1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


МИФ  — қиял, көне аңыз-әңгіме; яғни, ертедегі адамдардың өздерінің  қоршаған ортасы жайлы таным-түсінігі.  МИФОЛОГИЯ



Pdf көрінісі
бет220/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   260
МИФ 
— қиял, көне аңыз-әңгіме; яғни, ертедегі адамдардың өздерінің 
қоршаған ортасы жайлы таным-түсінігі. 
МИФОЛОГИЯ 
(грекш. «мифос» - аңыз, шежіре, «логос» - сөз, ілім) —
алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қияли-ғажайып, танымдық 
қоғами сана формасы. 
МОДЕЛДЕУ 
(латынш. - өлшем, норма, үлгі) — оригиналдың аналогын 
жасау, оригиналды тану үшін моделді жасау немесе таңдау процесі. 
МОДЕРНИЗМ
(французш. – ең жаңа, қазіргі) — ХІХғ. соңы мен ХХғ. 
ортасында әдебиет пен өнерде, мәдениетте қалыптасқан философиялық–
эстетикалық қозғалыс. 
МОКША 
Атман мен Брахманның қосылуы, қайта туылу дөңгелегінен 
арылу, әдептіліктің дамыған шыңы, одан кейін жанның (карма) эволюциясы 


367 
тоқтайды, мокшаға жеткен жан шексіз өмір тосқалынан азат болып махатма – 
Ұлылық жанға өтеді. 
МОНИЗМ 
(грекш. - жалғыз немесе жалқы) — әлемде бір бастаудың немесе 
субстанцияның болуын мойындайтын философиялық ұстаным. Дуализмге 
және плюрализмге қарама-қарсы қойылады. 
МОРАЛЬ 
(лат. - әдет-ғұрып және әдептілік) — қоғамдық нормалар сферасы, 
жоғары ұстанымдар, мұрат, идеал, адамның мінез-құлық, жүріс-тұрыстарын 
реттеу, қалыптастыру қызметін атқаратын әлеуметтік институт, қоғамдық 
сананың бір формасы. 
МӨЛШЕР 
— Пифагордың және оның ізбасарларының философиясындағы 
барша болмыстың бастауы мен себебі. Платон және жаңа платоншылар 
санды болмыстың ұйымдастырушы қағидаты деп есептеген. 
МУАЛЛИМ-ВАТ-ТАЛИБ 
— Ұстаз-Шәкірт - мәні жеке рухани-
адамгершілік тәжірибиесін хабарлау болып табылатын исламдық білім 
берудің сұхбаттық белгісі. Білім беру практикасында «мактаб», «медресе» 
Ұстаз бен Шәкірттің тұлғааралық қатынасы Құдаймен Ұлы байланысқа 
бейімділікті дамытты. Олар ілімнің мәні болып табылатын Шәкіртте рухани 
және дене күшін қалыптастырды. Бұл қатынастар жеке қатынастар мен 
тұлғалық қатынастар формасында ерекше болып табылатын ұрпақтар 
байланысын көрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет