1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет140/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   236
РИККЕРТ, Генрих Риккерт (1863–1936) — неміс
философы, неокантиандықтың баден мектебінің негізін 
қалаушылардың бірі. «Табиғат туралы ғылымдар және 
мәдениет 
туралы 
ғылымдар» 
деген 
еңбегінде 
біз 
эмпирикалық ғылыми қызметтің екі түрін абстрактты 
ажырата аламыз. Оның бір жағында табиғат туралы 
ғылымдар немесе жаратылыстану тұрады. Оның мақсаты – 
жалпы абстрактты қатынастарды, мүмкіндігінше заңдарды 
реттеу. 
РОЗАНОВ, Василий Васильевич Розанов (1856–1919) — 
орыс 
арасынан 
шыққан 
философ-ғалым, 
жазушы 
(әдебиетші), экзистенциалист. Діни дүниетанымы бойынша, 
ол адамзат тарихындағы «құдайлы адами үрдістерінің» 
(богочеловеческий процесс) шығуы жөнінде ой өрбітеді. 
Шығармалары: «Оңашалану», «Түскен жапырақтар», «Ай 
сәулесіндегі адамдар», «Біздің заман Апокалипсисі», «Дін 
және мәдениет», т.б.. 
РОРТИ, Ричард Рорти (1931– ... ) — өзінің «Философия 
және табиғат айнасы» еңбегінде субьект деп ажыратылатын 
дәстүрлі ақиқатты «ой мен зат арасындағы өзара біржақты 
қатынас» ретінде түсіндіретін идеяны сынайды. Рорти 
контекстуализм позициясын ұстанады. Философтың 
пікірінше констексте базистік құндылықтар болады және ол 
пайдалылық дәрежесін анықтайды. Оның ойынша барлық 
нәрсе контекстуалды және кездейсоқ, сондықтан ешқандай 
да қатаң универсалды және қажетті пікірлер мен нормалар өмір сүрмейді. 
Қазіргі кезде Рорти философиялық дистинкцияларды деконструкциялаумен 
айналысып, оларды экстремалды мәнге дейін жеткізуде, мәтіндерді 
деконструкциялау барысында өзіндік референциялдық қайшылықтарға 
жоламай, балама пікірлерге көбірек дәлелдер келтіруге тырысады. 
РОТТЕРДАМСКИЙ, Дезидерий Эразм Роттердамский 
(1466–1536) 
— 
нидерландтық 
философ-гуманист. 
Шығармалары: 
«Ақымақтықты 
мадақтау», 
«Аспанға 
жіберілмеген Юлий», «Мақалдар». Өз заманының атақты
гуманистерінің бірі ақымақтықты даналықтан күшті деп 
пайымдайды. Себебі, сезімдік адам тәнімен байланысты, 
сондықтан ол адамның басында жиналған ақыл-ойдан 


313 
күрделі, яғни, адамға адамгершілікті сақтау қиынырақ. Өмір иррационалды. 
Адамның бақыты оның адаспауында емес, керісінше, адасуында, даналыққа 
ақымақтықты кішкене болса да араластырып отыруында. Бақыт заттың өзіне 
емес, адамдардың ол туралы пікіріне байланысты. Сол себепті адам өмірі 
күрделі, түсініксіз, ештеңені білу мүмкін емес. Тек «табиғат қана 
адаспайды», ол адамдарды ақымақтықтан құтқарады, ғажайып, керемет күш 
жоқ, ол тек табиғаттың өзі, бірақ табиғатты да танып-білу мүмкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет