1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


құндылығы мен шындығы адам



Pdf көрінісі
бет207/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   236
құндылығы мен шындығы адам болып табылады деген түсінікті 
басшылыққа алатын ХХғ. философиялық мәдениеттанушылық бағыт. 
Персонализм тұлғаны абсолют ретінде түсінеді. Бұл түсінік тұлғаның 
еркіндігі идеясына жетелейді. Персонализмнің негізгі ұғымы – ғарыштық 
маңызы бар тұлға (персона). Тұлғаның басымдылығы рухани бастау 
болғандықтан, ол өзін-өзі, өзінің әлеуметтік әлемін және бүкіл ғаламды 
рухтандыруы тиіс болады. Персонализмнің негізін қалаушы француз 
философы – Э.Мунье. Абай мен Шәкәрім, Н.Бердяев персоналистер болған. 
ПЛАТОН АКАДЕМИЯСЫ — б.д.д. 385ж. Платон ұйымдастырған 
философиялық мектеп. Бұл мектеп философиялық мәселелерді, құдайлар мен 
шығармашылық шабыт, шабыттанудың табиғаты және т.б. мәселелерді 
қарастырып б.д.VIғ. дейін (1000- жыл) өмір сүрді. 


373 
ПЛУТОКРАТИЯ — Дәулеттілердің (байлардың) билігі. 
ПЛЮРАЛИЗМ (лат. т. ауд. – көптік) — әлем көптеген өзара тәуелсіз және 
біріне-бірі келтірілмейтін бастаулардан немесе субстанциялардан құралады 
дегенді айтатын философиялық бағыт. Бұл аталмыш терминді – Х.Вольф 
енгізген. Монизм мен дуализмге қарама-қарсы қойылады. 
ПОТЕНЦИЯЛАУ — Ф.Шеллинг натурфилософиясының категориясы. 
ПОЗИТИВИЗМ (лат. - «оң», «жағымды» - деген сөзінен шыққан) — XIXғ. 
30-40ж.ж. пайда болған философиялық бағыт. Ғылымды философияға 
қарсы қоятын, философиялық мәселелерді теріске шығаратын, тек арнайы, 
«оң» ғылымдардың білімін мойындайтын философиялық ағым. Оның негізін 
қалаған – Огюст Конт
ПОЛИТЕИЗМ (грекш. – көп және Құдай, яғни көпқұдайлық) — көп 
құдайшылдық, пұтшылдық, көптеген құдайларға табыну. 
ПОСТИНДУСТРИАЛДЫҚ ҚОҒАМ — экономикалық дамыған елдердің 
«индустриялықтан», «индустриялықтан кейінгі» қоғам типіне өтумен 
сипатталатын, қазіргі жағдайын білдіретін ұғым. Бұл терминді Д.Белл 
ұсынды. Қоғам бір-бірімен байланыстағы факторлардың, техниканың, 
әлеуметтік құрылымның, саясаттың, рухани құндылықтардың жүйесі ретінде 
қарастырылады. 
ПОСТМОДЕРНИЗМ — дәл мағынасында модерннен кейінгі, қазіргі заман 
дегенді білдіреді. Қазіргі жаһандану мен ақпараттық технологиялар 
жағдайын бағамдауға талпынған тұжырымдамаларды белгілейтін шартты 
термин. Постмодернизм қазіргі әлемде өркениеттік ығысу орын алған дейді. 
Адам шындықтан алыстап барады – обьективті шындық пен оның арасына 
делдалдар кірігеді, сондықтан ол виртуальды кеңістікке өтіп, Ғаламторды 
иеленеді. Постмодернизм постмодерннің обьективті жағдайын сипаттау үшін 
көптеген күрделі терминдерді қолданады. Оның басты өкілдері – француздық 
ғалымдар Жан-Франсуа Лиотар, Жак Деррида және Жиль Делез
Постмодернизм кейбір қазақ зиялыларына – ғалымдар мен жазушыларға 
ықпал етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет