1 Қазақстан республикасындағы баспа ісі жағдайы және дамуы


Баспа ісінде қолданылатын калькуляциялау әдістері, оның



бет12/18
Дата20.10.2022
өлшемі367,69 Kb.
#44418
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
ҚР Баспа ісі

2.3 Баспа ісінде қолданылатын калькуляциялау әдістері, оның
«Полиграфкомбинат» ЖШС-де қолданылуын талдау

Редакцияға толық тексеріліп қабылданған қолжазба бойынша жоспарлы-өндірістік құжаттар рәсімделіп, оларда еңбек және материалдық-шикізаттық ресурстардың шығындары жөнінде ақпарат тіркеледі. Мұндай құжаттар қатарына баспалық жобаның өзіндік құнын алдын-ала немесе есептік калькуляциялау, басылым паспорты, көркемдеп безендіру тапсырысы, немесе калькуляция-тапсырыс құжаттарын жатқызамыз.


Калькуляциялау деп өнімнің өзіндік құнын шығындар баптары бойынша есептеуді айтамыз. Калькуляциялау барысында қамтылатын баптардың мөлшеріне қарай калькуляцияны жалпы баспалық өзіндік құн калькуляциясы және толық өзіндік құн калькуляциясы деп екі түрге бөледі. Сонымен қатар, баспа ісінде калькуляция жоспарлы (алдын-ала) және есептік (орындалуына қарай) деп те бөлінеді.
Жоспарлы (алдын-ала) калькуляция деп басылымдардың жекелеген түрлерінің, әдебиеттердің бөлімдеріні мен серияларының, сонымен қатар, жекелеген басылымдардың шығындар баптары бойынша өзіндік құндарына қатысты тапсырманы айтамыз. Мұнда өзіндік құнды есептеу авторлық қалам ақы қойылымы, қолжазбаларды өңдеу мен рәсімдеуге жұмсалатын шығындар нормативтері, жалпы баспалық шығындар, қағаздың, түптеу материалдарының және полиграфиялық жұмыстардың көтерме сату бағасына негізделіп есептеледі.
Алдын-ала калькуляциялау басылымды дайындап, өндіріп шығаруға жұмсалатын шығындарды нақты баптары бойынша есептеп алуға мүмкіндік береді. Мұндай шығындар баптарына келесілер жатады: авторға, кеңес беруші, сын пікір білдірушіге, сурет салушыға, суретке түсірушіге берілетін сый ақыға кететін шығындар, жалпы баспалық шығындар, қағаздарды, түптеу материалдарын сатып алуға кететін шығындар, полиграфиялық жұмыстардың құны, инфляция индексінің есепке алу және басқалары.
Жопарлы калькуляция редакциялық-баспалық үрдістің өндіріс кезеңінің алдында жасалынады және басылымның тиімді тиражын таңдап алуға, болашақ басылымның нарықтық табыстылығы үшін қажетті баспалық-полиграфиялық сипаттамаларын алдын-ала таңдауға мүмкіндік береді.
Есептік калькуляция бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде нақты орын алған шығындар бойынша жасалынады және басылымның жоспарлы өзіндік құнымен салыстыра отырып, талдауға негіз болады. Бұл бұдан әрі есептеулерде қате жібермеуге және болашақта басылымның өзіндік құнын азайтып, алынатын пайда сомасын арттыруға мүмкіндік береді.
Алдын-ала (жоспарлы) және есептік калькуляциялар есептік құжаттарға жатқызылады, яғни, оларды бухгалтерия қызметкерлері рәсімдейді. Соңғы кездерде бухгалтерлік есеп тәжірибесінде электронды есептеу машиналарының көмегімен дифференциалды есептеулерді жүзеге асыру көптеп қолданылуда. Бұл есептеу әдісі еңбек шығындарының бір ғана басылымға қатысты және белгілі-бір кезеңдегі бүкіл басылымдарға қатысты мөлшерінің есебін қатар жүргізуге, тауарлық-өндірістік жеңілдіктерді, авторлық қалам ақылардың икемді қойылымдарын, әртүрлі тираждарды есепке алуға мүмкіндік береді. Калькуляцияны құрастыру және шығындардың жақсы ұйымдастырылған есебі мен оларды бақылау жүйелерінің бар болуы баспалық өзіндік құнды талдауда және оны азайту жолдарын іздестіруде үлкен маңызға ие болады.
Жалпы баспалық өзіндік құн жоспары жопарланған кезеңдегі баспа өнімдерін жалпы және жекелеген түрлері бойынша өндіруге қажетті шығындардың жалпы сомасын анықтау, әдебиеттердің жеке түрлері мен бөлімдері бойынша жоспралы өзіндік құнды анықтау, калькуляциялық бірліктер бойынша шығындардың түрлерін анықтау, басылымдарды өндіру және шығарумен байланысты шығындарды азайтудың резервтерін айқындап, оларды қолдану, материалдық және ақша қаражаттары ресурстарының қолданылуын бақылау мақсатында құрастырылады.
Басылым жобасының үлгісі келесі кесте түрінде келтірілген.
Кесте 10 - Басылым жобасының өзіндік құнын алдын-ала есептеу*
Құрастырушы_________________
Автор___________________________ Аталуы____________________________
ISBN___________________________ Тілі ______________________________
Баспа___________________Серия________________ Тираж_________________
Басылым форматы____________Басу____________Түптеу типі______________
Мұқабасы____________Теру форматы_________Жолақтар көлемі____________
Шрифт_________________Теру кеглі___________Суреттер_________________



Бір данасының шығындар баптары

Тираж

Есептік басылым

Қойылымы тіркелген қалам ақы

1500

1

Теру

1000




Редакциялық дайындық

500




Жалпы баспалық шығындар

1500




Коммерциялық шығындар

700




ISBN

200




Басу және полиграфиялық жұмыстарды орындау

300




Станоктық сынақ

200




Келістіру

200




Басуға дейінгі қию

200




Басу

500




Басылған өнімнің бөліктерін кесу

300




Брошюралау және түптеу жұмыстары

200




Полиграфиялық материалдарға кететін шығындар

1000




Текстке қажетті қағаз

500




Мұқабасының қағазы

1000




Форзац қағазы

300




Картон қағаз

300




Пленка, бумвинил, лактау шығындары

200




Өндірістік шығындар, барлығы

6900




Жиыны:







*Дерек көзі:Е.В.Далада Управление современным издательским процессом:конспект лекций.М.:МГУП, 2008.-156с.

Өзіндік құн баспалардың перспективалық және ағымдағы жоспарларын жасау барысында жоспарланады. Жоспарды жасауға басылымдарды шығарудың жылдық тақырыптық жоспары, басылымдарды көркемдік-техникалық безендіру жоспары, сонымен қатар, еңбек ақы және қалам ақы қорларының бекітілген шектері, басқару аппаратына қатысты шекті шығындар мөлшері негіз болады.


Жоспарды жасау барысында әдебиеттердің бөлімдері, немесе редакциялар бойынша, өзіндік құнның баптары бойынша бухгалтерлік есептің аналитикалық деректері, жоспарланған кезең алдындағы жылдардағы өзіндік құн жөніндегі мәліметтер, ерекше басылымдар үшін жасалынған сметалар қолданылады.
Нысаны бойынша жоспарлы және есептік калькуляцияға калькуляция-тапсырыс құжаты жақын келеді. Калькуляция-тапсырыс – бұл кітапты шығарумен байланысты баспаның өндірістік шығындарының ақшалай өтемін жасау мақсатындағы жабдықтаушылық құжат. Бұл құжат редакциялық-баспалық үрдістің өндірістік кезеңі алдында құрастырылады.
Өндірістік кезең басында баспагер болашақ басылымның форматы, көлемі, тиражы жөніндегі нақты мәліметтерді білетін болғандықтан, ол қажетті қағаздың, картонның, түптеу материалдарының, полиграфиялық қызметтердің құнын білетін болады. Осы сипаттамалары арқылы калькуляция-тапсырысын толтырады.
Калькуляция-тапсырысты өндіріс қызметкері рәсімдейді және өндірістік бөлім басшысы бекітеді. Келесі кестеден калькуляция-тапсырыс үлгісін көруге болады.

Кесте 11 - Калькуляция-тапсырыс үлгісі*



Шифр

Саны

Бағасы

Текст

Сомасы

Өнімнің калькуляциялық топ бірлігінің құны

Цех

Өнімнің калькуляциялық тобы

Жеке

Жалпы

1

1 есептік баспа бет

8

150,0

8

150

1200

150,0

























*Дерек көзі:Е.В.Далада Управление современным издательским процессом:конспект лекций.М.:МГУП, 2008.-156с.

Баспалық түпнұсқаны теру, түзету, салыстыру, макеттеу және түстеп бөлу жұмыстарына қажетті еңбек сыйымдылығын анықтауға мүмкіндік беретін құжат басылымның паспорты деп аталады. Басылым паспорты баспалық түпнұсқаның көлемдік көрсеткіштерін (авторлық, есептік-басылымдық, баспалық, тексттік, суреттік беттер саны мен басылым форматын), ішкі безендірілуінің ерекшеліктерін (гарнитурасы, кегль, интерлиньяж және басқалары), сонымен қатар, аталған жұмыстарға қажетті күнтізбелік күндер санын, яғни жұмыстың ұзақтығын көрсетеді.


Паспорты арқылы басылымдарға қатысты редакциялық-баспалық жұмыстардың сәйкес нормативтерге негізделген еңбек шығындарын есептейді. Басылым паспортының баспа ұйымындағы кесімді еңбек ақы сомасын есептеу үрдісінің құжаттық-техникалық негізде қамтамасыз етілуі осы құжатты күнтізбелік кестеден ерекшелендіреді.
Басылым паспортына ұқсас құжат – көркемдік безендіру тапсырысы деп аталады, бұл құжат баспадағы көркем-суретті жұмыстарды жоспарлауға және сурет салушыларға еңбек ақы төлеуге негіз болады. Осы құжат арқылы болашақ басылымның бірқатар көлемдік көрсеткіштері есептелініп шығарылады, мысалы, суреттердің саны, олардың алатын орны.
Баспалық түпнұсқаны графикалық безендірумен айналысатын суретшілердің еңбек ақысы тәжірибе көрсеткендей жұмысты жасау кезеңдеріне, суреттер санына және күрделілігіне байланысты. Әрбір суреттің бағасын теру бөлімінің бастығы анықтайды және оны баспа директоры бекітеді.
Есептік калькуляцияны жасау редакциялық-баспалық үрдістің құжаттармен қамтамасыз етілу жұмыстарының соңғы кезеңі болып табылады. Баспадағы тираждармен әрі қарай жұмыс істейтін өткізу-сату операцияларын рәсімдейтін өзіндік құжаттары болады: келісім-шарттар, шот-фактуралар, тауарлық накладнойлар және басқалары. Бұл құжаттардың мақсаты тираждармен тауарлар ретінде жұмыс істеу, яғни, оларшығармаға немесе басылымға творчестволық еңбек нәтижесі ретінде қарамайды.
Баспа ішіндегі құжат айналысы соңғы кездерде үлкен өзгерістерге ұшырады: құжаттардың жаңа үлгілері пайда болды, немесе керісінше кейбір құжаттар алынып тасталынды, редакциялық-баспалық үрдістің жүзеге асырылуына қажетті құжаттар құрамы өзгертіліп отыр. Баспалық құжат айналысының даму қарқыны қазіргі күнгі компьютерлік техниканың жаппай енгізілуіне сәйкес дамып отыр.
«Полиграфкомбинат» ЖШС бойынша өнімінің өзіндік құнының құрайтын шығындар жөнінде келесідей шартты мәліметтерді қолдана отырып, шығындар құрамы мен құрылымына қатысты және өндіріс жоспарының орындалуы мен ассортименттілігіне қатысты келесідей талдау жасаймыз.

Кесте 12 - «Полиграфкомбинат» ЖШС өңдеу цехындағы шығын баптары бойынша құрамы мен үлесін талдау *



Көрсеткіштер

Есепті жыл

Өткен жыл

Ауытқу +,-

Жиынға% есебінде

Тікелей шығындар Оның ішінде:
1. Материалдық шығындар

Мың теңге

28168

31746

-3578

-12,7

Үлес салмағы, %

36,13

37,71

-1,58

-

2. Еңбекақы

Мың теңге

26650

27905

-1245

-4,67

Үлес салмағы, %

34,2

33,15

+1,05

-

Жанама шығындар
Оның ішінде:
1. Амортизациялық шығындар

Мың теңге

3150

3500

-350

-11,11

Үлес салмағы, %

4

4,16

-0,16

-

2. Басқа да шығындар

Мың теңге

19984

21017

-1033

-5,16

Үлес салмағы, %

25,6

24,97

+0,66

-

Шығын жиыны

Сметасы

77952

84168

-6216

-7,97

Үлес салмағы, %

100

100

-

-

*Дерек көзі: ұйымның шартты материалдары негізінде құрастырылған

Кесте мәліметтеріне сүйене отырып келесідей қорытынды жасауға болады: «Полиграфкомбинат» ЖШС бойынша өңдеу цехына қатысты шығындардың жалпы сомасы 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 6216 мың теңгеге, шамамен 8%-ға жуық мөлшерге артқан. Жалпы шығындар құрамына кіретін еңбек ақы және басқа да шығындар сомалары бойынша үлестері есепті 2009 жылы өте аз мөлшерде артқан, сәйкесінше +1,05%, +0,66% құрайды. Енді 2008 жылғы шығындардың құрамын жеке қарастырсақ өнімнің өзіндік құнын құрастырушы материалдық және еңбек ақы шығындарының үлес салмақтарының жоғары екенін көреміз. Осы екі шығын түрлерінің жалпы шығындар құнындағы үлестері 37,71+33,15 = 70,86 %-ға тең болады. Ал енді есепті жылы жалпы шығындар құрамында материал және еңбек ақы шығындары 36,13+34,2 = 70,33%-ға тең болып отыр. Яғни, өңдеу цехына қатысты шығындар құрамында және құрылымында айтарлықтай үлкен ауытқулар орын алмаған [2].


Ұйымның өндірістік қызметін талдаудың маңызды бір бағыты өндіріс жоспарының және өнім ассортименті жоспарларының орындалуын талдау болып табылады.
Осы мақсатта қарастырылып отырған цех мәліметтері бойынша дәптер шығаруға қатысты мәліметтер негізінде келесідей кестені құрастырамыз.

Кесте 13 - Өңдеу цехы бойынша жоспардың орындалуы мен өнімдер түрлері бойынша ассортименттілік коэффициенттерін анықтау*



Өнім түрі

Жоспар, қорап

Нақты, қорап

Жоспарлы ассортимент, қорап

Дәптер Арт.С1346 80бет

1829

1860

1829

Дәптер Арт.ICI-7686, 12 бет

1730

1690

1690

Дәптер Арт.С1346 40бет

2340

2200

2200

Жиыны

5899

5750

5719

*Дерек көзі: ұйымның шартты мәліметтерінен алынған

Ең алдымен ұйымның осы цехы бойынша жоспардың орындалу пайызын анықтаймыз. 5750*100/5899=97,47%, яғни өнімдердің түрлерін соңғы өңдеумен байланысты жоспарланған өнім көлемі 2,53%-ға кем орындлағанын көріп отырмыз. Жоспарлы өнім көлемі мен нақты өнім көлемдерінің өзара тең болмауына жабдықтардың тұрып қалуы, қажетті өңдеу шикізатының жетіспеушілігі және басқа да себептері болуы мүмкін. Ал жекелеген өнім түрлеріне қатысты тек Дәптер Арт.С1346 80бет өнім түрі бойынша ғана жоспар толық орындалғанын анықтап отырмыз. Қалған екі өнім түрлері бойынша жоспардың не себепті орындалмағанын анықтап, сәйкес іс-шараларды жүзеге асыру қажет.


1829*97,5=1783<1829, 100% - Дәптер Арт.С1346 80бет
1730*97,5=1686<1690, 96,7% - Дәптер Арт.ICI-7686, 12 бет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет