1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет159/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   236
ШЕЛЕР, Макс Шелер (1874–1928) — неміс философы және 
социологы,
философиялық антропологияның негізін 
қалаушылардың бірі. Шығармалары: «Соғыс данышпаны 
және неміс соғысы», «Соғыс және құрылыс», «Адам 
бойындағы мәңгілік құндылықтар туралы», «Білім 
формалары және қоғам», т.б. М.Шелер өзінің «Сущность 
человека, новый опыт философской антропологии» 
(«Философиялық антропология») атты еңбегін аяқтай 
алмады, тек қысқартылған күйінде, «Положение человека в Космосе» атты 
баяндама түрінде ғана қала берді. «О самообмане», «О раскаянии», «О любви 


328 
и ненависти» деген мақалалары айтарлықтай пікірталас тудырды. 
Э.Гуссерльдің ең жақын үзеңгілес серігі.
ШЕЛЛИНГ, Фридрих Вильгельм Йозеф фон Шеллинг 
(1775–1854) — немістің классикалық философы. Йендік 
романтиктерге жақын болды. Жаңа дәуірдегі идеализмнің 
көрнекті өкілі. Табиғи күштер иеархиясының спекулятивтік 
натурфилософиясы ілімін қалыптастыра отырып, ол өзінің 
осы таным тәсілін «Интеллектуалды интуиция» деп атаған. 
Эмпирикалық нақтылық заттарында бірде табиғат заттары
бірде рух көрініс табады. Демек, олар бір-бірімен тепе-тең 
(тождество) жағдайда болады. Табиғат пен рухтың тепе-теңдік идеясы 
Шеллинг философиясының басты және негізгі проблемасы болып табылады
Шығармалары: 
«Трансценденталдық 
идеализмнің 
жүйесі», 
«Адам 
бостандығының мәні туралы», т.б.
ШЕСТОВ, Лев Исаакович Шестов (Шварцман) (1866–
1938) — орыстың философ-экзистенциалисі, әдебиетші
иррационалист. Шығармалары: «Достоевский және Ницше», 
«Негізсіздіктің шыңы», «Тірексіздікті мадақтау» т.б. Негізгі 
идеясы: 
діни 
философиясындағы 
интеллектуализмге 
антиинтеллектуалистік 
үрдіс 
қарсы 
тұрды. 
Антиинтеллектуалистер ақыл-ой бастауынан басым тұратын 
сезімге негізделген діндарлықты насихаттады. Олар діни 
өмірді эмоционалдық сала шеңберімен тұйықтауға ұмтылады. Оның 
іліміндегі негізгі нәрсе - ақыл мен сенімнің қарама-қайшылығы, сәйкессіздігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет