1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ПРОТАГОР (шам.б.д.д.480–410ж.ж.) — көнегрек философы,  софистердің ішіндегі ең ықпалдылардың бірі. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет137/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   236
ПРОТАГОР (шам.б.д.д.480–410ж.ж.) — көнегрек философы, 
софистердің ішіндегі ең ықпалдылардың бірі. Шығармалары: 
«Ғылымдар туралы», «Мемлекет туралы», «Құдайлар 
туралы», т.б. Протагор «Адам – барлық заттардың өлшемі» 
деген қағиданы ең негізгі қағида ретінде қабылдайды. Бұл 
қағида бойынша, маған заттар қалай болып көрінсе, мен үшін 
олар солай болып, ал саған қалай көрінсе, сен үшін солай 
болып қалады. Білімнің салыстырмалы екендігін Протагор 
өздігінен ештеңе өмір сүрмейді және пайда болмайды, олар 
басқаларға қатынасы арқылы айқындалады деген пікір төңірегінде 
дәлелдемек болады. Сократ та, Платон да, Аристотель де софистік ілімді, 
оның ішінде Протагордің ілімін сынға алып, софизм деген шын 
данышпандық емес, алдамшы данышпандық, ал софистер осының арқасында 
пайда тауып жүрген адамдар деп көрсетеді.
РАДИЩЕВ, Александр Николаевич Радищев (1749–1802) 
орыс философы, метафизикалық материализмнің өкілі, 
ақын-жазушы. Оның «Петербордан Мәскеуге саяхат» атты 
кітабында Ресейде шаруаларды басыбайлықтан құтқарудың 
бағдарламасы жасалды. Ол Ресейде патшаның жеке билеуін 


310 
революция арқылы қиратып, саяси-әлеуметтік реформа жасауға шақырды. 
РАДХАРКРИШНАН, Сарвапалли Радхаркришнан (1888–
1975) — XXғ. үнді елінің көрнекті ойшылы, екі томдық 
«Үнді философиясы» атты (1923–27ж.ж., Лондон) еңбегі бар. 
Үнді 
философиясының 
насихатсышы.
Ол 
өзінің 
философиялық жүйесін жасау үшін өз халқының рухани 
мұрасын үйрену және Батыс философиясын талдау тәрізді 
жолдардан өтті. Философия қызметі - өмірді реттеу және 
әрекетті басқару. Радхакришнан бойынша, үнді философиясы 
спиритуалистік мағынаға ие болған. Жаңа философия уақытына сай келуі 
керек және өткенге бағытталмаған болуы шарт. Сондай-ақ ол өзге 
философиялық ілімдерге ұқсамауы керек. Жаңа философия өзі түсіндіріп 
отырған өмір тәрізді қайталанбас түпнұсқа болады. Мұндай философия 
жаратылыстану ғылымдарының жетістігіне және психологияға сүйенуі 
қажет. Ол үнді философиясында этикалық мәселелер жоқ деген европалық 
көзқарастарға қарсы тұрды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет