1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


Ноғай Ордасының көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы



бет16/53
Дата16.12.2023
өлшемі144,27 Kb.
#140308
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53
Байланысты:
Тарих сессия

28. Ноғай Ордасының көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы.
Қазақ-ноғай қарым-қатынастары (15 – 17 ғасырлар) – екі халықтың саяси және этникалық байланыстары. Қазақхандығының сыртқы байланыстарында Ноғай ордасы елеулі орын алады. Қазақтар мен ноғайлар этн. жағынан өте жақын. Олар бұрыннан Дешті Қыпшақты мекендеген туыстас ру-тайпалардан құралды. Екі ел қарым-қатынастары әр кезеңде әр түрлі сипат алды. 15 ғасырдың ортасында қазақтар мен ноғайлар бірге тізе қосып, Шайбани ұрпағы билеген Әбілхайыр хандығын құлату үшін соғысты. Әбілхайыр хандығы құлаған соң, қазақтардың күшеюінен қорыққан ноғай билеушілерінің бірі Мұса би Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбаниді жақтап шығады да, оны Қыпшақ даласының ханы етіп көтеруге талпыныс жасайды. Бұған жауап ретінде Қазақ хандығының билеушісі Бұрындық хан 50 мың әскерімен ноғайлар мен Мұхаммед Шайбаниға қарсы жорық ұйымдастырды. Олардың арасында шайқас болып, Бұрындық Мұсаның ағасы Хорезмиді өлтіреді, бірақ шайқаста жеңіске ноғай әскері жетеді. Алайда ноғай билеушілері Мұхаммед Шайбанидің күшеюінен қорқып, оның хан болуына қарсы шықты. 15 ғасырдың 80-жылдары қазақтар мен ноғайлар Мұхаммед Шайбаниға қарсы Түркістан аймағында бірігіп күресті. Ноғай билеушілерін Едіге ұрпақтарының бірі Хамза бек басқарды. Қазақ хандығының тегеурініне шыдамаған Мұхаммед Шайбани Орта Азияға кеткен соң, олардың арасында ортақ мақсат болмай, Қазақ-ноғай қарым-қатынастарында енді ел мен жер үшін күрес орын алады. 16 ғасырдың басында, Бұрындық хан Мұрағатталған 1 наурыздың 2012 жылы. тұсындағы күресте қазақтар басым түсіп, Ноғай ордасының астанасы Сарайшық қаласы Қазақ хандығының қол астына өтті. Қасым ханның Ноғай ордасына қарсы 1519 – 21 жылдары жүргізген соғыстарын Қазақ хандығының құрамына бұл елдің көп аумағын қосты, ноғайлар Еділ өзенінің оң жағалауына өтіп, бой сағалауға мәжбүр болды. Ноғай ордасындағы көптеген ру-тайпалар өздеріне туыс қазақ ру-тайпаларымен қосылу мақсатында Қазақ хандығы жағына шықты. Бірақ Қасым хан өлген соң (1521) жағдай күрт өзгерді. 16 ғасырдың 20 – 30-жылдары ноғай билеушілері қайта күш жинап, тақ үшін таласып жатқан Қазақ хандығына қарсы соғыс жүргізіп, кезінде айрылған жерлерінің көбін қайтарып алды. Осы жылдары олар қазақтарға қарсы құрылған өзбек-моғол одағына қосылып, Қазақ хандығының әлсіреуіне үлкен әсер етті. Ноғай Ордасы мен Мәскеудің арасындағы қарым-қатынас протекторат элементі бар вассалдыққа негізделді деп айтамыз. ХҮІ ғасырдың соңы ХҮІІІ ғасырдың басында Ноғай Ордасының Ресей құрамына өту процесі басталды, бірақ бұл процесс Ноғай державасының күйреуімен аяқсыз қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет