1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Мектеп жұмысы жөніндегі қаулылар



Pdf көрінісі
бет59/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

4.Мектеп жұмысы жөніндегі қаулылар. 
Партияның Орталық Комитетінің 1931 жылғы 5 сентябрьдегі “Бастауыш 
және орта мектеп туралы” деген қаулысында совет мектебінің зор 
жетістіктері аталып көрсетілді. Сонымен қатар бұл қаулыда социалистік 
құрылыстың жаңа кезеңінің талабына мектептің сай еместігі айтылды. 
Мектептің негізгі кемшілігі-жеткілікті дәрежеде жүйелі жалпы білім бере 
алмауында, техникум мен жоғары оқу орындары ғылым негіздерімен жете 
қаруланған. Осы жоспарға сай жасалған оқу программалары 1931-1932 оқу 
жылының екінші жартысынан бастап енгізілді. Жаңа оқу жоспарларында 
орыс тілі мен ана тілі және математикаға көп уақыт берілді. 
Партияның Орталық Комитетінің 1932 жылғы 25 августағы “Бастауыш 
және орта мектептердің оқу программалары мен режимі” атты қаулысында 
мектептің оқу жұмысында орын алып келген кемшіліктер мен 
бұрмалаушылықтар ерекше аталып көрсетілді.
Қаулыда оқу жұмысының ұйымдастырудың негізгі формасы- сабақ, ол 
белгілі кестемен, тұрақты құрамы бар класпен жүргізілу керек делінді. 
Сабақты жүргізудегі оқытушының жаңа оқу материалы жүйелі түрде 
түсіндіруі, оқушылардың оқулық және кітаппен өздігінше жұмыс істеуі, 
оқушылардың жазу және сызу жұмыстары, лабораториялық жұмыстар
тәжірибе көрсету және экскурсияның орын алуы талап етілді. 


105 
Мектептің тәрбие жұмысының жақсаруында пионер ұйымының он 
жылдығына байланысты 1932 жылы қабылданған партияның Орталық 
Комитетінің “пионер ұйымының жұмысы туралы” қаулысының мәні оны зор 
болды. Бұл қаулыда пионер ұйымының ең негізгі міндеті- оқушыларды 
оқуға, еңбекке және қоғам жұмысына коммунистік рухқа тәрбиелеу деп 
санады. Балаларға деген ерекше сүйіспеншілік пен қамқорлыққа толы осы 
қаулыға сәйкес, елімізде пионер Сарайлары мен үйлері туристік станциялар, 
кинотеатрлар және т.б көбее бастады.
1933 жылы мектеп оқулықтары туралы партияның Орталық Комитетінің 
қаулысы қабылданды. Қаулыда бірнеше жылдарға арналған тұрақты 
оқулықтар даярлау қажеттігі атап көрсетілді. Осы қаулыға сәйкес, 1933 
жылғы оқу программалары бойынша, оқулықтар даярлаудың жоспары 
бекітілді, бұл жұмысқа әр мамандықтан ғалымдар мен методистер 
қатыстырылды. 
Мектеп басшысының беделін көтеру мақсатымен, орталау және орта 
мектептерде мектеп ісін басқарушыны директор деп атады. Бұл қызметке 
жоғарғы білімді, ең кем дегенде үш жылдық стажы бар мұғалімдер 
белгіленді. Мектепте тәрбие жұмысын жақсартуда педагогтардың зиянды 
әсері орын алды. Олар мектепте балаларды зерттеп білуде, мектепке балалар 
алуда және мектептің басқа негізгі мәселелерінде толық үстемдік етуге 
тырысты. Педагогика институттарда жеке ғылым ретінде оқытыла бастады. 
Кейбір педагогикалық институттарында педагогика факультеттері ашылды. 
Балаларды тәрбиелеу, олардың ақыл- ойының даму дәрежесі мен 
қабілеттілігін анықтау педагогика міндеті деп саналды.
Зерттеу әдістерінің мүлдем қате болуына сәйкес педагогтар көп жағдайда 
ақыл- ой қабілеттері дұрыс балаларды “дамуда артта қалған”, “кемтар”, 
“тәрбиеленуі қиын балалар” деп арнаулы мектептерге ауыстырылды.
Дін иелері совет үкіметінің оқу ағарту шараларына, әсіресе қыз 
балаларды оқыту мәселесіне қарсы күрес жүргізді. Кейбір халықтардың 
өздерінің жазуы болмады. Ана тілінде мектеп ашу үшін оқулықтар даярлау 
қажет 
болды. 
Аталған 
қиындықтарға 
қарамастан, 
үкімет, 
ұлт 
республикаларында жаппай міндетті бастауыш оқуды жүзеге асырудың және 
жеті жылдық, орта мектептерді ашудың қарқыны 1930-34 жылдары 
әлдеқайда тез дамыды. Оқушылардың саны төрт жылдың ішінде 74 
процентке өсті. 1928 жылы бүкіл елімізде 70 тілде, ал 1934 жылы 104 тілде 
кітаптар баспадан шығарылды. Ұлт мектептерінде оқитын балалар үшін 
латын алфавитін орыс алфавитімен ауыстырудың зор мәні болды. 
Коммунистік партия ауыл- село жағдайында толық бастауыш, орталау және 
орта мектеп құру ісінің ерекше қамқорлық жасады. Осы мақсатпен ауыл- 
селода қазақ мектептері жанынан интернат ашу ісіне, мектептің барлық 
түрінде қазақ оқушыларын бітіргенге дейін сақтау және қазақ қыздарының 
санын көбейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Мектепте оқушылардың 
саны көбеюмен қатар, мектеп режимі, мектептегі тәртіпті күшейту, оқудың 
мазмұны мен әдістерін жақсарту мәселелері ерекше назар аударуды талап 
етті. Орталық комитеттің 1931 жылғы 5 сентябрьдегі “Бастауыш және орта 


106 
мектеп туралы”, 1932 жылғы 25 августағы “Бастауыш және орта мектептер 
оқу программалары мен режимі туралы” және басқа қалалары қазақ 
мектебінде оқу-тәрбие жұмыстарын қайта құрудың жолын белгілеп берді.
Көшпелі ауылдардың арасынның шалғай болуы, ауылдағы адамдар 
санының аз болуы – мектеп жасындағы барлық балалардың оқуға тарту ісін 
қиындатты. Ауылдың қыстаудан жайлауға көктемде ерте көшуі оқу 
жылының қысқаруына, оқу режимінің сақталмауына әкеліп соқты. Осындай 
зор қиыншылықтарға қарамастан, жаппай бастауыш оқуды іске асырудың 
алғашқы жылының өзінде Қазақстан едәуір табыстарға жетті. Мектептегі 
оқушылардың саны 1930-1931 оқу жылында 488 мыңға жетті, оның 190 
мыңы қазақтар. Бұл 1929-1930 оқу жылындағы оқушылардың санынан 133 
мың көп, қазақтардың саны 60 мыңға өсті. 1931 жылғы 1 июльдегі есеп 
бойынша, бастауыш мектептегі оқушылардың 42 проценті қыз балалар 
болды. Жаппай бастауыш оқуды қолға алу қыз балалардың мектепті ерте 
тастап кетуімен күресуге мүмкіндік берді. Отырықшылыққа көшіп болмаған 
мал бағатын ауылдарда балаларды жаппай оқуға тарту үшін, уақытша шара 
ретінде, көшпелі мектептер ұйымдастырылды. Өйткені бұл ауылдардың 
халқы мал шаруашылығымен шұғылданғандықтан, бір жерде ұзақ уақыт 
тұрақтап отыра алмайды. Сондықтан бұл көшпелі мектептерде оқу жылы 
күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы болып екі маусымға бөлінді. Маусым 
арасындағы үзілістер ауылдың көшіп-қонатын уақытына сай белгіленді. 
Жаппай бастауыш оқудың жүзеге асыруға кірісу мектептегі оқу-тәрбие 
жұмысының жақсара түсуіне әсер етті, кластағы балалардың жас алшақтығы 
жойылды.
Мектептегі педагогикалық – ұйымдастыру жұмыстарын едәуір 
жақсарғанына қарамастан, жұмыс сапасы жағынан ауыл мектептері артта 
болды. Кластағы оқушылардың саны аз болғандықтан, екі класс бірігіп 
оқитын мектептер әлі де болса көп еді. Ауыл мектебінде дайындығы төмен, 
тәжірибесі аз мұғалімдері үшін әсіресе орыс тілі, ән-күй, сурет және дене-
шынықтыру сабақтарын жүргізу өте қиын болды. Бұл жағдай бастауыш 
мектепті бітірушілер санының өсуіне кедергі жасады. Республикада 
мектептердің орналасуын қайта қараудың және жаппай бастауыш оқуды 
жүзеге асыру жөніндегі шаралардың нәтижесінде 4 кластық қазақ бастауыш 
мектептерінің саны едәір көбейді. Қазақ бастауыш мектептерін 
бітірушілердің саны 1933-1934 оқу жылында 11 мың болса, 1936-1937 оқу 
жылында 47 мыңға жетті, яғни төрт есе артты. Дидактикалық теория шын 
мәнісінде қазақ мектебінде бастауыш оқуды жүзеге асыру жылдарында 
енгізілді. Оқу жоспары, оған негізделген жарты жылдың тұрақты сабақ 
кестесі, оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы- сабақ, оқыту 
әдістері және т.б мәселелер осы дәуірде қазақ мектебінің ішкі жұмысында өз 
орнына ие бола бастады. Қазақ мектебінің мұғалімдері осы дәуірдегі совет 
дидактикасының барлық мәселелері туралы жариаланған педагогикалық 
құжаттармен қарулана отырып, оқыту істерін өз дәрежесінде жүргізе 
бастады. Ал мұғалімдерге мектеп туралы партия құжаттарында жазылған 
педагогикалық қағидаларды, сонын негізінде оқу жұмысын, сабақтың 


107 
дидактикалық ережелерін және т.б оқыту мәселелерін қайта құруды түсіндіру 
мұғалімдердің барлық білім жетілдіру курстары арқылы және мұғалімдер 
конференциялары, 
мәжілістері 
арқылы 
жүргізілді. 
Республикада 
педагогикалық баспа мәселесі де едәуір жақсара түсті. Мұғалімдерге көмек 
ретінде көптеген тиражбен “Мектептегі оқыту жұмысының жаңа әдістері”, 
“Хат таныту әдістері”, “Бастауыш мектептегі ана тілі”, “Бастауыш мектептегі 
арифметика” т.б материалдар басылып шықты. 
Ауыл мұғалімдеріне барынша көмек көрсету мақсатымен, “Жаңа мектеп” 
журналы кейін “Ауыл мұғалімі” деп аталып, айына екі рет шығарылып 
тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет