1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет110/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   260
 
ДЖЕБРАН
,
 
Джебран Халиль Джебран
(1883–1931) — 
шыққан-тегі ливандық, американдық философ, суретші, ақын 
әрі жазушы. XXғ. атақты араб жазушысы және философы. Ол 
– 
философиялық 
романтизм
нің
 
негізін 
қалаушы. 
Шығармалары:
«Пайғамбар», «Нимфы долины», «Духовный 
мятеж», т.б. Оның ойынша, абсолюттік поэзия жасауға 
болады, ал абсолюттік философия құруға мүмкіндік жоқ, 
себебі өмір қозғалысы мәңгілік және көп ретте бейғам. Өмір 
рефлексиясы (ағысы) қалай өзгерсе, философия да солай өзгеруі тиіс. Ол 
ақын ретінде, «ақын – өмірді рух көзімен, ал философ – зердемен көреді» 
дейді. 
ДИДРО
,
 
Дени Дидро
(1713–1784) — француз жазушысы, 
ағартушы-философ (материалист) және драматург, Атақты 25-
томдық 
француздың 
«Ғылым, 
өнер 
және 
кәсіп 
Энциклопедиясының» бас редакторы. 
Шығармалары:
«Жиен 
Рамо», «Табиғатты түсіндіру туралы ойлар», «Соқырлар 
туралы көзі көретіндерге өсиет хат», «Даламбер мен Дидро 
әңгімесі», «Философиялық принциптер», «Материя және 
қозғалыс туралы», т.б. Дүниенің барлық негізі материяда деп 
білді. Дуалистік пікірді сынай келіп, ол жан мен дене бірлікте деп қарады. 
Таным теориясына келетін болсақ, Дидро 
материалистік сенсуализм
ді
қолдады. Субъективтік идеализмді сынап, оны жақтаушыларды ой 
соқырлары деп есептеді. Қоғамдық саладағы ой-пікірі негізделді.
ДИЛЬТЕЙ
,
 
Вильгельм Дильтей
(1833–1911) — неміс 
арасынан шыққан мәдениет тарихшысы және философ-
идеалист, өмір философиясының өкілі, әдебиеттанушы. 
Психологияның және «рух тарихы» мектебінің негізін 
қалаушы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет