11
адамдар да оқыла бастады. Мұғалімдер – монахтар мен әулиешілер – ұл
балаларды христиандық дін рухында және әдептілікке тәрбиеледі, католиктік
құдайға қызмет ету жүретін жат латын тілінде оқуға, жазуға үйретті. Балалар
дұғаларды жатап, шіркеулік әуендер мен есептеуге үйренді. Латын
сауаттылығына үйрету ортағасырлық мектептерде механикалық есте сақтауға
негізделген әріптеу әдісімен жүргізілді, кейде не оқытып жатқанын
түсінбеушілік болды. Оқыту процесі ең қиын және ұзақ деп есептеді. Пәнді
меңгеруде үлгермеушіліктері мен кішкене тәртіп бұзушылық үшін балаларды
ауыр физикалық жазаға тартты.
Епископтың кафедрасында және соборларда кафедралық немесе
соборлық мектептер болды. Бұл мектептерге дворяндар мен белгілі
азаматтардың балалары барып отырды. Біртіндеп бұл мектептер оқушыларға
жоғарыланған білім бере бастады. Оның мазмұнын «жеті ерікті өнер» құрды:
грамматика, риторика, диалектика (діни философияның бастамасы),
арифметика, геометрия, астрономия, музыка. Соборлық мектептерде
негізінен жоғары руханилылыққа дайындалады.
Зайырлы
феодалдар
отбасын
құрайтын
«жауынгерлік
қайырымдылармен» байланысатын басқаша тәрбие мен білім алды: атта шаба
білу, жүзу, семсерлесу, қылыышты қолдана білу, аңшылыққа шығу, ашхмат
ойнау, буындау және ән айту. Оқу мен жаза білу міндетті болмады.
Феодал қыздары білімді үйде немесе діни рухта тәрбиеленетін және
оқуға, жазуға, қолеңбегіне үйрететін әйелдер монастырларда алды.
ХІІ-ХІІІ ғғ Батыс Еуропада қолеңбегі, сатушылық және қалалар өсуі
қалалық зайырлы мәдениеттің тууына әкелді.
Феодалдық езгімен азаматтар католиктік шіркеулерге де қарсы шықты.
Қалада қолөнершілер өз балалары үшін шеберхана мектептерін, ал
саудагерлер – гильдейлік мектептер аша бастады. Бұл шіркеумен емес,
қалалық тұрғындардың ашқан мектептерінде басты назарды туған тілде
есептеу, оқу және жазуға аударды. Дін оларда үстем жағдайында болған жоқ.
Шеберханалық және гильдейлік, яғни қалалық бастауыш мектептерге
айналған мектептер магистраттарды құра отырып, шіркеудің білім беру
саласындағы монополияны бұзды.
Достарыңызбен бөлісу: