1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


тәсіл деп атаған. ФИЧИНО



Pdf көрінісі
бет152/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   236
тәсіл деп атаған.
ФИЧИНО, Марсилио Фичино (1433–1499) — итальяндық 
гуманист, философ әрі астролог, флорентийлік Платон 
академиясының басшысы және негізін қалаушысы. Алғашқы 
Қайта Жаңғыру кезеңіндегі атақты ойшылдардың бірегейі. 
«Платондық құдайлық ілім» деген шығарма жазды. Онда ол 
адамзат баласының барар жолын айта келе, оған ғылыми 
түрде шолу жасайды. 
ФЛОРЕНСКИЙ, Павел Александрович Флоренский (1882–
1937) — діни философ, энциклопедист-ғалым, «орыстың 
Леонардо да Винчиі». Шығармалары: «Сенім қазығы және 
ақиқат тұжырымы», «Идеализм мағынасы», «Есімдер», 
«Иконотас», «Православиялық теодиция тәжірбиесі» және т.б. 
Біртұтастық білім, болмыстың бірлігі мен гармониясын, 
бүткілбірлік метафизикасын зерделеп софиологияны оның бір 


322 
тармағы ретінде қарастырды. 
ФОХТ, Карл Фохт (1817–1895) — философ, вульгарлық 
материалист, негізгі кәсібі – дәрігер-жаратылыстанушы. 
Философиялық көзқарасы: адамның пайда болуы туралы 
інжілдік ілімді сынады; адамды маймылдың жақын туысы 
деп санады; социализм идеясына мүлде қарсы болды, өйткені 
социализм адамның табиғи жаратылысына жат құбылыс
ойлау мен сананы физиологиялық-химиялық процесс, яғни 
«бауыр өтті қалай бөліп шығарса, мида ойды солай 
шығарады» деп санады. 
ФРАНК, Семен Людвигович Франк (1877–1950) — орыстың 
діни философы және психологы. 1922ж. эмиграцияланған. 
Оның 
философиялық 
жолы 
«заңды 
марксизмнен» 
діниидеализмге, экзистенциализм мен феноменологияға 
дейін созылып жатыр. Оның философиясының негізгі 
тақырыбы – рационалді ойды діни сеніммен ұштастыру; адам 
және оның өмірінің мәні. Ол социализмді қатты сынға алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет