1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет158/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   236
ШАРИ-АТИ, Али Шари-ати (1933–1977) — қазіргі 
заманғы иран-исламдық философ-ғалымдарының бірі. Оның 
еңбектері – «Марксизм және Батыстағы басқа да шындықтан 
ауытқушылық», «Исламдық сын». Басты мақсаты – діни-
философиялық 
әлеуметтанушылық 
тұжырымдаманы 
қалыптастыру. 


327 
ШАРИФ, Мухаммад Маян Шариф (?–1965) — пакистандық, қазіргі заман 
мұсылман философтарының бірі, М.Икбалдың замандасы және ізбасары. 
«Парсылық ойлар» деген үлкен философиялық еңбек жазған. Негізгі 
қарастырған мәселесі – діни-философиялық антропологияның жобасын 
түзеу. М.Шариф зорастризмді діни дуализм ретінде қарастырады. Ал 
семиттердің қосындыларымен өңделген зороастризм, буддизм, христианизм 
және сириялық гностицизм жиынтығы деп бағаланған. 
ШӘКӘРІМ, Шаһ-Кәрім Құдайбердіұлы (1858–1931) — 
қазақ арасынан шыққан әйгілі ойшыл, тарихшы, ақын, 
гуманист әрі діни қайраткер. Абайға немере іні Шәкәрім 
Қазақ Елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына 
қосамын деп талпынды. Оның ойынша, бұл азаматтық 
өтеудің шарты – туған елдің бүкіл тарихи, мәдени 
құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес 
қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік 
заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, 
Нұр, Күн, Табиғат – ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар. Оның 1898 жылы 
жазған «Үш Анық» атты философиялық трактаты бүгінгі күндері ғылымдағы 
аса құнды дүние. 
ШВЕЙЦЕР, Альберт Швейцер (1875–1965) — неміс 
теологы, философ, музыкант, гуманист, дәрігер, қоғам 
қайраткері. Әлемдік Нобель сыйлығының иегері (1952).
Шығармалары: «Упадок и возрождение культуры. 
Философия культуры. Часть-I», «Культура и этика. 
Философия культуры. Часть-II», «Христианство и мировые 
религии», «Отношение белых к цветным расам», «Мистика 
апостола Павла», «Религия в современной культуре», 
«Мировоззрение индийских мыслителей. Мистика и этика», «Философия и 
движение в защиту животных», «Проблема мира в современном мире», 
«Гуманность» және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет