1 Қазақстан республикасындағы баспа ісі жағдайы және дамуы


ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДА БАСПА ІСІНДЕ ҚОЛДАНУ



бет8/18
Дата20.10.2022
өлшемі367,69 Kb.
#44418
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
ҚР Баспа ісі

2 ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДА БАСПА ІСІНДЕ ҚОЛДАНУ


2.1 Калькуляциялаудың қазіргі кездегі әдістері және даму бағыттары

Шығындар деп әдетте жұмсалынған ресурстар және тауарлар мен қызметтер үшін төленуге тиісті ақша сомасы түсініледі. Ұйым қызметін басқару мақсатында менеджерлер үшін тек шығын ғана емес, нақты объектіге қатысты шығын мөлшері жөніндегі ақпарат қажет. Шығындар есебінің объектілері бойынша белгілі-бір қызмет түрі анықталып, шығындар топтастырылады және бағаланады. Калькуляциялау тұрақты түрде жүргізілуі мүмкін, бірақ ол ұйым үшін қымбат бағалануы мүмкін, сол себепті мәліметтер нақты бір жүйеде жинақталып, табыстар мөлшерімен салыстырылып отыруы қажет. Шығындар есебі жүйесін қалыптастырудың тиімді жолы шешімдерді топтарға жинақтау және оларға сәйкес келетін объектілерді анықтау болып табылады. Бүгінгі күнгі шығындарды жіктеп сыныптау арқылы олардың негізгі екі түрін ажыратамыз: өзгермелі және тұрақты. Олар өндірістің көлемі өзгерген жағдайда қандай өзгеріске ұшырауы арқылы сипатталады. Өзгермелі шығындар өндіріс көлемінің өзгерісіне тура пропорционалды өзгерсе, ал тұрақты шығындар өзгеріссіз қалады.


Тұрақты және өзгермелі шығындарды қарастырған кезде белгілі-бір «релеванттылық аймағы» туралы айтуымыз керек. Тұрақты шығындар осы аймаққа дейін тұрақты болып қалады, ал өзгермелі шығындар кез-келген өндіріс деңгейіне тура пропорционалды өзгере бермейді, белгілі-бір кезде қосымша шығындардың жұмсалуы қажет болуы мүмкін.
Шешім қабылдаудың алғышарты деп саналатын талдау мақсатында барлық шығындар жалпы және өнім бірлігіне қатысты шығындар көрсеткіштері деп бөліп қарайды. Жалпы шығындар жөнінде мәлімет болатын болса, онда бірлікке қатысты орташа шаманы анықтай алады. Өнім бірлігіне қатысты шығындармен мұқият жұмыс істеу қажет, себебі олар белгілі бір тұрақты немесе өзгермелі шығындар негізінде анықталады. Жалпы және өнім бірлігіне келетін шығындар мен тұрақты және өзгермелі шығындар арасындағы өзара қатынасын келесі кестеден көреміз.

Кесте 3 - Жалпы және орта шығындар мен өзгермелі және тұрақты шығындардың өзара қатынасы*



Шығындар

Жалпы шығындар

Өнім бірлігіне келетін шығындар

Өзгермелі шығындар

өзгереді

өзгермейді

Тұрақты шығындар

өзгермейді

өзгереді

*Дерек көзі: Хорнгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет:управленческий аспект.М.: ФиС, 2003.-416б.

Өндіріс – материалдардың еңбек пен жабдықтардың қатысуымен жаңа өнімге айналу процесі. Сауда – тауарларды алдын ала өңдеусіз сату. Өндірістік ұйым мен сауда ұйымының «Пайда және зиян жөніндегі есептілігі» бойынша олардағы баптардың әртүрлі екенін көруге болады, себебі өндірістік ұйым есептілігінде «дайын өнімнің өзіндік құны» бабы болса, сауда ұйымы «сатуға дайын тауарлар» бабын көрсетеді.


Өнім өндірумен байланысты шығындардың келесідей баптары бар:
- негізгі материалдар, өндірілген өнімнің құрамына кіретін, нақты өнім түріне апаруға болатын материалдық шығындар;
- тікелей еңбек шығындары – нақты өнім түріне апрауға болатын еңбек шығындары;
- жанама шығындар – тікелей шығындар баптарынан өзге де шығындар, олардың өзін екіге бөлуге болады: өзгермелі жанама шығындар және тұрақты жанама шығындар.
Осы шығындар түрлерін жинақтап екі түрлі етіп те қарастыруға болады, оны келесі сурет арқылы көреміз.
Шығындарды экономикалық мақсаты мен ұйым басшылығының талаптарына сәйкес жіктеу қажет. Егер кейбір шығындардың үлесі аз болса, оларды бөлек жіктеудің де қажеті болмайды.

Бастапқы (алғашқы) 1. Негізгі материалдық шығындар


шығындар
2. Тікелей еңбек шығындары
3. Жанама шығындар: Қосылған
а) өзгермелі шығындар
б) тұрақты

Сурет 7 - Бастапқы және қосылған шығындар түрлерін топтастыру


Жалпы барлық ұйымдардың қызметтері белгілі бір шығындармен байланысты. Жалпы басқару мақсатындағы шығындардың жіктелуі мен жіктеу қағидалары жөнінде ақпаратты келесі кестеде көрсетеміз.


Кесте 4 - Басқару мақсаттары бойынша шығындарды жіктеу*



Өндіріс шығындарын есепке алу бағыттары

Шығындар жіктелімі

1. Дайын өнімді калькуляциялау мен бағалау үшін пайдаланылатын шығындар

Нақты шығындар құрамы: негізгі және қосалқы материалдар, еңбек шығындары, өндірістік үстеме шығындар, есепті мерзімге кіретін, жұмсалған және өзіндік құнға енгізілетін шығындар

2. Шешім қабылдауға негіз болатын өндіріс шығындары

Шығындар мақсатты бағыты: тұрақты, шартты-тұрақты, өзгермелі, шартты- өзгермелі.
Болашақ мерзім шығындары: бағалауда есепке алынатын және алынбайтын. Шешім қабылдау: қайтарымсыз шығындар, инкременттік, маржиналдық.

4-ші кестенің жалғасы



3. Жоспарлау, бақылау және реттеу жүйесінде пайдалану шығындары

Жауапкершілік орталықтары: реттелетін және реттелмейтін шығындар. Шығындар пайда болатын орындары, нормативтік шығындар және олардан ауытқулар

*Дерек көзі: Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы:Оқу құралы-Алматы:Экономика, 2003.-252 б. (89 бет)

Ұйымның бухгалтері үшін маңызды мәселе өнімге апарылатын және кезеңге жатқызылатын шығындарды анықтау. Өнімге апарылатын шығынның баламасы – өндірістік өзіндік құн. Өнімге апарылатын шығындар пайда сомасын анықтауда қолданылатын ағымдағы шығындар мен қорлар арасында бөлініп таратылады. Осы өтпелі шығындар өнімдер нақты сатылған кезде ғана ағымдағы шығындар деп есептелінеді. Кезеңге қатысты шығындар өздері орын алған есепті кезеңге қатысты болады, мұндай шығындар бірден қаржылық нәтижеге әсер етеді. Оларға әкімшілік және коммерциялық шығындар жатады.
Өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнын есептеу калькуляциялау деп аталады. Калькуляциялау келесі қағидалар негізінде жүргізіледі:
1. Өндірілген өнім көлемі мен жұмсалынған шығындар мөлшерінің бір өлшемділік қағидасы, яғни өндірілген өнім көлемі шығындар мөлшеріне тура пропорционалды.
2. Өндіріс шығындары мен сату көлемдерінің өзара салыстырмалылық қағидасы, сатылған өнімдердің өзіндік құны есептің ерекше объектісі болып табылады.
3. Өндіріс шығындарының құны мен сатудан алынған табыстың ұқсастық қағидасы, инфляциялық пайданың қалыптасуына жол бермейді.
4. Үнемділік қағидасы, осы қағида басқарушылық калькуляциялық есепті жүргізудің мақсаттылығын анықтайды.
5. Калькуляциялық бірліктерді дұрыс анықтау қағидасы.
Өндірілетін өнім түрлеріне, бұйымдардың топтарына, өндіріс сатыларына, жеке тапсырыстарға апарылатын шығындар құрамын және мөлшерін анықтау өндіріс шығындарын есепке алу әдісі арқылы жүзеге асырылады. Өндірістік шығындар есебінің әдісін таңдап алу ұйымның салалық ерекшелігіне, өндіріс түріне, технологиялық үрдіс сипатына, шығарылатын өнім номенклатурасына, өндірісті басқарудың ұйымдық құрылымына тәуелді анықталады. Шығындарды есепке алу мен өнімдер, жұмыстар, қызметтердің өзіндік құнын калькуляциялау әдісін әрбір ұйым өз бетімен бір жылға таңдап, оны есеп саясатында көрсетеді.
Бүгінгі күні өнімнің (жұмыс, қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялау әдістері әр елде әртүрлі болып келеді. Көптеген ғалымдар осы тақырыпта жазған еңбектерінде әртүрлі әдістер жиынтығын ұсынады. Отандық автор К. Т. Тайгашинованың пікірінше оларды келесідей белгілері бойынша жіктеу қолданылады:
1. технологиялық үрдіске қатынасына қарай - қарапайым, тапсырыстық және қайта бөлу әдістерге бөледі;
2. калькуляциялау объектілеріне қарай – шығарылған өнім, бөлшек, желі, бұйым, тапсырыс, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет;
3. шығындарды бақылау және басқару мақсатында ақпаратты жинақтау тәсіліне қарай – нормативті әдіс;
4. шығындарды есепке алу объектілеріне қарай – тапсырыстық, үрдістік, қайта бөлу;
5. шығындарды есепке алу мен өзіндік құнды калькуляциялаудың толықтығына қарай – толық өзіндік құнды калькуляциялау, толық емес өзіндік құнды калькуляциялау деп бөлінеді;
6. есептің жеделдігі мен шығындарды бақылауға қарай – смена соңындағы жауапкершілік орталықтары бойынша нақты өзіндік құнды есепке алу, смена соңындағы бригадалар бойынша өнім бірлігіне келетін нормативтік шығындарды есепке алу әдісі.
Өндіріс шығындарын есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі біртектес өнімдер өндіретін ұйымдарда, сумен қамтамасыз ету, электр қуатымен қамтамасыз ету ұйымдарында, қазба байлықтарын, көмірді, мұнай, газ өнімдерін алушы ұйымдар мен оларды өңдеуші ұйымдарда қолданылады. Бұл өндірістерде аяқталмаған өндіріс немесе өз өндірісіндегі жартылай өнімдер болуы мүмкін. Осы өндірістердің ең басты ерекшелігі – шығындарды өндіріліп жатқан бір ғана өнім түріне апарады, ал аяқталмаған өндіріс болмаған жағдайда шығындарды өндіріліп шығарылған өнімдерге апарамыз. Біртектес өнімдерді шығаратын болса, онда шығындардың барлық элементтері немесе калькуляциялау баптары бойынша өндіріс шығындарының негізделген нормасын бекітеді. Көптеген қазып алушы және өңдеуші ұйымдарда қарапайым әдіс пен нормативті әдісті бірге қолданады. Мұның барлығы өндіріс шығындарын бақылауды күшейту және өндіріс барысындағы шығындардың нормадан ауытқуын анықтау үшін қажет.
Қарапайым әдістің 4 түрлі ерекше нұсқалары бар.
Бірінші нұсқа кезінде тікелей және жанама шығындар бүкіл өнімді шығаруға жұмсалған шығындардын белгіленген баптары бойынша есепке алынады. Өнімнің бірлігінің өзіндік кұны барлық өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына болумен айқындалады. Бұл өндірістерде (су электр станциялары, құм, сазбалшық дайындау) аякталмаған өндіріс, шалафабрикаттар және өнімнің құрамдас бөліктері болмайды.
Екінші нұсқаны аякталмаған өндірісі бар ұйымдар қолданады. Бұл арада дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасында шығындарды бөлудің қажеттілігі туындайды. Бұл нұсқа 1 текше метр ағаштын өзіндік құнын калькуляциялау кезінде ағашты дайындау өнеркәсібінде колданылады. Аяқталмаған өндірісті, әдетте, инвентарлык әдісті пайдалана отырып, бағалайды.
Үшінші нұсқа бір мезгілде өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе өндіретін: жылу мен электр энергиясын шығаратын, мұнай мен газ өндіретін, балық аулайтын ұйымдарда колданылады. Мұндай жағдайларда шығындар тұтас алған өндіріс бойынша, яғни қарапайым әдіспен есепке алынады, ал өнімнің өзіндік құны үйлестірілген әдіспен калькуляцияланады. Мұнай мен газ өндіру кезіндегі энергетикалық шығындар, амортизация, жер астындағы скважина жабдықтарын жөндеу, жер қыртысының кайтарымдылығын жақсартуға, мұнайды диэмулсациялауға, мұнайды айдауға және сақтауға жұмсалатын шығындар тікелей белгілері бойынша мұнайға, ал газ жинау және тасылмалдау жөніндегі шығындар — газға жатқызылады. Қалған шығындар кәсіпорынның орташа келісімді бағасы бойынша бағаланады және мұнай мен газдын жалпы табылған (шығарылған) үлесіне тепе-тең мөлшерде мұнай мен газ арасында бөлінеді.
Қарапайым әдістің төртінші нұсқасын өнімнің өзіндік құнын анықтамай-ақ шығындар есебін қайта бөлу немесе процесстік әдістер бойынша жүргізетін ұйымдар пайдаланады. Бұл нұсқаны химия мен құрылыс материалдарын шығаратын өнеркәсіптер қолданады. Бұл арада шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың карапайым және бөлістік әдістері үйлесімді пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет