103
әдістері жүзеге асты,
оқушыларды Отанын, өз өлкесін еңбекті және
еңбекшілерді сүйе білетіндей етіп баулуға баса назар аударылды.
Мектептерде экскурсия, бақылау, егіс даласында, бақта тәжірибелік
жұмыстар жүргізу сияқты әдістер қолданылды. Мұғалімнің негізгі жұмысы-
материалды жүйелі түрде түсіндіру және сол
материалды пысықтау жойыла
бастады. Мұғалімнің консультациясымен барлық маериалды оқушылар
өздері меңгеруге тиіс болды. Оқушылардың кластағы коллективтік жұмысы
олардың жеке жұмысына немесе бір топ оқушының ғана жұмысына айналды.
Совет мектебінде бұл әдістің қолданылуы оқу жұмысының сапасын
төмендетті, мұғалімдердің басшылық ролі төмендеді және жеке
оқушылардың білімін анықтауды қиындатты.
РСФСР Халық ағарту комиссариаты 1927-28 оқу жылында мектептің
екінші басқышына арналған міндетті оқу жоспарын бекітті.
Бұл жоспар
бойынша оқушыларға кең, жан- жақты ғылыми білім, моральдық,
эстетикалық және еңбек тәрбиесі берілуі жоспарланды.
Оқу жоспарының барлық мектепке міндеті болуына сәйкес, оқу
жылының ортақ мерзімі белгіленді.
Совет мектебінде бұл дәуірде оқушыларға коммунистік тәрбие беру
мәселесіне, сабақта, сабақтан тыс уақытта олардың
саяси санасына өсіруге
көп көңіл бөлінді. Мектептерде әр класта староста, старосталар советі,
оқушылар комитеттері құрылды.
1922 жылы комсомолдың V съезінде “Пионер ұйымының жұмысы
туралы ереже” қабылданды. Пионер отрядтары өндіріс орындары жанында
тез өсе бастады. Олардың бірі мектепте оқитындары бір ұйымға бірікті. 1925
жылдың аяғында пионер ұйымы бір жарым млн- дай баланы қамтыды.
Коммунистік партия балалар арасында пионер ұйымы жұмысының
дамуына үлкен мән берді. Партияның ХШ съезі қауырт өсіп отырған пионер
ұйымын жаңа және өте жемісті ұйым деп бағалады. 1925 жылы 24 июльде
партияның Орталық Комитеті “пионер қозғалысы туралы” қаулы алды. Ол
қаулы пионер ұйымының жұмысына программа болды.
Қаулыда пионер
ұйымының жұмысын ұйымдастыруда балалардың жас ерекшелігі ескерілуі
талап етілді. Пионер ұйымы жұмысының формасы мен әдістерінің осы
талапқа сай болуы ескерілді.
1928 жылғы 25 июньдегі партияның Орталық Комитеті “Пионер ұйымы
жұмысының жайы және таяу арадағы міндеттері туралы” деген қаулысында
пионерлерде халықаралық бірлік сезімі тәрбиеленуі қажет деп саналды,
балалар арасында ұлт ала ауыздығы болмауы талап етілді. Пионерлер мектеп
өміріне, әсіресе оқушылардың сабақ үлгерімін арттыруға белсенді түрде
араласу қажет деп түсіндірді.
Достарыңызбен бөлісу: