108.Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру. Тәуелсіздік алдында аса ауыр жағдайда Қазақстан Президенті «Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды ҚазКСР-і үкіметінің қол астына көшіру жөнінде» Жарлық шығарды. Алтын және алмаз қоры құрылды. Қазақстан дербес сыртқы экономикалық қызметін қамтамасыз етті.
1991жылғы 16 желтоқсанда Республика тәуелсіздік алды. Жоспарлы экономикадан нарықтық жүйеге көшу оңай тимеді. Бұрынғы КСРО-нің одақтас республикалары арасында экономикалық байланыстар үзіліп, бір бірінен алшақтай бастады. Республикалардың әрқайсысы шиеліністерден шығу жолында тек өз күші мен қабілетіне сүйенді. Баға босатылды. Негізгі тұтыну тауарлардың жетіспеушілігі байқалды. Республика азаматтарының тұрмыс жағдайы одан әрі нашарлап, халық қарапайым тіршілік үшін күресті. Жұрттың жалақысы тек азық-түлік алуға зорға жетті. Еуропалық ұлттар өкілдері өз еліне қоныс аударуы көбейіп, республика халқы едәуір азайды. Көптеген завод, фабрикалар жұмысы тоқтап қалды. Жұмыссыздық өсті. Отбасы қатынастарының бұзылуы, ажырасулар мен әлеуметтік проблемалар көбейді. 1993-1994 жылдары өнеркәсіптік өндіріс көлемі екі есе, ауылшаруашылықта – үш есе, транспорттік жүк тасымалдау үштен екі есе қысқарды.
Халықтың кіріс денгейі күрт төмендеді. Инфляция денгейі 3000% және одан да жоғары болды. Нарықтық экономикаға көшуде 15000-дей өнеркәсіп орындарды жекешеліндіруде біраз қателіктер жіберілді. Мүлік талан-таражға түсіп, берекесіздік тудырып, ақыры экономикалық терең дағдарысқа ұшырауына басты себебіне айналды. Осындай жағдайда шешуші әлеуметтік-экономикалық шаралар қажет болды. Сондықтан егемендіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекет басшылығы таңдаған «алдымен - экономика, содан соң – саясат» деген айқын жолмен ілгерілеп келе жатырмыз.
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртiбi конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгiленген. Бұл заң 2007 жылдың 4 маусымында қабылданған болатын. Алайда, Қазақстан Республикасы рәміздерінің тарихы 1996 жылғы 24 қаңтарда қабылданып, қазіргі таңда күші жойылған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы» Конституциялық заңынан басталуда. Туып-өскен жердің мемлекеттік рәміздерінің мағынасын түсіну − әрбір Қазақстан азаматының борышы.Әр жас ұрпақ, лауазымды тұлға мемлекеттік рәміздерін заңнамаға сәйкес қадірлеп, қастерлеп, құрмет тұтуы қажет.
Н. Назарбаев1992 жылы 4 -маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды. Сол күні Президент резиденциясы мен Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Соңынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен айқындалды. Тудың авторы – суретші Ш. Ниязбеков, елтаңбаның авторлары – Ж. Мәлiбеков пен Ш. Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі – әнұран, мемлекеттік Ту мен мемлекеттік Елтаңбаның поэтикалық-музыкалық баламасы. Әнұран салтанатты рәсімдерде, мемлекеттік органдарда өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады. Алғашқы мемлекеттік әнұранды жазу үшін шығармашылық байқау жарияланды. Оған Қазақстан ақын, сазгерлері қатысты. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен ақындар: М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева шығарған өлең сөзі бекітілді. Әуені – кеңестік кезеңде М. Төлебаев, Е. Брусиловский, Л. Хамиди жазған бұрынғы мемлекеттік әнұран болып белгіленді.2006 жылдың 6-қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды. Заң жобасын талқылау барысында бірқатар депутаттар («Менің Қазақстаным») жаңа әнұранның авторлар құрамына Н.Ә. Назарбаевты ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент депутаттары жаңа әнұран мәтінінің авторлары Ж. Нәжімеденов пен Н.Ә. Назарбаевты бір ауыздан қолдады. Ал, әні бұрынғы қалпында сақталды.2006 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстанның тарихына еліміздің жаңа әнұранның туған күні ретінде кірді. Алғаш рет жаңа әнұран ресми түрде 11 қаңтарда, Ақордада Президент Н.Ә. Назарбаевтың кезекті президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Тәуелсіздік алған алғашқы күндерінен бастап республика басшылығы ұллтық валюта енгізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізді. Онсыз шынайы дербес егеменді мемлекет болу мүмкін емес еді. 1992 жылы Қазақстанда аса құпия жағдайда ұлттық валюта дайындалып жатқанда, Қазақстан рубльдік аймақтағы орны туралы Ресеймен өте қиын келісімдер жүргізуді жалғастырды. Өз жағынан Ресей ақша-валюта жүйесіндегі мәселелерді біздің республикамен келісіп шешетіні туралы уәделерін берді. Осы кездегі жағдайды Елбасы Н.Назарбаев былай түсіндіреді: «Мен рубль аймағын сақтауға тырыстым. Оның екі себебі бар еді. Біріншіден, ол аймақтың бұзылуы ТМД елдерінен алшақтауды тездетер еді. Екіншіден, расын айтсақ, біз әзір емес едік». ТМД басшылары елдерінде өз валюталарын енгізер алдында 3 ай бұрын хабардар ету міндеті туралы келісімге қол қойды. Бірақ 1993 жылы шілде айында Ресей келісімді бұзып өз валютасын енгізді. Ресей 1993 жылғы жаңа рубль негізінде бірігей рубльдік аймақты құруды ұсынды. Қазақстанға 3 күн бұрын ғана хабар берілді. Ресей Қазақстан үшін қажетті мөлшерде арнайы ақша бастырып беретіні туралы тағыда сендірді да жаңа рубльді жібермей қойды. Гиперинфляция жағдайда баға шарықтай түсті. Ресей және басқа республикалардан Қазақстанға ескі үлгідегі кеңес купюраларының ағыны қаптап келді. Дүкендердің сөрелерінен азық-түлік және тұрмысқа қажетті тауарлар жоқ болып кетті. Қазақстанға едәуір экономикалық шығын әкелді. Елдегі экономикалық дағдарыс өрши түсті. Ескі рубльдің девальвациясы басталды. Сондықтан Қазақстан ұлттық валюта енгізуді асығыс кірісті. Дер кезінде қамданып үлгерген Қазақстан өзінің экономикалық та, саяси тәуелсіздігін сақтап қала алды.Алғашқы ұлттық ақша Ұлыбританияда басылды. Мемлекет басшысы тенге дизайн жасауда тікелей өзі қатысты. Ақша номиналдарында Ш.Уәлиханов, А.Құнанбайұлы, Әл Фараби, т.б. тарихи тұлғалар суреттері бедерленді. Ұлттық валюта Алматыға арнайы рейспен ұшақпен тасылды.
1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта – тенге енгізілді. Елдегі инфляция өрісін ырықтандыруда «ҚР Ұлттық банк туралы» Заң ықпал етті, соған сәйкес Ұлттық банк Президентке ғана есеп береді және өзіне белгіленген өкілеттік шегінде өз қызметінде тәуелсіз. Қазақстан бұрыңғы КСРО орталық құқықтарын иемденуші көрші Ресей мемлекетінен ақша-қаржы саясатында толық тәуелсіз болуға қол жеткізді. Ұллтық валюта енгізуі зор тарихи маңызы бар. Ол Қазақстан Республикасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болып табылады. Н.Назарбаев дәл айтқандай: «Біздің ұлттық валюта – тенге – ел тәуелсіздігінің символы». Шынайы егемендікке қол жеткізген қазақстандықтардың патриоттық рух деңгейі өсті. Ұллтық валюта енгізуі терең әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізуге жол ашты. Халықаралық валюталық операциялар жүргізуге мүмкіндіктер кеңейді. Елімізде 200 жаңа банктер құрылды, соның ішінде шетелдіктердің де қатысуымен. 1993 жылдан бастап Қазақстанда шетелдік банктер ашыла бастады. Жаңа жағдайда мемлекет басшылығы зейнеткерлер, студенттер, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен қолдау іс-шаралар жүргізуге белсенді кірісті.
1993 жылы қабылданған Қазақстанның Конституциясы уақытша еді. Негізгі Ата Заңда жер жеке меншікке берілмеді. Жергілікті Кеңестер жаңа нарықтық реформаларды тежеді. Жаңа үкімет Жоғары Кеңеске қатаң қарсы тұрды. Елге қажетті заңдарды қабылдау процесі баяулады, бұл нарықтық реформалардың қарқынын бәсеңдетті. ҚР Президенті Н.Назарбаев Конституцияға баға бере отырып былай деген: «1993 жылғы үлгідегі Конституция мемлекеттік құрылысты жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды одан әрі дамыту жолындағы құқықтық тосқауыл болды». Осы жағдайда жергілікті Кеңестердің және Жоғары Кеңестің өзін-өзі тарату процесі басталды. Президент мемлекет басшысы ретінде заңнамалық тұрғыда жеке өзі шешімдер қабылдау құқығын алды.
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция қабылданды. Қазақстан Президент басқаратын біртұтас мемлекет ретінде бекітілді. Парламент екі палатадан құрылды: Мәжіліс және Сенат. Жаңа Конституцияның еліміздің тәуелсіздігін нығайтуда және әлеуметтік-саяси реформаларды жүргізу үшін тарихи маңызы зор болды.
Қазақстан нарықтық экономика жолымен дамуға бет алған тәуелсіз ел ретінде белгіленді. Экономиканы мемлекеттік иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы қабылданды. Шетелдік инвестицияларды тарту, кіші және орта бизнес дамыту тетіктерінің құқықтық негіздері бекітілді. Банк және қаржы жүйесі реформалары жүзеге асырылды. Аграрлық салада колхоздар мен совхоздарды фермерлік ұжымшарларға айналдыруда мүлікке мемлекеттік монополиясы жойылды.