1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Дәріс № 6. Тақырыбы:ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші



Pdf көрінісі
бет31/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Дәріс № 6. Тақырыбы:ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші 
жартысындағы дворяндық-мемлекеттік педагогика
Жоспар: 
1.
Ресейдегі мектепке дейінгі педагогиканың дамуы 
2.
М.В.Ломоносовтың мектепке дейінгі тәрбие туралы педагогикалық 
көзқарасы 
3.
И.И.Бецкийдің педагогикалық көзқарасы 
4.
Н.И.Новикованың педагогикалық көзқарасы 
5.
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдегі тәрбие үйлері
6.
А.Н. Радищевтің педагогикалық көзқарасы 
7.
В.Ф.Одоевскийдің педагогикалық көзқарасы 
1. Ресейдегі мектепке дейінгі педагогиканың дамуы. 
Ертедегі 
славяндар барлық халықтар сияқты өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелей 
отырып, оларды қауымдастық өмірге дайындады. Оларға диқаншылық өмірге 
дайындайды, кейіннен қол өнер дағдысын береді. Балаларды еңбекпен 
шұғылдандыра отырып, оларды қайраттылыққа, төзімділікке тәрбиеледі және 
әкелері ұл балаларын әскер ісіне дайындады. Ең соңында кәмелет жасына 
толған балаларына әкелері садақ пен жебе беретін ғұрыптар болды. 
Отбасыларында және тайпалық қауымдарда балаларды сонымен бірге 
өнегелілікке тәрбиелейді, салт-дәстүрді орындауға үйретті, тіл құдайларына 
табындыру, қауымның үлкен мүшелеріне көнуге, ұрпақтарға құрмет 
көрсетуге үйретті. Біздің халқымызда балаларды имандылыққа тәрбиелеуде 
оның бай ауызша шығармашылықтың, яғни ертегілер, өлеңдер, қиссалардың 
орны зор. Ұрпақтан-ұрпаққа ауызша бере отырып, олар балаларды өмірлік 
құбылыстармен таныстырады және отбасылық қоғамның қарым-қатынас 
туралы түсініктерін қалыптастырады. Ертегілер, қиссалар балалардың 
еңбекке деген сүйіспеншіліктерін тудырды, отанына деген махаббатын 
тәрбиеледі және адамдар мен табиғатқа мейірімділікпен қарауға тәрбиеледі. 
ІХ ғасырда Шығыс Еуропаның шекарасында қуатты Киев мемлекеті 
пайда болды және феодалдық қатар құрылды. Х ғасырдың аяғында бұның 
ханына ресми мемлекеттік дін – христиандық – оған себеп болды. 
Хан мен шіркеу халық арасында әр түрлі дін салаларынан алынған 
педагогикалық мінездемелер мен бабтар жазылған жинақтарды тарата 
бастады. Балалардың құдайға деген қорқыныш сезімін тәрбиелеу және 
үлкендер мен басшылардың бұйрықтарына бас июге шақырды. Балалар 
тәрбиесінің негізгі құралы болып, оның кіші жастан бастап діни христиандық 
рәсімдерді жасауы, дұғаларды жаттығуы және ораза ұстауы жатты. 
Католиктік дінде адам табиғаты күнәлі деген сияқты, православиялық діннің 
әулиелері айтқанындай – физикалық жазалау тәрбиесіне өзін құдайға арнау, 
моностырларға кету және өзін өзі ораза ұстаумен, дұға оқумен шаршату 
жатады. 
Хандар өз балаларын болашақ мемлекетті билейтін, әскерлік 
қарсыластарынан жеңісті ұйымдастыра білетін, өктемшіл халықты басқара 
білуге және халықтардың бекітілген тәртіпті сақтауын бақылай білетін адам 


64 
шыққанын қажет етті. Владимир Монахтың балаларға арналған 
ғибратнамасы бірінші кезекте өзінің орнын табуы табиғи. Сонымен бірге 
«Ғибратнама...» мәдениеттің жоғарғы деңгейін дәлелдейтін және Киев 
мемлекетінің қалыптасу кезеңіндегі Рустегі педагогикалық ойлардың 
дамуының керемет ескерткіші болып табылады. 
ХІІІ ғасырда орыс хандығы манғол-татар хандығына бағынышты екі 
жүзжылдықтан ауыр халге түсті. Ежелгі орыс халықтарын жаулап алып, оны 
құлатып, жойды. Бұл кітапхана, мектеп, кітап және көптеген мәдени 
құндылықтардан айрылуға әкелді. 
Археологиялық қазбаларға қарағанда, тіпті қиын кезеңдерде де орыс 
мәдениетінің дами бергені, халық арасындағы сауаттылық кең жайылғаны 
көрінеді, әсіресе шапқыншылыққа ұшырамаған немесе қатты ойсырамаған 
солтүстік хандықта, мысалы: Новгород жерінде Творск және Владимир 
хандығында және нығая бастаған Мәскеу хандығында. 
Халыққа 
сауаттылықты 
танытумен 
айналысқан 
адамдарды 
«сауаттылықтың шеберлері» деп те атайды. Әдетте бұларға сауаттылықты 
үйрету, олардың негізгі мамандықтарына айналған адамдар жатады. 
«Сауаттылықтың шеберлері» оқитын балалардың әкесімен немесе 
туыстарымен келісе отырып, оларды өз үйлерінде немесе оқушылардың 
үйінді оқытады. Кей жағдайда шеберлерде бір мезгілде бірнеше балаларды 
оқытуда жүреді, осылайша кішігірім мектеп жасалынады. Балаларды әріп 
тануға, есепке үйретті және халықтық шығармашылықты да қолданды.
Барлық оқыту латын тілінде өтетін Батыс Еуропаға қарағанда, Русте 
сауаттылыққа үйрету шіркеусловяндық тілде жүргізіледі, бұл тіл оқушының 
қарым-қатынас тіліне жақын келеді. 
Мәскеу айналасында орыс хандықтары саясаттың бірігуінен орыстардың 
орталықтанған мемлекеттің қалалық тауарлық-ақшалық қарым-қатынасының 
дамуын күшейтуіне және Русь кәсіпшілігі мен өзгерісінің, мәдениеті мен 
ағартушылық дамуына әкелді. ХV-ХVІ ғ.ғ. Мәскеуде керемет суретшілерінің 
қолжазбалары қалған қабырғаларды көрнекті сәулетшілер қоршады. 
Монастырларда және хан сарайларында кітапсақтау орындары ашыла 
бастады, шіркеу славяндық тілге аударылған гректің кітаптарын көшірді. 
ХVІ ғасырда Мәскеуде кітапбаспасы ашылды, онда көптеген кітаптар 
басылды, соның ішінде оқытушы кітаптар да жазылды. Мектептер ашыла 
бастады. 
Русьтегі отбасылық тәрбиенің бағыттары мен сипаттамалары бұл кезеңде 
отбасы тұрмысына қатысты бірнеше жинақтарға түсініктеме береді, мысалы, 
«Үй құру» жинағы. Бұл жинақта көбіне көңіл балалардың тәрбиесіне 
бөлінеді. «Үй құру» жинағы отбасын қоршаған әлемнен ерекшелей отырып, 
үй адамдарымен қатты қарым-қатынаста болу формасын ұсынды. Балаларда 
құдайға деген сүйіспеншілік, одан қорқыныш сезімі және шіркеу адамдары 
мен үлкендерді құрметтеу мен тыңдауларын тәрбиелеу талап етілді. Бұл 
кеңестер «Әр түрлі жазалау мен құдайдан қорқу арқылы балаларды қалай 
тәрбиелеуге болады» деп аталатын ерекше тарауда мазмұндалады. Мұнда 
балаларды түрлі үй жұмыстары мен кәсіптерге мәдениеттілікпен қарауға 


65 
үйрету және қыз балаларды аналары, ал ұл балаларды әкелері тәрбиелеуге 
кепілдеме берілген. 
Басып жаншу кезеңінде Киевтік Русь манғол-татар хандарымен батыс 
және оңтүстік-батыс орыс хандықтары Литваға тәуелді болды, ал ХІV 
ғасырдың соңында біріккен Польша-Литвалық мемлекеттердің құрамына 
кірді. Польшалық хандар белорусьтар мен украиндарды аяусыз қанап, 
оларды еріксіз католиктік дінге кіргізуге тырысты және қаһарлы 
православтарды аңдыды. Бұл мүмкіндіктер отарлауға қарсы мақсатта 
күресуші 
және 
католиктік 
шіркеулердің 
ерекше 
діни-ұлттық 
туыстастықтары, польшалық католиктік мектептерге қарсы шығатын 
туыстық мектебін ашты. Олар жарлық негізінде және «Мектептік тәртіп» деп 
аталатын бағдарлама негізінде жұмыс істеп жүрген украиндар мен 
белорусьтар мәдени және ұлттық құлдықтандыруға тап болды. 
Жарлықта оқытушылардың демократияшыл болуы, оқушыларды бай 
немесе қоғамдық жағдайдағы: бай, кедей, жетім деп араларын бөлушылык 
болмасын делінген. Сонымен бірге мұғалімге балаларға адамгершілікпен, 
ықыласпен қарап, жазалау кезінде «езушілікпен емес, қамқоршылықпен, 
шектен тыс шықпай, тыныш және қысқаша» ережелерді сақтауы керек. 
Туыстасық мектептерінде оқу жұмысын ұйымдастыру жоғары деңгейде 
болды, үй жұмысына ойдан шығарылған әдістеме қолданылды, мектепте 
мұғалім, ал үйде ата-аналар оқушының білімін тексеруге және өткенді 
қайталауларына көп көңіл бөлді. Мектепте білім деңгейлері бірдей 
оқушыларды оқыту жекеше түрде емес, тұтас топпен жүргізілді. Украина мен 
Белоруссияның туыстастық мектептерінде сыныптық-оқыту жүйесі туды 
және біртіндеп тәжірибеде қолданыла бастады. 
ХVІІ ғасырдың екінші жартысында әсіресе Мәскеуде жоғары білім 
беретін мектептер саны көбейді. Жаңа грек-латын мектептері ашылды және 
сауаттылыққа, шіркеуславян және грек тілдерінде, риторика мен 
математиканы оқытатын «сауаттылық мектептері» деп аталатын мектептер 
ашылды. 
1687 жылы Мәскеуде славян-грек-латын академиясы ашылды. 
Академияның көптеген оқушылары оқулықтардың авторлары және академия 
мен басқа да мектептердің мұғалімдері болды, ал ХVІІІ ғасырда петров 
ағартушылар реформасының белсенді қатысушылары болды. Академияда 
ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында Леонтий Магницкийдің орыс 
мектептерінде қолданған арифметикалық білім алды. Осында орыстың ұлы 
оқымыстысы М.В.Ломоносов және Мәскеу университетінің алғашқы 
профессорлары және басқа да орыс мәдениетінің ірі қайраткерлері оқыған. 
Ғылымның дамуы, білімді адамдардың санының көбеюі, баспаханалардан 
оқу әдебиеттірінің шығуы көріне бастады. Оның көбеюі жетіле және ол әр 
түрлілене түсті. Үлкен тиражда әліппелер мен мектепте және үйде балаларға 
оқытатын кітаптар және т.б. оқулықтар шықты. Василий Бурцеваның осы 
кезде бірнеше рет басылып, кең таралған әліппесі қолданыс тапты. Ол ішінде 
әріп, сандар және септеу мен жіктеу үлгілері берілген әліппеден басталады. 
Одан кейін ішінде әдет-ғұрып, уағыз, қасиетті жазбалардағы әңгімелер, 


66 
әртүрлі нақыл сөздер және т.б. жазылған әліппе жалғасты. Кей әліппедерде 
мақал-мәтелдер, жаңылтпащтар және іс қағаздарының формалары мен сұрақ-
жауап жазылған. Оқытуға арналған және үйдегі балалар оқитын ойын 
қағаздары мен кітаптары да шықты. Мұнда географиядан, тарихтан және 
табиғат құбылыстарын бейнелейтін суреттер, тұрмыстық жағдайлар мен әр 
түрлі елдердегі халықтардың шұғылданатын істері көрсетілген. 
ХVІІ ғасырдың екінші жартысында Епифаний Славинецкийдің 
«Гражданство обычаев детских» деп аталатын керемет педагогикалық 
құрылды. Мұнда қоғамдағы үлкендер, құрдастар арасындағы қарым-қатынас
ережелері жазылған. Бұл ережелер сонымен қатар сәбилердің қылықтары мен 
жеткіншектердің – бет әпеттернің, мимикасының, шашының және тісінің 
күтіміне де қатысты, келесі тарауларында балалардың шіркеуде, тамақ 
үстінде, кездесулерде, оқу училищелерінде өзін-өзі ұстауы және қалай 
ұйқыға жатып, тұру туралы айтылған және жинақта «Ойын туралы» деп 
аталатын арнайы тарауы бар. 
Епифаний Савинецкийдің кеңестері сол заманның психологиясына 
негізделген. Олар балаға махаббат қарым-қатынасына бойлайды. Сонымен 
қоса бұл кітапта физикалық дамудың, денсаулықты күшейтудің және 
сергектік көңіл-күйді сақтауға себеп болатын көптеген құнды гигиеналық 
ережелер мазмұндалған. Баланың имандылық қылықтарын айта келе, 
Епифаний Славинецкий баланың сыртқы қылықтары оның ішкі жан 
дүниесінің сапаларының көрінісі деп ерекшеледі.
ХVІІІ ғасырдың басында Орыс мектептерінің жедел дамуы жүріп жатты. 
Бұл кезеңде Петр І басқаруымен хандық кезеңнен қалған Ресейдің әйгілі 
артта қалушылығын жеңу мақсатына бағытталған шаруашылық, саяси, 
әскери, администратуралық және мәдени шаралар жүргізілді. 
ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында дінге қатысы жоқ аударылған және 
түп нұсқалы ғылыми әдебиеттер көптеп таралды, кітаптар басылып жатқан 
азаматтық жаңа алфавит құрылды. 
1701 жылы Мәскеуде Сухарев ғимаратында математикалық және су 
жолы ғылымының мектебі ашылды. Мұнда арифметика, алгебра, 
тригонометрия және одан басқа арнайы ғылымдар: су жолының ашылуын – 
теңіз мамандары үшін, әскери керекті инженерлер үшін оқытты және 
астрономия, география ғылымдары туралы білімдер берілді. Бұл мектеп 
алдыңғы орыс оқу орындарынан ерекшеленді, негізгі пәндер болып діни 
жазбалар емес, дінге қатысы жоқ ғылымдар жатты. Оқушылар саны мектепте 
шамамен 200-300 адам басына жетті. Олар қоғамдық төменгі топтың: әскер, 
отырған адамдардың, құлиеленушілердің балалары болды. Қарапайым 
адамдардың балалары өз еріктерімен оқуға келсе, бай балалары зорлықпен 
келіп отырды. Мектептің мәдениетті адамдарының бірі, математика бойынша 
жетекшілік ететін «Арифметика, сиречь наука числительная» оқулығының 
авторы Леонтий Магницкий болды. Ол көптеген керемет мамандарды 
даярлайды, мысалы: математиктер, су ісі қызметкерлері, артиллерия 
қызметкерлері, 
мұғалімдер 
және 
оқулық 
құрушылар. 
Мәскеулік 
математиканың және су жолы ашылу ғылымы мектебі ХVІІІ ғасырда 


67 
ашылған артиллериялық, су жолы, таулы және «сандық мектеп» деп 
аталатын Еуропаның діни емес училищелеріне үлгі ретінде болды. 
1715 жылы Петербургке ауысып келген теңізшілер сыныбы мектебінің 
негізінде Теңіз академиясы ашылды. 
1725 жылы Петербургте университет және гимназиямен ғылымдар 
Академиясы ашылды. Ол ғылымның дамуында үлкен роль атқарды, ал оның 
оқу орындары сауатты адамдарды даярлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет