1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. Тарих



бет5/127
Дата29.12.2023
өлшемі2,06 Mb.
#144796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
МЕ сұрақтары

Уәлиханов атындағы тұрақ - палеолит дәуiрiнiң ескерткiшi. Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы Арыстанды өзенінiң оң жағалауында орналасқан.1958 ж. Қаратау палеолит отряды (жетекшісі Х.Алпысбаев) ашып, 1959–62 ж. қазба жұмыстарын жүргiзген. 1983–84 ж. археолог Ж.Таймағанбетов қазба жұмыстарын жалғастырған. 2001–02 ж. Қазақстан – Ресей бiрiккен археологиялық экспедиция (жетекшілері А.П.Деревянко, Таймағанбетов), 2003–05 ж. Қазақстанның тас ғасырын зерттеумен шұғылданатын археологиялық экспедиция (жетекшісі Таймағанбетов) кең көлемде қазба жұмыстарын жүргiзiп, тың мағлұматтар алған. Ескерткiштiң басқа археологиялық нысандардан ерекшелiгi – мұнда 6 мәдени қабат аршылған. Әрбiр мәдени қабат палеолит дәуiрiнде адамдар тұрақты бiрнеше рет мекендегенiн көрсетедi. Қабаттар сары топырақ арқылы бөлiнген. Мәдени қатпарлардың 10 метрге дейiнгi қалыңдығы он мыңдаған жылдар бойы бұл жер алғашқы адамдардың өмiр сүруiне өте қолайлы мекен болғандығын айғақтайды. Тас құралдары шақпақ және халцедоннан дайындалған. Қазба барысында бiрнеше мың тас бұйымдары (дөңгелек өзектас, тас жаңқа, үшкiртас, екi жағынан өңделген шапқы құрал, қырғыш, жонғыш-қырғыш, кескiш, т.б.) аршып алынған. Тұрақты мекендеушiлердiң негiзгi кәсiбi бизон, бұғы, киiк, жылқы аулау және өсiмдiктер тамырын, жемiс-жидектердi теру болған. Мұны тас құралдарымен қоса шыққан осы жабайы жануарлар сүйектерi көрсетiп бердi. Шақпақ тас пен халцедон қорының жақын маңда көп болуы тұрғындарды еңбек құралдарын жасауға қажеттi шикiзатпен қамтамасыз еткен. Тас бұйымдарды өңдеу үшiн сүйектен, мүйiзден жасалған құралдар (төс, тас жарғыш, т.б.) да пайдаланылған. Қазба жұмыстары кезiнде ошақ орындары да аршылған. Стратиграфиясы сақталған Уәлиханов атындағы тұрақ материалдары тас дәуiрiндегi көптеген мәселелердi шешуде мол мүмкiндiк бердi. Қазақстандағы палеолиттiк ескерткiштердегi материалдардың басым бөлiгi жер бетiнде «ашық» жатады. Мұндай ескерткiштердегi тас бұйымдардың мерзiмiн Уәлиханов атындағы тұрақ материалдарына қарап анықтауға болады. Тұрақты адамдар мустье дәуiрiнен бастап, кейiнгi палеолит ақырына дейiн мекен еткен. Уәлиханов атындағы тұрақ – отандық археологияда байырғы адамдардың өмiрiнен, шаруашылығы мен тұрмысынан мол мағлұмат беретiн бiрегей ескерткiш болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет