1 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


 Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар) тізімі



Pdf көрінісі
бет5/25
Дата15.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#123455
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
мат сауаттылық силлабус

2.1 Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар) тізімі 
16 
МШ – Математика в школе (журнал); 
17 
Приложение «Математика» к газете «Первое сентября», с 2016 г. 
2.2 Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары тізімі 
18 
Кервенев Қ.Е., Ахманова Д.М., Қосыбаева Ү.А., Шаматаева Н.К., 
Хавдолда С. Математикалық сауаттылық. Электронды оқу құралы, 
2021. 
 
2.3 Интернет көздері 



19 
www.obrasovanie.ru 
20 
www.znanie.ksu.kz 
 
8. Лекциялық кешен (лекция тезисі):
№1 лекция тақырыбы. Математиканы оқытудағы есеп 
шығарудың орны мен ролі
 
Математика ғылым ретінде есептен пайда болған және есеп 
арқылы дамиды.
Мектеп математикасын есепсіз құру мүмкін емес. 
Математикалық есеп оқушылардың ұғымдарды, теорияны 
және 
математика 
әдістерін 
меңгерудің 
тиімді 
де, 
айырбасталмайтын құралы болып табылады. Оқушылардың 
ойлау қабылеттерін дамытуда, оларды тәрбиелеуде, біліктіліктері 
мен дағдыларының қалыптасуында, математиканың практикамен 
байланысын көрсетуде есептің алатын орны өте зор. 
Қазақстан республикасының білім туралы заңында «Бiлiм 
беру қызметi - бiлiм беру субъектiлерiнiң мақсатты, педагогтiк 
негiзделген, дәйектi өзара iс-қимылы барысында жеке адамды 
оқыту, дамыту және тәрбиелеу мiндеттерi шешiлетiн процесс» 
делп тұжырымдалған. 
Математиканы оқытудағы басты мақсаттарға жетуге есеп – 
басты қызметші болып табылады. Сондықтан математика 
сабақтарының жарты уақыты есеп шығаруға арналады. 
«Есеп» ұғымын анықтауда ғалымдар арасында бірнеше 
көзқарастар болған. «Есеп дегеніміз не?» деген сұраққа белгілі 
әдіскер В. М. Брадис былай дейді: «Есеп деп өтілген курстан 
қандай да бір анықтаманы, текстіні немесе теоремалардың 
дәлелдеуін, аксиомалар немесе ережелердің тұжырымдалуын жай 
ғана қайталап келтіру, оған жауап беруге жеткіліксіз болатын кез 
келген математикалық сұрақты айтамыз». 
Осыған 
жақынанықтамаларды 
талдай 
отырып, 
математиканы 
оқытуға 
арналған 
есептерге 
әдіскер 
Б.Б.Баймұханов мынадай анықтама берген: «Математикалық 
есеп 
де
геніміз —математикадағы заңдылықтар, ережелер және әдіс-
тәсілдер негізінде оқушылардан ой мен практикалық іс-әрекетті 
талап ететін және математикалық білімдерді меңгеруге, оларды 



практикада қолдана білуге дағдыландыруға, ойлау қабілетін 
дамытуға бағытталған ситуация». 
Есептің негізгі міндеттері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту және 
бақылау болып табылады. Барлық есептер оқыту міндетін 
орындайды. Басқаша айтқанда, кез келген есепті шығарғанда 
оқушы математикалық білім алады, шығару біліктілігі 
қалыптасады, дағдыға ие болады, яғни математикалық білім 
деңгейі жоғарылайды. Көбінесе әр есеп өзінің мазмұны арқылы 
тәрбиелік міндетін атқарады. Оқушыларды есеп мазмұны арқылы 
ғана тәрбиелеп қоймай, оларды есеп шығаруға үйретуде 
тәрбиелеу болып саналады. Есеп шығару оқушылардың сөйлеу 
мәдениетіне, мінез-құлқының қалыптасуына, табандылыққа, 
шыншылдыққа, бастаған істі аяғына дейін жеткізу, қиындықты 
жеңе білу сияқты қасиеттерінің тәрбиеленуіне ықпалын тигізетіні 
аян. 
Есеп оқушылардың логикалық ойлау, кеңістікті елестету, 
жеке бас қабілеттерін дамытуға бірден-бір себепші болатын 
басты құрал болып табылады. Оқушылардың білімін, біліктілігін 
және дағдысын анықтауды бақылау міндеттері де көбінесе есепке 
жүктеледі. 
Оқыту процесінде есеп шығаруға оқушылады үйретуді 
мақсат десек, ал белгілі бір типтегі есептердің шығарылуын 
қарастыру қандай да бір математикалық материалды меңгеруге 
әсерін тигізетін әдіс болып табылады. Сондықтан оқыту 
барысында оқушыларды есеп шығаруға үйретуге көп көңіл 
бөлінеді. 
Математика курсын оқыту барысында шығарылатын 
есептерді тиімді пайдалану оқушылардың математикалық 
білімдер жүйесін, ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырудың 
маңызды құралы. Математикаға оқыту процесінде оқу іс-
әрекетінің басымды формасы, олардың математикалық даму 
құралы болып табылады. 
Ойластырылған жүйеде ұсынылған математикалық есептерді 
шығара отырып, оқушылардың математика курсының мазмұнын 
меңгеріп қана қоймай, сондай-ақ шығармашылық тұрғыдан ойлау 
ептілігіне ие болады. Бұл мысалға, қандай да бір әдістің 
қолданылуына жағдай жасау ептілігінен, есептер шығару үшін 
жаңа тәсілдер ойлап табу ептілігінен, пайдалы ақпаратты 


10 
жинақтау ептілігінен, өз-өзіне бақылау жүргізу, есептің 
нәтижесін зерттеу ептілігінен байқалады. 
Әрбір есеп бірнеше мақсаттарға жетуге арналады: 
әдістемелік оқыту, дидактикалық мақсаттары. 
Мазмұнды есептерді шығару мақсаттары жайлы мәселе 
математикаға үйрету әдістемесіндегі ортақ мәселе болып 
табылады. Уақыт өте келе бұл мақсаттар айтарлықтай түрленіп 
өзгерген. Осылайша, шамамен XIX ғасырға дейін есептерді 
шығару мақсаттары тек практикалық тұрғыдан қарастырылған: 
өмірлік тәжірбиеде жиі кездесетін есептерді шығаруға үйрету, 
одан кейін бұл мақсаттар кеңейіп, есептер маңызды білім беру 
және әдістемелік құрал ретінде пайдаланыла бастаған. Әйгілі 
орыс ғалымы В.А.Евтушевский (1836-1888 ж. ж.) арифметика 
курсындағы есептерді шығарудың төмендегі 3 мақсаттарын 
көрсетті: 
1.
Оқушылардың ойлау дағдысын жаттықтыру; 
2.
Жеке тәжірбиелік мәселелерді шешу үшін математикалық 
ережелерді шығару; 
3.
Осы ережелерге қосымша мысалдар келтіру. 
Осыған ұқсас мақсаттар математикаға үйрету әдістемесі 
бойынша оқу құралдарында беріледі. Осылайша, С.Е. Ляпин 
«Методика преподавания математики» оқу құралдарында былай 
делінген: «Есептерді шығару жолымен түрлі арифметикалық 
түсініктер қалыптасады, түрлі арифметикалық жағдайлар 
сараланады. Есеп көбінесе кейбір теориялық ережелерді 
шығаруда негіз болып табылады. Есептер оқушылардың сөзін 
байытып, дамуына ықпал етеді. Әсіресе, есептердің оқушылардың 
логикалық ойлауын дамыту құралы ретінде алатын ролі зор.»
Есептерді 
шығарудың 
дидактикалық 
мақсаттардың 
математикадағы оқытудағы есептердің ролін анықтайды. 
Математикалық есептерді оқыту ролін оқушыларды математика 
және оның нақты пәндері бойынша білім, ептілік және дағдылар 
жүйесін қалыптастыру барысында атқарады. А.Л.Блох және 
Е.С.Канин математиканы оқыту әдістемесі бойынша жазған 
оқулықтарында есептердің бірнеше түрін бөліп көрсетті. Олар: 
1.
Математикалық символиканы меңгеруге қатысты есептер. 
2.
Дәлелдемелерге үйретуге қатысты есептер. 
3.
Математикалық түсініктерді меңгеруге қатысты есептер. 


11 
4.
Математикалық 
ептіліктер 
мен 
дағдыларды 
қалыптастыратын есептер. 
5.
Жаңа математикалық дәйектерге оқытатын есептер. 
Математиканы оқыту тәжірбиесінде есептерді мектептік 
білім берудегі ролі мен орны жайлы айта отырып, есептерді 
шығарудың 
тек 
оқыту 
аспектісін 
ғана 
қарастырады. 
Математикаға оқытудағы есептерді қолданудың әдістемелік 
тәсілдерін талдау математикалық есептердің белгілі типтерін 
шығару әлі күнге дейін математикаға оқытудың локальды 
мақсаты ретінде, оқушылардың бағдарламалық материалды 
саналы меңгеру құралы ретінде қарастырылады. Тек жекелеген 
жағдайларда ғана есептер мақсаты математикалық даму, 
оқушының математикалық қабілеттіліктерін дамыту, тұлғаның 
мінез-құлықтық қасиеттерін қалыптастыру құралы ретінде 
қарастырылады. 
Осылайша, 
тәрбиелеу, 
тәжірибедегі 
оқушылардың 
математикалық 
дамуын 
қалыптастыру 
жүйесіндегі 
математикалық есептің алатын ролі мен орнына көмекші, 
қосымша мағынаны береді. Нәтижесі 
есептерді нақты 
математикалық білімдерді бақылау және бағалау процесінде анық 
байқалады. 
Сонымен 
қатар, 
мектептік 
білім 
берудегі 
математикалық есептің маңыздылығы есептердің мектептік 
математикалық білім берудің барлық жүйесіндегі орны мен ролін 
анықтағанда ғана ашылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет