1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Антон Семенович Макаренконың педагогикалық жүйесі



Pdf көрінісі
бет65/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

2.Антон Семенович Макаренконың педагогикалық жүйесі 
Аса көрнекті совет педагогы Антон Семенович Макаренко 1888 жылы 1 
мартта Харьков губерниясындағы Белополье қаласында темір жол 
жұмысшысының отбасында дүниеге келген.
Қалалық училищені, онан кейін оқытушылар даярлайтын курстарды 
бітіргеннен кейін, А.С.Макаренко Крюковадағы екі класты темір жол 
училищесіне оқытушы болып тағайындалды.
Макаренконың педагогикалық қызметі 1905 жылы, бүкіл Ресейге бірінші 
орыс революциясының толқыны кеңінен жайылған кезеңде басталды, 
сондықтан оның көзқарасы да революцияшыл пролетариаттың күшті күрес 
идеялары негізінде қалыптасқан. Жас, қажырлы оқытушы осы кезде темір 
жол училищесінде жұмысшылардан ата – аналар комитетін құрып, сол 
арқылы реакцияшыл бағыттағы мектеп бастығына қарсы күрес жүргізген, 
оқушылармен адамгершілік қатынас орнатуды жақтаған.Бұл кезде жас 
оқытушы 17 жаста ғана болатын, бірақ ол өзінің алғашқы қадамынан бастап – 
ақ болашақ жаңашыл педагогка тән қасиеттерді байқатты.
Темір жол училищесінде оқытушылық қызметі кезінде Макаренко өзінің 
білім дәрежесін көтеру жолында көп жұмыс істеген, әсіресе ол кейінен өзіне 
зор әсер еткен орыстың ұлы жазушысы А.М.Горький шығармаларын терең 
оқыған.
А.С.Макаренко өзінің естеліктерінде : “Максим Горький мен үшін 
жазушы ғана емес, өмірлік ұстазым болды”, - деді. 
1914 жылдан 1917жылға дейін Макаренко Полтаваның оқытушылар 
институтында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады.1917 жылдың 
қыркүйегінен бастап Крюковадағы жоғары бастауыш класс мұғалімдері 
училищесінде инспектор қызметін атқарады.
Октябрь революциясынан кейін Макаренко біраз уақыт темір жол 
училчщесінде оқытушы болды. 1920 жылдан бастап, Макаренко Полтава 
губерниялық халық ағарту бөлімінің тапсырысымен, Полтавадан 6 километр 
жердегі заң бұзушы жас балалар колониясын ұйымдастырған. Бұл жылдар 
оның адамды тәрбиелеудің жаңа,нағыз советтік әдістерімен қажырлы еңбек 
ету, іздену және күрес жылдары болды. Міне, осыдан бастап Макаренконың 
педагогикалық қызметінің шарықтау кезеңі басталады, ол тек тәжірибеде 
ғана емес, педагогикалық теорияда да тамаша табысқа ие болып, іс жүзінде 
совет педагогикасының бірінші принципиалды мәселелерін шешті.


115 
Кейінен М.А.Горький атымен аталған осы колонияда Макаренко бүкіл 
тәрбие процесін, оқуды ауыл шаруашылық еңбнгімен байланыстыруға 
негіздей отыра құрған. ¤зінің тәрбие жүйесін құру жолындағы күресін, сол 
колонияның әр қилы өмірін А.С.Макаренко терең мағыналы және әсерлі 
көркем шығармасы “Ұстаздық дастанында ” баяндайды. 
1928-1935 
жылдарда Макаренко Харьковтағы Ф.Э.Дзержинский 
атындағы еңбек коммунасын басқарған. Горький атындағы колонияда мол 
тәжірибнмен қаруланған Макаренко мұнда жұмысқа бұрынғыдан да табанды 
түрде және зор сеніммен, жаңашыл педагог ретінде кіріскен. Коммунаның 
тәрбие жұмысы оқуды өндірістік еңбекпен байланыстыруға негізделген, 
еңбек әуелі оқу мастерскойларында және өндірістің цехтарында, сонан кейін 
техникамен жабдықталған заводтар да ұйымдастырылған.
Дзержинкий атындағы коммунаның өмірін Макаренко өзінің “Мұнара 
үстіндегі тулар” деген повесінде баяндаған. Бұл шығармада педагогикалық 
көзқарастың ерекшеліктері және ілгері дамуы айқын байқалады.Оның үстіне 
бұл “Ұстаздық дастанның” дәстүрлі жалғасы тәрізді еңбек болатын.
Макаренконың тікелей өзі құрып, өзі басқарған бұл екі оқу – тәрбие 
орнынан үш мыңға жуық бұрынғы панасыздар мен заң бұзушылар шын жаңа 
совет азаматы болып қайта тәрбиеленген еді, олар өздерінің көзқарасы және 
қоғамға сіңірген еңбектеріне қарағанда, Отанына шын берілген, отандық 
борышын түсіне білетін жігерлі, табанды, тәртіпті, әр түрлі мамандықтарға 
ие болған еңбек сүйгіш адамдар болып қалыптасады.
А.М.Горький талантты жаңашыл педагогтың бұл зор еңбегін бағалай 
келе, Макаренкоға жолдаған хатында былай деді : “Маңызы орасан зор және 
мейілінше 
ойдағыдай 
болып 
шыққан 
сіздің 
педагогикалық 
эксперименттеріңіздің меніңше жер жүзілік маңызы бар”.
Ұлы жазушының бұл өте жоғары да орынды берілген бағасы болатын.
“Ата – аналар үші кітап” және “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар” 
деген шығармаларында Макаренко баланы отбасында тәрбиелеу жөніндегі 
негізгі мәселелерді зерттеді. 
1939 жылы 1 ақпанда тамаша ізгі адам, педагогика ғылымының 
қайраткері және талантты жазушы А.С.Макаренко кенеттен қайтыс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет