бет79/81
Дата28.02.2023
өлшемі274,78 Kb.
#70446
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгiрәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы”конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлгентұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.
Қазақстанның «Менің Қазақстаным» атты қазіргі әнұраны 2006 жылдың қаңтарында қабылданған. Ол танымал аттас өлеңге негізделген еді. Әнұранның сөзін жазған авторы — Жұмекен Нәжімеденов және 
Композиторы — Шәмші Қалдаяқов.
Рәміздер туралы заңнама
1993 ж. Қазақстан Конституциясы бойынша "республика азаматы мемлекеттік рәміздерді – Елтаңба, Ту, Әнұранды құрметтеуге міндетті" (31-бап). 1995 жылы жаңа Конституция қабылданғаннан кейін, 1996 жылдың 24 қаңтарында президентті Жарлық ретінде республиканың рәміздері туралы бірыңғай Конституциялық заң шығарылды, ол 2007 жылдың 4 маусымында жаңа "мемлекеттік рәміздер туралы"Конституциялық заңға ауыстырылды.


100. Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы
Жауап: ҚР тәуелсіздігі мен шекарасының тұтастығын қорғау үшін өзінің жеке Қарулы күштерін құрудың үлкен маңызы болды. Оны іске асыру Елбасының 1992 жылы 7 мамырдағы «ҚР Қарулы Күштерін құру туралы» жарлығымен басталды. Қарулы Күштерді ұйымдастыруда 1993 жылғы ақпанда қабылданған Қазақстан Республикасының әскери доктринасы ерекше серпін берді. Доктрина халықаралық жағдайдың түбірлі өзгеруін, тәуелсіз демократиялық мемлекеттер құрудың сол жылдардағы ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстандағы әскери құрылысты ұстап тұру мен негізгі бағыттарын айқындап берді. 
Қарулы Күштер құрылысының бастапқы кезеңіндегі аса маңызды проблема – егемен ел Армиясының нормативтік-құқықтық негізін құру болатын. Жаңа мемлекеттің жаңа Армиясының нормативтік-құқықтық базасын жасаумен бір уақытта ұлттық Қарулы Күштердің бейнесі мен құрылымын, олардың басқару органдарын қалыптастыруда тынымсыз жұмыс жүргізілді. Жас республиканың Отан қорғау мәселелері жөніндегі алғашқы заңдары өз уақытында және тиісті-деңгейде дайындалды. 1992 жылы 22 қыркүйектің өзінде-ақ Жоғары Кеңес «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғаныс туралы» Заңды қабылдады. Сондай-ақ, 1993 жылы 11, ақпанда Президент бекіткен Қазақстан Республикасының алғашқы әскери доктринасы ұжымдық түрге дайындалды. Ол соғысты болдырмау, қорғаныс қуатының жеткіліктілігі, ТМД елдерімен өзара көмек одағы принциптеріне негізделді. Доктрина ережелері мемлекеттің сыртқы саяси және әскери қызметінде кеңінен пайдаланылды.
101.
Ұлттық валюта-бұл елдің заңмен белгіленген ақша бірлігі. Өзінің ұлттық валютасын енгізу Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуда және дербес дамуында маңызды рөл атқарады. Теңге елдің қаржылық Тәуелсіздігінің ажырамас символына айналды. Теңгенің тарихы ең алғаш қазақ даласында күміс монета XV-ғасырда Отырар қаласында «таньга» деген атаумен пайда болған. Ал Ұлттық валютамыздың тарихы 1992 жылдан бастау алады. 1992 жылдың 27 тамызы күні Қазақстаның Ұлттық банкі теңге купюрасының үлгілерін бекіткен болатын.Айта кетейік, қазақстандық ақша әлемдегі ең әдемі ақшалардың бірі болып табылады. 1993 жылдың еліміздің Тәуелсіздік тарихындағы ерекше жыл болып енді. Өйткені осы жылы өз тізгінін қолға алып, ұлттық теңгені айналымға шығарды.
Ұлттық теңгені енгізудің маңызын шынайы бағалау оның тарихи жүріп өткен жолдарын ғылыми тұрғыда зерделеуге мүмкіндік береді. Деректер теңге тарихының тамырын тереңнен қаузауға жол ашады.
Монета соғу ісі, ақша айналымын енгізу және оны белгілі бір қоғамда төлем құралы ретінде пайдалану — сол қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының белгілі бір сатысында табысқа жеткенін көрсетеді. Монетадағы белгілер мен жазулар арқылы мемлекетті басқару түрлерін, патшаның ауысуын, әулет шежіресін, мемлекеттік төңкерістерді т.б. анықтауға болады. Олар көбінесе саяси және қоғамдық өмір оқиғаларын, соғыстар, жаулап алушы мемлекеттегі ішкі күрестер, мемлекеттік немесе діни реформаларды көрсетеді. Қоғамның экономикасын, тарихын, қолөнерін, техника және өнер тарихын зерттеуде нумизматика материалдарының маңызы айрықша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет