1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


 В.Ф.Одоевскийдің педагогикалық көзқарасы



Pdf көрінісі
бет37/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   101
7. В.Ф.Одоевскийдің педагогикалық көзқарасы. 
Владимир Федорович Одоевский (1803-1869) орыс мәдениетінің көрнекті 
қайраткері, талантты жазушы және үздік педагог болған. 
Озық көзқарасты адам бола тұра, В.Ф.Одоевский халықтың көп таралған 
жерінде ғылыми білімнің түп нұсқасының таралуын армандаған. Ол 
басыбайлық құқыққа қарсы шығып, қоғам өмірінің жақсаруы мен халықты 
ағарту ісіне көп күш бөлді. 1846-1855 жылдар аралығында ол «Кедейлер 
келетін қоғамның» төрағасы қызметін атқарды.


73 
Одоевский халықты ұйымдастыру үшін ауылшаруашылық, техника, 
гигиена жалпы білім беретін бұқаралық дәрістер жобасын жасады. Ол 
ауылдық мектептерді ұйымдастырумен айналысты, В.Г.Белинскийдің 
жоғары бағалаған оқыту басшылығы және ғылыми-танымал кітаптарын 
халыққа арнап жазып, оларды таратты. 
Одоевский керемет балалар жазушысы болды. Оның педагогикалық 
лайықтылығымен ерекшеленетін «Иринея қыздың ертегілері» деп аталатын 
шығармасы көркем әдебиеттің жоғары бағаланған туынды. Одоевскийдің 
ертегілері балаларды шынайы құбылыстармен, құралдармен таныстырады, 
білім айналымын кеңейтті, баланың шығармашылық ойлауын дамытады, 
оларды имандылық қарым-қатынасқа тәрбиелейді. 
В.Ф.Одоевский Ресейдегі мемлекеттік ұйым жүйесінде құрылдарғаға 
көңіл айдарып, қоғамның қайырымдылық күшімен ашылған балаларға 
арналған паналардың алғашқы ұйымдастырушысы және жетекшісі болды. 
«Балалар панасының жағдайы» және «Балалар паналарын тікелей басқарушы 
тұлғаларға аманат» деп аталатын, 1839 жылдан бастап жұмыс істеген 
ұйымдарға негізделген шығармаларын жазды.
1939 жылы В.Ф.Одоевский балалар паналарының қамқоршысы 
Комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Паналарда балалармен жұмыстың әдістемесін жетілдіре түсе, Одоевский 
балаларға арнап кітаптар жазды, суреттерге қарап оқытуды енгізді, сонымен 
қоса балалар паналарын қараушыларға арнап жетекшілік жазды. Ол балалар 
панасын тек тамақтанатын, күтім алатын жер ғана емес, баланың 
тәрбиеленетін ұйымына айналдырғысы келді. 
Одоевскийдің жасаған құжаттарына сәйкес балалар панасы мынандай 
болуы керек: ежелгі жұмыстар кезінде ата-аналарынан айрылған қамқорсыз 
балаларды баспанамен қамтамасыз ету және тек баспана емес, сонымен бірге 
оның отбасын айырбастайтын жер болуы керек, балаларға имандылық 
сезімін иландыру және осы мақсатта баланың сабақтары мен ойындарын 
бағыттау; балаларды тәртіптілікке және тазалыққа үйрету, қоршаған ортаны 
көрсете отырып, олардың ойлау қабілеттерін дамыту; қоршаған орта туралы 
қарапайым білім беру және қолөнері мен қолеңбегіның дағдыларын беру. 
Балалар паналарында балалар таңғы сағат 7-ден кешкі 8-9-ға дейін болулары 
керек. 
Одоевскийдің ойынша, паналардағы балалардың өмірі отбасылық 
бастамада ұйымдастырылуы керек, яғни қараушылар балаларға әртүрлі күтім 
жасаулары керек. Қараушыларды алғаш рет әйелдер оқу орындарын бітірген 
және балалар паналарында жұмыс істеп көрген тәжірибелілер санынан 
тағайындау керек. Оларды таңдау барысында басты назарды оның 
ағартушылық-діни сапаларына, педагогикалық шеберлігіне және балаларды 
сүюіне аудару шарт. Одоевский қараушылардың өнеге қылықтарын 
балаларды имандылыққа тәрбиелеудің маңызды құралы деп санады. 
Көптеген балалар паналары Одоевский ойынан алысырақ жұмыс істеді. 
Сабақтар біркелкі жүргізілді, ал балалар өмірі жаншылушылыққа жақындады 


74 
және балалар үшін ойын сирек құбылысқа айналды. Басты назар діни 
тәрбиеге және қолөнер сабағындағы баланың сыртқы тәртібіне айдарылды. 
1841 
жылы 
Комитет 
басшылығынан 
түсірілгеннен 
кейін, 
В.Ф.Одоевскийдің ұйымдардың негзгі жұмыстары николаев кезеңіндегі 
ресми педагогикалық әдістеріне ауыстырылды. 
В.Ф.Одоевский паналарды басқару ісіне араласып жүрген уақыттарында 
балалардың 
психологиясын 
тануы, 
педагогикалық 
принципиалды 
сұрақтарына теориядық жауап беруін меңгеруі, оның шетел және орыс 
педагогтарының еңбектерімен танысуына терең құштарлығын оятты. 
В.Ф.Одоевский орыс педагогикасының ғылым ретінде шыңдалуына 
атсалысты. «Педагогиканың шыңдауының амалы, біріншіден, барлық ғылым 
салаларындағы жалпы шыңдалуы, екіншіден, адамның туылғанынан бастап 
ойлау қабілетінің даму үрдісін бақылау», - деп есептеді. Ол балаларды 
рационалды бағытта қойылған обьективті бақылау ата-аналар мен 
тәрбиешілерге сәбидің рухани дамуының, оның ойлау қабілетінің дамуы мен 
шыңдалу жолының құралы деп көрсетті. Ол құнды педагогикалық 
тұжырымдамалар мен тәрбие тәрбие теориясының құрылуы үшін орыстың 
сауатты аналарын балаларды бақылайтын күнделік арнауларына шақырды.
В.Ф.Одоевский баланың жеке өзіне тән ерекшеліктері болатынын 
ескеріп, тәрбиеші-педагогтарға мынандай кеңестер береді: табиғи 
конституцияны жоғарылату және бар нәрсені дамыту мақсатында тәрбие 
ролін төмендету. 
Ресейдің алғашқы педагогтарының бірі Одоевский ерте жастан бастап 
балалардың ақыл-ойын дамытудың жолын көрсетуге тырысты. Бұл жол – 
балалардан өзіндік туған тәжірибесі және осы тәжірибені алдыңғы кезеңде 
ойлауы, сонымен қоса үлкендердің жетекшілігі мен осы ойлау процесінде 
ойлау қабілетін дамыту болып табылады. Одоевский ең бастысы балаларды 
оқыту кезінде тәрбиешілер оның білетіндерін нығайтулары керек, сонан соң 
ғана жаңа білім берулері керек деп санады. 
Бұрыннан белгілі, яғни мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы 
балалардың таңқалушылықтары мен қабылдауларының ерекшеленуін кей 
педагогтар дұрыс емес тұжырымдайтынын Одоевский ашып көрсетті. Кей 
педагогтар мұндай қате бағытты түсініп, ғылымды ермекке айналдыру 
бағытын ұстанып, жарамсыз нәтижелер тапты. Бұл бағыттарды керексіз 
санап, Одоевский ересек мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы 
балаларды оқыту көркем, қызықты болуы керек және оны ойын-сауық пен 
ермекке айналдырмау керек деп есептеді. Ол өздігінше жүйелі болуы керек, 
балаларды қиындықтарды жеңе білулеріне тәрбиелеп, оның еңбекті ақылмен 
істеуге үйрету керек. Баланың ақыл-ой дамуының құнды әдісі болып 
«балалармен әңгіме» жатады. Ол үшін тәрбиешілер балалардың түсініктерін 
анық және есепті етулері керек. Сонымен қоса Одоевский ата-аналар мектеп 
жасына дейінгі балалар мен кіші мектеп жасындағы балаларда әңгіме 
жүргізетін қажағалаушыларға арнап құнды кеңестер әдістемесін жасады. 
В.Ф.Одоевский қатаң құрастырылған және бірнеше құралдар мен 
жетекшіліктен тұратын ерекше «балалар ғылымын» құрды. Осы жұмыстар 


75 
санағында бірінші орынды «Ғылымға дейінгі ғылым. Иринея қыздыңкітабы» 
атты туындысы алады. Бұл туынды көптеген орыс және шетел 
педагогтарының жұмыстарын оқи отырып жазылған. Осындай түп нұсқалы 
еңбектен балаларды оқыту мен тәрбиелеудің бастапқы психологиялық-
педагогикалық негізін ашатын бөлігі ғана жарияланды. «Балаларға бастапқы 
білім берудің педагогикалық амалдардың тәжірибесі», «Ғылымға дейінгі 
ғылым. Иринея қыздың кітабы» мақалалары екі тарауға бөлінген: мұғалімге 
арналған кітап (482 сұрақты қамтиды) және оқушыға арналған әңгіме түрінде 
берілген сұрақ-жауап. 
«Ғылымға дейінгі ғылым» кітабында сабақ – жаңа білімді тудыруға емес, 
өздері тудырған түсініктемелерін дамытуға бағытталған. 
Оқушының білімін дамыту мақсатындағы емес, керісінше оның ойлау 
қабілетінің дамуы және оның рухани құндылықтарын нығайтуға бағытталған 
«Сұрақнама» кітабы жоғары бағаланады. Бірақ Одоевский ата-аналар мен 
қадағалаушылар үшін балаларға қажетті білім беріп, оның түсініктерін 
кеңейтіп, нығайтуды терістеген жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет