194
120 - кесте
ДІНМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ПРОГРЕССИВТІК ЖӘНЕ
РЕГРЕССИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК, САЯСИ-МӘДЕНИ КӨРІНІСТЕР
_________________________________________________________
ДІН (РЕЛИГИЯ)
Моральдің қалыптасуы
Діндес адамдардың бірігуі
Мемлекеттің нығаюы
Догматизм және инерттілік
Бір дінді ұстанушылардың және
әр түрлі діндердің бір-бірінен
алшақтауы
Фанатизм
Білімнің түрлі салаларының
дамуы
Кеңінен білім алуға және
ғылымға қарсы тұруы
ПРОГРЕССИВТІК
КӨРІНІСТЕР:
РЕГРЕССИВТІК
КӨРІНІСТЕР:
Халыққа әлеуметтік
көмек беру
Адамға психологиялық көмек
Қоғамды тұрақтандыру
Діни соғыстар
Тұлғаны психологиялық
тұншықтыру
Өмірге деген пассивті қатынас,
адамның және қоғамның
тағдырын алдын-ала болжауды
қалыптастыру
195
Қосымша сұрақтар:
Дін (религия)
–
дегеніміз не?
Діннің қазіргі қоғамда алар орны.
Қазақ Елінің Ата-Заңында дін туралы не айтылған?
Діннің адамның рухани өміріндегі алар орны немен анықталады?
Діннің адам баласын біріктірудегі рөлі қандай?
Діни сана
–
дегеніміз не?, оны қайдан көруге болады?
Нақыл сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп беріңіз!
Бүкіл дүниені жарату бір уақытта болған, Құдай барлығының
мөлшерін, салмағын және тәртібін өлшеп қойған (А.Августин).
Құдайшылық – жүректе. Қалпыңды таза сақта! (Абай).
Жоқтаудың ортақ сипаты – Тәңіріге жалбарыну (Ш.Уәлиханов).
Дін мен ғылым – толық таным актісінің
өзара тығыз байланысты екі
жағы (П.Т.де Шарден).
Ұлы діндердің қай-қайсысы да адамды материядан биікке көтеруді
мұрат тұтады (П.Т.де Шарден).
Құдайға сену – өмірдің мәні туралы мәселені түсіну деген сөз. Құдайға
сену – дүние деректерінен басқа бірдеңелер бар деген сөз. Құдайға сену
– өмірдің мәні болатындығын білу деген сөз. Екі әулием бар: дүние
және менің ешкімге тәуелсіз өз «менім». Мен не бақытты, не бақытсыз
ғана бола аламын: бар болғаны осы ғана. Жақсылық дегендер жоқ десе
де болады (Л.Витгенштейн).
Актер – Құдай емес, «қарсы – Құдай» болуы ықтимал (Ж.Делез).
Ғылымдағы дәлдік пен ғылыми тілдегі дәлдік терминнің дәлдігіне
байланысты деп ойлау соқыр сенімге жатады (К.Поппер).
Қытай діні үшін уақыт дегеніміз – бір нәрсені бірнеше мәрте шексіз
қайталау (А.Лосев).
Қайталауға арналған тест сұрақтары:
1.
Тәңірілік (Тенгрианство) деген:
ертедегі түркілердің дүниетанымы
әрі ұстанған діні
.
2.
Дүниежүзілік діндердің қатарына мыналар жатады:
буддизм,
христиан және ислам
;
3.
Ұлттық сипаты басым діндер:
индуизм, иудаизм және синтоизм
;
196
7 - БӨЛІМ
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ
Оқу құралының жетінші бөлімінде әлеуметтік философияның маңызды
деген мәселелері мен сауалдары жайлы айтылады. Әсіресе, қоғам өмірінің
басты
салалары мен сипаттары, қоғамның құрылымы мен қоғамдық-
экономикалық формациялары, өркениет типтері мен теориялары, әлеуметтік
өмірдің реттегіш-регуляторлары және адам құндылықтарының түрлері,
мемлекет және азаматтық қоғам жайлы кеңірек қамтылған. Оған қосымша
оқу материалы ретінде 8, 9, 10 - бөлімдер ұсынылған.
Сондай-ақ, қоғамдық қатынастардың және әлеуметтік-тарихи дамудың
белгілі философиялық аспектілері қарастырылады.