1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет5/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Аристотельдің педагогикалық теориясы. 
Аристотель Платонның шәкірті 
бола тұрып, оның әлемнің ойлау және заттар әлеміне бөлетін көзқарасына 
қарсы келді. Обьективті идеалистік ұстанымда қала отырып, ол 
материалистік жағдайлар қатарын жасады. 
Аристотель әлемнің бірлігін, ойлаудың заттар мен ең заттардан 
бөлінбейтінін және заттар бірлігі мен формаларын мойындады. 
Аристотельдің пікірінше, ойды формаға ұқсастыруға болады. Әрбір заттар 
материя мен форманың бірлігі, мысалы: мыс – зат, ал мысты дөңгелек – 
белгілі бір формадағы құрал. Дәл осылайша, форма сияқты бір біріне 
қатысты. Аристотель әлемді әрдайым дамып отыратын, сапалы өзгеретін 
және өзгеру процесі ішкі даму сияқты сыртқы күштің әсеріне ықпал етпейді 
деп есептеді. Сонымен қоса, Аристотель рухтың үш түрлі жағы туралы 
айтқан: тамақтану және көбею кезінде пайда болатын - өсімдік; түйсіну мен 



мүддеден туатын – жануар; ойлау мен тану қасиеттілігі және өсімдіктер мен 
жануарларды өзіне бағындыра алатын – парасат. 
Аристотель тәрбиенің үш жағын белгілеген – физикалық, мінез-құлық 
және ақыл-ой, бұлардың үшеуі бір бүтінді құрайды. 
Аристотель табиғатпен тығыз байланысты рухтың бар жағының 
гармониялық дамуындағы тәрбие мақсатын көрген, бірақ жоғары жақтың – 
парасаттылық пен еріктіліктің дамуын маңызды деп есептеді. Осылайша, ол 
табиғатқа еру мен физикалық, мінез-құлық, ақыл-ойды байланыстыру және 
баланың жас ерекшеліктерін ескеруді қажет деді. 
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге Аристотель үлкен көңіл 
аударды «Балаларға үйретуге болатын барлығына туылғаннан бастап 
үйреткені дұрыс» - деп айтты және 7 жасқа дейінгі балалар отбасында 
тәрбиеленулері керек деп дәлелдеді. Өзінің табиғипайымдаушылық 
принципіне сүйене отырып, Аристотель мектеп дейінгі жасқа жалпы 
сипаттама берді. Балаларда 7 жасқа дейінгі өсімдікті өмір болғандықтан, ең 
бірінші оның ағзаларын дамыту керек. Кішкентайлар үшін – тамақтану, 
қозғалыс және шынығу маңызды. Балалар жастарына сәйкес орындар 
ойнаулары керек; оларға әңгіме мен ертегілер (басшылардың рұқсат 
етілгендері) тыңдаған пайдалы және балалардың тілін дамыту маңызды. Ата-
аналары оларды 5 жасқа дейін мектепке дайындау керек. 
7 жастағы ұл балалар мемлекеттік мектептерге ауысады (философтың 
пікірінше, әйелдерге еркектердігі сияқты білімнің керегі жоқ). Мектептер 
жеке болмай, мектептік болғаны дұрыс, себебі азаматтардың тәрбиесі – 
мемлекеттің күтімі: «Барлық азаматтарды өз-өзімен деп санау дұрыс емес, 
керісінше барлық азаматтар мемлекеттің бір бөлігі болып саналады. Ал осы 
бөліктерге күтім жасау маңызды». Балалар мектептерде физикалық 
тәрбиелетін гимнастика мұғаліміне түседі. Сонымен қоса балалар мектепте 
оқуға, жазуға, сурет салуға және музыкаға оқытылады. 
Одан үлкенірек жастағы бозбалалар әдебиетке, тарихи, философиялық, 
математика және астрономиялық білім алады. Аристотель музыканы 
тәрбиелеу құралы, эстетикалық және әдептілікті дамытуда үлкен орын алады 
деп есептеді. 
Балаларды әдептілікке тәрбиелеу, Аристотель бойынша, әдептілік 
қылықтар жаттығуларына негізделеді – алдын-ала ойластырылған және 
орташа іс-әрекеттерді жиі қайталау болып табылады. Мұндай жоғары 
дәрежелі қылықтарды рұқсат етілген деп есептеуге болады. Балаларды 
әдептілікке тәрбиелейтін ең басты оның ата-аналары болуы керек. Өзінің 
педагогикалық теорияларын дамыта отырып, Аристотель құлиеленуші 
ақсүйектердің басшысы ретінде ең бірінші кезекте ерікті туған азаматтардың 
тәрбиесіне және құлиеленуші мемлекеттің көркебюіне назар аударды. 
Аристотельдің көзқарастары антикалық педагогикаға және келесі 
кезектегі педагогика ғылымының дамуына үлкен ықпал жасады. 
Ежелгі Римдегі тәрбие мен педагогикалық ойлар. 
Ежелгі Римнің 
көпғасырлық даму тарихында тәрбиелеу мен оқытудың отбасылық және 
мемлекеттік тәжірибесі қалыптасты. 



Рим отбасыларында тәрбиелеу салттары ұзақ уақытқа дейін сақталды 
және үй тәрбиесінің сипаттамасы оның римдік қоғамның әлеуметтік 
сатысындағы алатын орнына байланысты болды. 
Римде әйелдер әйгілі құқықтарды иеленді (мысалы: мұрагерлік 
саласында), ал еркектер балаларға болсын, әйелдеріне болсын өктемдік етті. 
4-5 жасқа дейінгі ұл балалар мен қыз балалар отбасында бірге 
тәрбиеленді, кейін оларды бөлді. Қыз балалар анасының, асыраушылардың 
және күтушінің қарауында болды. Олар тұрмысқа дейін ата-анасының үйінде 
әйелдер ортасында қалды. Қыз балалардың басты істері болып – қол еңбегі 
(тігу) болды және оларды музыкаға, биге үйретті, ал бай отбасыларында – 
грек тіліне үйретілді. 
Ұл балалар тәрбиесімен еркектер: әкелері, тәрбиешілері, кей жағдайда 
Грециядан шақырылғандар айналысты. Оларды еркектік істерге үйретті, 
барлығынан бұрын қару-жарақты қолдана білулеріне дағдыланды. 
Еріктітуылған орташа отбасының балалары бастауыш білімді ақылы 
оқытатын және жеке қарапайым мектептерден алды. Бұл мектепке қыз 
балалар да жіберіледі. Ал танымал отбасыларының балаларын ереже ретінде 
үй мұғалімдері грек тіліне және әдебиетке оқытты. 
Грецияның әсер етуімен 12-ден 16 жасқа дейінгі бай отбасыларының 
балалары оқитын грамматикалық мектептер ашылды. Оларды грек тіліне, 
риторикаға үйретті және әдебиет пен тарихтан қысқа деректер берілді. 
Республикалық Римнің соңғы жылдарында білім беруге жоғары төлем 
жасайтын танымал отбасының бозбалалары оқитын және грек тілі, риторика, 
құқық, математика, философиялық білім беретін риторикалық мектеп пайда 
болды. Мұнда оқыған балаларды жоғары мемлекеттік дәрежелі орындарға 
дайындады. 
Рим империясының пайда болуына байланысты императорлар 
грамматикалық мектеп пен риторлық мектепті император билігіне адал 
шенеуніктер дайындайтын мемлекеттік мектептерге ауыстырды. 
Хрестиандықты үстем дін деп жариялаған кезде мұғалім қызметіне 
руханилылық өкілі тағайындалды; мектеп пен отбасындағы тәрбие діни 
сипатта болды. 
Квинтилианның педагогикалық көзқарастары. 
Марк Фабий Квинтилиан 
римнің танымал ораторы және педагогы, Рим ритор мектептерінің негізін 
салушылардың бірі. Өзінің мектептік тәжірибесінен және антикалық әлемнің 
педагогикалық ойларына қол жеткізуінен Квинтиллианның алғашқы арнайы 
«Ораторлық тәрбие туралы» педагогикалық еңбегі жарық көрді. 
Квинтилиан адам дамуына табиғаттың әсері туралы сұрақты түсіндіруге 
үлес қосты. Ол табиғи берілуге үлкен көңіл қойды және баланың табиғи 
қабілеттіліктерін жоғары бағалай отырып, балалардың ерте жастан 
қабілеттілік деңгейін анықтауға болатынына күмәнданбады (кішкентай 
баланың алғашқы ақылының көрінісі – ес, тездігі және белгілілігі, 
қабылдағыш және табылғанды көп уақыт бойы ұстауы, ерте дамуға, ұқсауға 
ұмтылуы), бірақ тәрбиемен көп нәрсеге қол жеткізуге болады деп есептеді. 


10 
Квинтилиан ата-анадан, асыраушылар мен күтушілерден баланың 
қабылдағыш екендіектерін ұмытпауларын талап етті, себебі балалар 
жақсылық сиқты, жамандықты да түбірлейді. Сонымен бірге балаларға 
құрдас-жолдастар мен педагогтарды таңдауды да есепке алған дұрыс. 
5 жастан 7 жасқа дейінгі балаларды Квинтилиан Аристотель сияқты 
мектепте дайындалуды қолдады. Ол балалар 7 жасқа жейін екі тілді – туған 
және грек тілін меңгеруі тиіс деді, алдымен грек тілін, сонан кейін 
параллельді түрде ана тілін үйренулері керек. Сонымен қоса ол жүйелі 
сабақтарды көңілді жағдайда жүргізілуін де дұрыс санады. Квинтилиан 
балаларды құрдастарымен жарысуға шақырып, өкінбеуге үйретуге және 
оларды мақтаумен көңілдерін көтеріп отыруға кеңес берді. 
Рим педагогы балаларды сауаттылыққа оқытудың әдістемелік кеңесін 
жасады. Ол балаларды бірмезгілде көрнекі құралдардың көмегімен (піл 
сүйегінен жасалған әріптер) әріптердің түрлерімен және атауымен 
таныстыруды және оқытудың жүйелілігі мен бірізділігін қадағалауды талап 
етті. 
Квинтилианның түсінігінше, негізгіні оқыту керек, бірақ көп нәрсеге 
емес. Болашақ ораторға жақсы дамыған ес, әдеби сөздерге сезім, ритм, жақсы 
дикция мен интонация жәнетілінің мәнерлілігі мен мимикасы жетілуі керек. 
Мұның бәріне мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап үйрету керек. 
Ораторлық тәрбиенің күшті құралы деп - өлеңдерді жаттау деп есептеді, бұл 
оған әдептілік тәрбиеніне де керек болып табылады. Квинтилиан өлеңдерді 
жаттаудың әдістемелік негізін жасады: өлеңді толығымен оқу, логикалық 
бөліктерге бөліп, бөлік түрінде жаттайды, соңында ол толығымен 
тақпақталады. 
Педагогикалық ойлар даму тарихында Квинтилиан дидактика және 
әдістеме, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиенің жүйелілігін талап 
еткен педагогикалық еңбектің алғашқы авторы ретінде маңызды орын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет