1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет167/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   260
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde

ФЛОРЕНСКИЙ
,
 
Павел Александрович Флоренский
(1882–
1937) — діни философ, энциклопедист-ғалым, «орыстың 
Леонардо да Винчиі». 
Шығармалары:
«Сенім қазығы және 
ақиқат тұжырымы», «Идеализм мағынасы», «Есімдер», 
«Иконотас», «Православиялық теодиция тәжірбиесі» және т.б. 
Біртұтастық білім, болмыстың бірлігі мен гармониясын, 
бүткілбірлік метафизикасын зерделеп софиологияны оның бір 


322 
тармағы ретінде қарастырды. 
ФОХТ
,
 
Карл Фохт
 
(1817–1895) — философ, вульгарлық 
материалист, негізгі кәсібі – дәрігер-жаратылыстанушы. 
Философиялық көзқарасы: 
адамның пайда болуы туралы 
інжілдік ілімді сынады; адамды маймылдың жақын туысы 
деп санады; социализм идеясына мүлде қарсы болды, өйткені 
социализм адамның табиғи жаратылысына жат құбылыс; 
ойлау мен сананы физиологиялық-химиялық процесс, яғни 
«бауыр өтті қалай бөліп шығарса, мида ойды солай 
шығарады» деп санады. 
ФРАНК
,
 
Семен Людвигович Франк
 
(1877–1950) — орыстың 
діни философы және психологы. 1922ж. эмиграцияланған. 
Оның 
философиялық 
жолы 
«заңды 
марксизмнен» 
діниидеализмге, экзистенциализм мен феноменологияға 
дейін созылып жатыр. Оның философиясының негізгі 
тақырыбы – рационалді ойды діни сеніммен ұштастыру; адам 
және оның өмірінің мәні. Ол социализмді қатты сынға алды. 
ФРЕЙД
,
 
Зигмунд (Сигизмунд) Шломо Фрейд
(1856–1939) 
— австриялық психолог, психиатр және невролог, 
психоаналитикалық 
мектептің 
негізін 
қалаушы. 
Шығармалары:
«Түсті 
жору», 
«Күнделікті 
өмірдің 
психопатологиясы», «Психоанализ туралы», т.б. Алғашында 
фрейдизм невроздарды түсіндіретін және емдейтін ілім 
ретінде қалыптасты, кейін келе дау-жанжал жағдайға тап 
болған саналық пен бейсаналық арасындағы қарым-
қатынасты, бейсаналықтың өзіндік заңдылықтары мен әрекетшілдігін 
түсіндіруге бағытталған теорияға айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет