7
ғылымды оқымаулары керек» деп есептеді. Ол тәрбиелеуде өлеңдер мен
билеуге үлкен орын қойды.
Платон «Мемлекетте» ерте жастан балаларды қоғамдық тәрбиелеу ойын
дамытты және оларды ұйымдастыруының нақты жүйесін ұсынды. Қаланың
немесе ауылдың жастан 6 жасқа дейінгі балалардың ойынға арналған ерекше
орындарға жинау керек. Сонымен бірге заң қарауылдарымен тағайындалатын
әйелдер балалардың ойындарына жетекшілік етіп, ереже сақтауларына
бақылау жүргізулері керек. 6 жастан 12 жасқа дейіінгі балалар мемлекеттік
мектептерде оқуға, жазуға, санауға және ән айту мен түрлі музыкалық
аспаптарда ойнауға үйренеді. 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар басты
назарды жан-жақты физикалық тәрбиелеуге бөлетін палестраға барады. 16
жастан бастап бозбалалар тәжірибелік мақсатпен арифметика, геометрия,
астрономиямен танысаты (алғашқы әскери дайындық). 18-20 жас
аралықтарында балалар эфибияда арнайы әскери-физикалық дайындық
алады. Осы кезең өздерінің мүмкіндіктерінше әскер, қолөнершісі, егінші
және саудагер сатыларда қалуларымен аяқталады. Тек ақылды адамдар бөлігі
ғана 30 жасқа дейінгі философиялық білім алады; геометрия, арифметика,
астрономия және музыка теорияларын оқи отырып, ойлау қабілетін
дамытады және мемлекеттік іске дайындалады. Осы топтың ішінде
ерекшеленген ең мықтылары өздерінің білімдерін интеллектуалдық
қатынаста жалғастырады, философияны толық меңгергеннен кейін мемлекет
басшылары болады.
Әйелдер тәрбиесін Спартадағыдай болуы керек деп есептеді. Құлдардың
балалары білім алуға жіберілмейді.
Көріп отырғанымыздай, Платонның көзқарасы бойынша, құлиеленушілер
мен ерікті азаматтардың балалары бәрінен бұрын білім алулары керек.
Тәрбие оларды нақты әлеуметтік қызметтерді орындау мен мемлекетті
басқаруға дайындауы тиіс.
Платон кішкентай балаларды тәрбиелеу жүйесінің сұрақтарын
қарастырады, бұл мектепке дейінгі тәрбие теориялық дамуын да маңызды
орын алды.
Достарыңызбен бөлісу: