270
философиялық
ілім деп санады; және де бірізділікті «социал-дарвинизм»,
яғни жануарлардың тіршілік заңдылықтары мен қатынастарын адам мен
қоғам өміріне механикалық түрде тели салатын ағым өкілі болды.
ВАЛЬЗЕР
,
Роберт Вальзер
(1878–1956) —
швейцариялық
философ-жазушы. Алғашқы философиялық шығармаларын
1896
жылдан бастап жаза бастаған, бірінші дүниежүзілік
соғысқа қатысушы.
Шығармалары:
«Таннерлер отбасы»
(1906), «Жәрдемші» және «Роза» романдарының, «Фриц
Кохердің жазбалары» (1905), «Сейіл» (1917) және т.б. да
бірнеше эсселер мен әңгімелер жинақтарының авторы.
ВАЛЛА
,
Лоренцо
Валла
(1507–1557) —
итальяндық
гуманист,
тарихи-филологиялық
сын-критиканың
көшбасшысы, тарихи
эрудиттер мектебі
нің өкілі.
Өз
идеяларын
эпикуреизм
рухында
қорғады
және
қалыптастырды. «Ақиқаттық игілік тұрғысындағы ләззаттану
туралы» деген трактаттың авторы. Ол шіркеуді, аскетизмді
терістеді, схоластиканы жасандылығы үшін сынады, адам
мүмкіншілігі
мен парасатына сенді, ең жоғарғы игілік деп ләззаттануды
ұғынды.
Достарыңызбен бөлісу: