1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Николай Гаврилович Чернышевский (1828-1889)



Pdf көрінісі
бет40/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   101
2.Николай Гаврилович Чернышевский (1828-1889) 
Орыстың 
ұлы 
сыншысы, 
философ-материалист, 
жалынды 
революцияшыл-демократ, жазушы және публицист Николай ( Гаврилович 
Чернышевский 1828 жылы 24 июльде Саратов қаласында священниктің 
семьясында туды. Бастауыш білімді үйінде алған, онан кейін жергілікті 
семинарияда 
оқып, 
кейін 
Петербург 
университетінде 
оқыды. 


78 
Университетте оқыған кезінің өзінде крепостнойлық бұғаудың езгісінде 
жүрген қарапайым халықтың өміріне зер сала көңіл аударды. Оның дүниеге 
көзқарасы крепостнойлық құрылысқа қарсы шаруалар қозғалысының барған 
сайын құлаш жайған жылдарында қалыптасты. 
Н. Г. Чернышевский 1851—1853 жылдардың аралығында Саратов 
гимназиясында оқытушылық қызмет атқарады. Чернышевскийдің үстаздьқ 
қызметі оның педагогикалық еңбекті сүйетіндігін көрсетті. 
Оның сабақтарынан жастар алғаш рет Белинскийдің, Гогольдің және 
басқа алдыңғы қатарлы жазушылардың тамаша шығармалары жөнінен 
мәліметтер еститін. 
1853 жылы Н. Г. Чернышевский магистрлық ғылыми атақ алу үшін 
Петербургке барады, онда ол «Өнердің шындыққа эстетикалық қатынасы» 
деген тақырыпта диссертация қорғайды. 
Чернышевский Петербургте., негізінен жазушылық және әдеби сын 
жүмысына. ауысады, бастапқыда «Отечественные записки» және 
«Современник» журналдарында, ал 1865 жылдан бастап «Современник» 
журналында қызмет істейді. 
Үдеп келе жатқан шаруалар 
 
толқыны кезіндегі революцияшыл
қызметіне байланысты, 1862 жылы 7 июльде Н. Г. Чернышевский 
тұтқынға алынып, Петропавловск қамалына отыр-ғызылды, кейін Сибирьге 
мәңгі жер аударылады. Тек 1883 жылы алдымен Астраханьда, кейіннен 
Саратовта тұруға рұқсат алған еді. 
Чернышевский айдауда 20 жылдан астам жүрді. Бірақ осынша азап 
жылдарын басынан кешірсе де, бұл тамаша революционер өзінің 
революцияшыл жолынан қайтпады. Ол Петропавловск қамалында «Не істеу 
керек?» романын, айдауда жүріп «Пролог» романын жазады. 
Өзінің туған қаласына келгеннен кейін Н. Г. Чернышевский зор 
творчестволық жұмыспен айналысып, халқы және жас ұрпақ үшін жаңа 
еңбектер беруді арман етеді, бірақ бұл арманы орындалмады. Жалынды 
патриот, еңбекші халықтың бостандығы мен бақыты жолында күрескер, 
ұлы ойшыл, революционер Н. Г. Чернышевский 1889 жылы 17 октябрьде 
қайтыс болды. 
Н. Г. Чернышевскийдің революцияшыл қызметі мен көзқарасын В. И. 
Ленин жоғары бағалады. «Чернышевский 50-жылдардан бастап 88-жылға 
дейін тұтас философиялық материализмнің дәрежесінде бола білген
неокантшылардың, позитивистердің, махистердің және басқа сондай 
шатастырушылардың өрескел сорақылықтарын лақтырып тастай білген — 
орыстың бірден-бір шын ұлы жазушысы',— деп жазды В. И. Ленин. 
Өзінің философиялық көзқарасы бойынша Н. Г. Чернышевский 
заманының ірі материалисі болды, ол дүниө материалдық және 
объективті деп таныды. Нақты материалдық дүние адам білімдерінің 
негізі, сондықтан ол — бірінші, ал біздің ойлауымыз — материалдық 
дүниенің жемісі, сондықтан ол — екінші деп есептеген. 
Қоғам өмірінің оқиғаларын түсіндіруде Чернышевский тарихи 
материализмге қарай өрлеп отырды, бірақ ол идеализмнен де түпкілікті 


79 
арыла алмады. Социализмге ескі шаруалар қауымдары арқылы өтуді 
арман етті, өйткені ол социализм орнататын күш пролетариат екенін 
білмеді және ол кезде білуі де мүмкін емес еді. Бірак, Чернышевский өзінің 
теориясымен ғылыми социализмге барлық утопистерден әлдеқайда жақын 
келді, өйткені ол өзінің үмітін революцияға артты. 
«Русьті қолдарына балта 
алуға шақырыңдар!»
— деп жазды ол. Демек, Чернышевскийдің утопиялық 
социализмі оның революциялық демократизмімен тығыз байланысты 
болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет