1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


КАНОН (грек. – ереже, қағида, өлшем) — берік сақталған, дәстүрлі,  жалпыға түсінікті үлгі.  КАРМА



Pdf көрінісі
бет189/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   236
КАНОН (грек. – ереже, қағида, өлшем) — берік сақталған, дәстүрлі, 
жалпыға түсінікті үлгі. 
КАРМА — (санкрит. - әрекет) пешене, адам өмірінің, тағдырының алдын-
ала мәлім болуы. Адам тіршілігінде істеген қылықтарына берілетін әділ әдеп 
заңдылығы. Карма – бұрын істеген іс-әрекет нәтижесі, оған адам болашағы 
тәуелді. Сіздің кармаңыз – Сіздің өзіңіз. Сіздің реинкарнацияңыз – сіздің 
кармаңыздың жемісі. Көне үнді діні мен философиясындағы таным. Карма 
танымы бойынша, тірі жан иесі өзінің өмірінде жасаған жақсы және жаман 
әрекеттерінің жиынтығына сәйкес, кейінгі басқа өміріндегі тағдыры 
шешіледі. 
КАТЕГОРИЯ — лат. тіл. ауд. пікір. Аристотельдің философиясында – 
болмыс туралы пікірлердің жалпы сұлбалары, обьективті түрде бар нәрсенің 
жалпы тектері. И.Кант философиясында категориялар пайымның жалпыға 
бірдей априорлық ұғымдары. Г.Гегельдің философиясында онтологиялық 
және логикалық мазмұндар барабар болатын әмбебап ұғымдар. Марксшіл 
философияда категориялар – обьективті шындықтың әмбебап-жалпыға 
бірдей нәрсенің сипаттары, ойлаудың негізгі элементтері және танымның 
жалпыға бірдей түрлері. 
КАТОЛИЦИЗМ (грек. – жалпыға ортақ) — христиан дініндегі үш 
бағыттың бірі. Үшбірлік Құдайды (Троица) мойындай отырып, қасиетті 
рухты тек қана әке – құдайдан ғана емес, бала – құдайдан да беріледі деп 
таниды. Православиедегідей католицизмде жеті құпия бар. Діни нанымның 
бастауы – Библия («Қасиетті жазу») және діни дәстүр («Қасиетті аңыз»). 
КЕҢІСТІК — материя болмысының формасы, оның көлемін, барлық 
материалдық жүйелердегі элементтердің өзара әсерін және болмыстың 


357 
кеңістіктік-универсалдық, жалпы категорияларын сипаттайды. Кеңістік бір 
уақытта бірге өмір сүріп отырған обьектілердің орналасу тәртібін білдіреді. 
КИНИКТЕР — («Киносарг» деп аталған гимназияның атымен аталып 
кеткен, аудармасы – «көгерген ит») сократтық кезеңдегі Ежелгі Грекия 
философиялық мектептерінің бірі. Өкілдері: Антисфен, Синоптік Диоген, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет