1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет150/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   236
ФАЛЕС, Фалес Милетский (б.д.д. 640/624–548/545 ж.ж.) 
— көнегрек философы әрі математигі, Милеттік (Кіші Азия). 
Европа ғылымының тарихы бастау алатын ионистік 
натурфилософияның өкілі және Милет (ионистік) мектебінің 
негізін қалаушы. Оның есімі геометриялық теоремамен 
аталады. Оның бізге қалдырған мұрасы: дүниенің алғашқы 
бастамасы – су («архэ») деп білді. Ол «Бастама туралы», 
«Күн туралы», «Күн мен түннің теңесуі туралы», «Теңіз 
астрологиясы» деген еңбектер жазған.
ФАРАБИ, Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ
әл-Фараби ат-Түрки (870–950) — әйгілі математик, 
философ, музыка зерттеушісі, тарихшы болған. Ол 
Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған 
түсініктемелер жазған. Сол үшін оны «Екінші ұстаз» деп 
атаған. 
Шығармалары: 
«Ғылымдардың 
шығуы», 
«Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі», «Кемеңгерлік 
меруерті», 
«Ізгі 
қала 
тұрғындарының 
көзқарасы», 
«Музыканың үлкен кітабы», «Философияны аңсап үйрену үшін алдан-ала не 
білу қажеттігі жайлы», «Ақылдың мәні туралы», «Әлеуметтік-этникалық 
трактаттар», «Философиялық трактаттар», т.б.
ФЕДОРОВ, Николай Федорович Федоров (1828–1903) — 
орыс космизмі мен гуманизмінің көрнекті өкілі. Басты 
шығармалары: «Жалпы іс философиясы» («Философия 
общего дела»). Ол орыс космизмін, яғни келе жатқан хаосты, 
ғарышты адам құтқаруы керектігі идеясын қарастырды. 
Ғарыш - адам ақылына, парасатына мұқтаж.
 
ФЕЙЕРАБЕНД, Пол (Пауль) Карл Фейерабенд (1924–1994) 
— ғалым, философ, ғылым методологы. Шығармалары: 
«Методқа қарсы», «Еркін қоғамдағы ғылым», «Эмпиризм 
проблемалары» және т.б. Ол эпистемологиялық немесе 
методологиялық анархизм деген концепцияны тұжырымдады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет