1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет209/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   260
КОММУНИЗМ 

 
К.Маркстің ілімі бойынша жеке меншік және 
жаттанудың барлық түрлері алынып тасталынатын қоғамдық құрылыстың 
болашақ формасы. Коммунизм капиталистік қоғамды алмастыруы тиіс. 
Коммунизм екі кезеңнен тұрады – социализм және нағыз коммунизм. 


358 
КОММУНИКАЦИЯ 
(латынш. – қатынас, байланыс) — қатынас, байланыс, 
хабарлау амалдарының жолдары.
КОМПРОМИСС 
— 
 
өзара түсіну арқылы келетін ымыра немесе пәтуа. 
КОНСТРУКТИВТІК 
— жасампаздық сынау, бәрін «түбіне дейін» жоймай, 
жаңа да ескінің жағымды, позитивтік мазмұнын сақтайтын сын. 
КОНФЛИКТ 
— әр түрлі көзқарастардың арасындағы жанжал, қақтығыс. 
КОНФОРМИЗМ 
(көне лат. – тәрізді, ұқсас, сәйкес) — ықпалы күшті, үлгілі 
стереотипке сынмен қарамай еріп кету, бейімделгіш, пассивті әлеуметтік іс-
әрекет түрі. 
КОНФУЦИЙШЫЛДЫҚ 
— бұл философиялық ағымның пайда болуы және 
қалыптасуы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фу-цзы, оның ізбасарлары 
Мэн-цзы
және 
Сюнь-цзы
ның есімдерімен тығыз байланысты. 
Кун-фу-
цзы
ның ілімінше, ең жоғары жаратушы күш – Аспан, ол жерде әділеттілік 
болуын қадағалап отырады. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, 
рухтың не екенін қайдан білеміз» деуінің өзі осыған айғақ. Басты 
мәселесі

адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселелері. Ал адамгершіліктің 
негізі – «
жэнь
» «ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау», жалпы 
алғанда, үлкендерді сыйлау. Бұл әдептілік қағидасы, бір сөзбен айтқанда, 
«
өзің қаламайтын нәрсені басқа біреуге жасама
» дегенге сайып келеді. 
Аталған әдептілік қағидаларын «текті адамдар» (цзюнь-цзы) ғана 
басшылыққа алып, іс-әрекет жасайды. «Текті адам» тек қана этикалық ұғым 
емес, ол саяси ұғым да. Ол халықты басқарады.
КОНЦЕПТУАЛЬДЫҚ 
(латынш. – ой, көзқарас жүйесі) — ХХғ. 70-80ж.ж. 
Модернизмде қалыптасқан бағыт. Өнердегі оның ерекшелігі – сол өнердегі 
идеяны материалистік тұрғыдан қабылдауды теріске шығарудан тұрады. 
Олар «көркемдік идеяны» (концептуалдық) көрермен санасына схема
диаграмма, таңба арқылы жеткізуге шақырады. Өнердің өз табиғатын ерекше 
көрсету бағытын ұстанады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет