1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


Қазақ жүздерінің қалыптасуының этносаяси және шаруашылық факторлары



бет17/53
Дата16.12.2023
өлшемі144,27 Kb.
#140308
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53
Байланысты:
Тарих сессия

29.Қазақ жүздерінің қалыптасуының этносаяси және шаруашылық факторлары.
«Жүз» ұғымының мәні толық ашылған жоқ. Біраз зерттеуші қазақтың «жүз» деген сөзін арабтың «джуз», яғни «бір нәрсенің басты бөлігі», «тармақ» деген сөзімен сәйкестендіреді. XVIII ғ. дейін жүздердің қалыптасуы аяқталды.
Жүздерде адамдарды ру-тайпалық қауымдастыққа бөлу сақталды.
Ұлы жүз Қазақстанның қазіргі үш облысының – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын мекендеді. Негізін қалаған рулар: үйсін, қаңғлы, дулат, жалайыр, албан, суан, шапырашты т.б. Ұлы жүз Орталық және Солтүстік-шығыс Қазақстан жерін мекендеген. Орта жүз – негізінен Орталық және Солтүстік-шығыс Қазақстан жерін қамтыған. Орта жүздің шегарасы Арал теңізі мен Торғай өзенінен бастап, шығыста Ертіске, Алтай, Тарбағатай тауларына дейін, оңтүстік шегарасы Сырдария, Шу өзендері, Балқаш көліне дейін, солтүстігі осы күнгі Омбы, Түмен облыстарына дейін барады. Осы кең далада Орта жүздің негізгі тайпалары – қыпшақтар, арғындар, наймандар, керейлер, қоныраттар өмір сүрді. Қазақ халқының пайда болуында басты рөлдің бірін қыпшақтар атқарды. XVI ғ. қазақ қоғамының феодализмге қарай дамуы бай және беделді ру аристократтарын (билер, батырлар) өмірге әкелді, олар аға хан мен сұлтандардың күшеюіне жол бермеуге тырысты, саяси бытыраңқылық, ұсақтық саясатын жүргізді.
Жүздердің құрылуы осы рулық аристократияның саяси және экономикалық мақсаттарына сай келді. Хандықтың әскери қуатының әлсіреуі, әскери-саяси одақтың (тайпалар тарапынан) о баста-ақ нашар болуы, қазақ хандығының бірнеше бөлікке бөлінуіне, яғни жүздердің құрылуына жағдай туғызды. Бұл туралы елбасымыз: «Қазақ ұлысының құрылу үрдісі этникалық аумақтың қалыптасуымен және этносаяси, шаруашылық, табиғи, табиғи-географиялық жағдайларға орай үш этноаумақтық бірлестік – Ұлы, Орта, Кіші жүздердің құрылуымен қатар жүзеге асты» деп атап кеткен болатын. Ш.Ш. Уәлиханов: «Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін үлкен одақтар құрған». Н.А. Аристов: «Жүздердің бірігуі жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан». В.В. Бартольд: «Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық факторлар әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет