1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


«Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары



бет24/53
Дата16.12.2023
өлшемі144,27 Kb.
#140308
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53
Байланысты:
Тарих сессия

37. «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары.
1723 жылы көктемде жоңғарлардың қалың қолы қазақ даласына 7 түмен әскермен басып кіреді. Шапқыншылар бейбіт елді қырып-жойып, жері мен мал-мүлкін тартып алуды көздеген еді. Қыстаулары бір-бірінен алшақ орналасқан, қыстан жүдеп шыққан қазақтар қапыда қалып, қырғынға ұшырайды. Ұлы жүз бен Орта жүз Сырдариядан өтіп, Ходжентке, ал Орта жүз руларының көпшілігі Самарқандқа көшеді. Кіші жүз Хиуа мен Бұхараға жылжиды. Кейбір тайпа-рулар Қызылқұм, Қарақұмға өтеді. Тарихта бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Шапқыншылықтан, аштықтан қазақ халқы үштен екі бөлігінен айырылды. Осы кезеңдегі халықтың тартқан қасіретінен «Елім-ай» әні өмірге келген.1726 жылы қазақтың үш жүзінің өкілдері Ордабасы тауында бас қосады. Құрылтайда әр рудың билері, даңқты қолбасшылары мен батырлары жауға бірлесіп соққы беруге шешім қабылдайды. Сөйтіп, қазақтар келесі жылы жоңғарларға қарсы шабуыл жасап, оларды қазақ жерінен ығыстыра бастайды. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп қарманды. Ұлт перзенттері бардың басын қосып, халық бірікпей тірлік болмайтынын түсінді. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған қалың ел 1726 ж. ақырында, 1727 ж. жоңғарларға қарсы майдан ашты. Бұланты мен Бөленті өздерінің жағасында қалмақтарға қарсы соққы берді. 1727 ж. қазақтар Қаратауды қайтарды, Хан тауына Орда тігіп, Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетті. “А. ш., А. с.” қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды.
38. Ордабасындағы басқосу - өзара келісім және аумақтық біртұтастықты сақтап қалу жолы.
1726 жылы Қазақтың үш жүзі өкілдерінің Бадам өзені бойы Ордабасы тауындағы тарихи бас қосуы. 18 ғасырдың басында қазақ жеріне баса-көктей кіріп, бейбіт елді қырып-жойып, қасіретті “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” апатына душар еткен жоңғар басқыншылығына қарсы күрес ұйымдастыруға арналған халық құрылтайына Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Жолбарыс хандар мен Төле би, Қазыбек би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылары мен батырлары қатысты. Онда жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру және қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе қаралды. Ордабасы жиынында Әбілқайыр хан бас қолбасшы болып тағайындалды. Жиынға қатысушылар өз қимылдарын үйлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді және алдағы елді азат ету үшін жүргізілетін шайқастардың жоспарын жасады. Осы жолғы қазақтың үш жүзінің тізе біріктіріп, бас қосқан іс-қимылдарының нәтижесінде қазақ халқы 1727 жылы жоңғарлармен болған Бұланты-Білеуті шайқасы мен 1729 – 1730 жылдардағы Аңырақай шайқастарында жеңіске жетті. Қазіргі кезде осы тарихи жиынның белгісі ретінде Ордабасы төбесінде қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін көп еңбек сіңірген атақты үш биге ескерткіш орнатылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет