1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. Тарих



бет6/127
Дата29.12.2023
өлшемі2,06 Mb.
#144796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
МЕ сұрақтары

Орта палеолит.Бұл дәуірде (б.з.д. 140-40мың ж.)ежелгі адамдар оңтүстікте Қаратау жотасынан солтүстікте Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейінгі аралықты қамтиды.1938ж. Өзбекстанның оңтүстігіндегі Тесіктас үңгірінен 8-9 жасар неандерьталдық баланың қаңқасы табылды. (антрополог Герасимов)
Кейінгі палеолит дәуірі. Бұл кезең уақыты: бұдан бұрынғы 35-30 мың жыл – 12-10мың жылдар аралығы. Бұл – адамзаттың кең тарап қоныстанған және нәсілдік топтардың құрылған кезеңі. Тас құралдарын жасау тәсілі - ретушьтік. Осы кезеңде еңбек құралдарының 20- ға тарта түрі болған.Кейінгі палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан:Ащысай, Үсіктас;Орталық Қазақстан:Батпақ, Қарабас, Агренсор;Батыс Қазақстан:Аққыр, Шақпақта, Өніжек;Шығыс Қазақстан: Свинчатка, Шульбинка, Пещеры, Новоникольский, Қанай;
Бұл кезең аз зерттелген, сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де сирек(20 шақты тұрақтар).Ерекшеліктері: климат жылынып, мұз еруі басталды, ірі жануарлар азайып, кішігірім аң – құстар пайда болды, қайық шықты, дәнді дақылдарды өсіруге қадам жасалып, жануарларды қолға үйрете бастады. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы – садақ. Ф.Энгельс «садақ және жебе-өте күрделі құрал, оны жасау үшін ұзақ мерзім мен қабілеттілік керек » деген. Ол он мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын қару болды.Мезолит кезеңінің археологиялық ескерткіштері:
Солтүстік Қазақстан: Мичурин, Боголюбово, Явленка, Тельман, Виноградовка, Дачная, Евгеньевка. Г) Неолит дәуіріБұл кезеңде экономиялық және қоғамдық өрлеу бастады: Жабайы жануарларды қолға үйрету;Жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысу; Шаруашылық еңбек қалыптасып, өнім өндіру;Ғылымда бұл құбылыс «неолит төңкерісі» дап аталды. Ерекшеліктері: жерді өңдеу, мал шаруашылығымен айналысу, қыш ыдыс (керамика) жасау, тігін тігу, кен өндіру. Неолит дәуірінің басты ерекшелігі – өнімді еңбектің пайда болуы.Бұл кезең – тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі. 1926ж Грязнов пен Комаров Қазақстанның солтүстік аудандарының алғашқы неолиттік қоныстарын зерттеген. Шығыс Қазақстанда неолиттік кезеңнің ескерткіштерін тауып, оларға ғылыми зерттеу жүргізуде археолог ғалым С.Черниковтың еңбегі зор. Сырдарияның төменгі ағысында Арал жағалауында Қызылорда облысының жерінде неолит кезеңінің қоныстарын зерттеуде «Хорезм» археологиялық экспедициясының меңгерушісі С.П.Толстовтың еңбегі айтарлықтай. Жасыбай көлінің жағасынан адамдар тұрағы болған апанды тауып, оның Жаңатас дәуіріне жататындығын дәлелдеп сипаттама берген П.Драверт болды. Солтүстік-Шығыс Балқаш маңынан табылған құралдаряшма мен кварциттен жасалған. Бетпақдалада В.А.Селвин, Жезқазғанда А.Валукинский, Арал теңізінің солтүстік жағасында жер қыртыстарын тексеретін ғалым Ғ.А.Яншин және археолог А.А.Формазовтардың жаңа тас дәуірін зерттеудегі еңбектері зор. Сондай – ақ жаңа тас дәуірінің соңғы кезеңіндегі қоныстарын тауып, Қазақстан археологиясына жаңалық қосып отырған археолог Л.А.Чалаяның еңбегін атап өткен жөн.Неолит тұрақтары орналасу сипатына қарай 4 түрге бөлінеді: Бұлақ бойындағы тұрақтар;Өзен жағасындағы тұрақтар;Көл жиегіндегі тұрақтар;Үңгірдегі тұрақтар.Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің – ашық үлгідегі тұрақтар. Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері:
Шығыс Қазақстан: Нарым, Қызылсу, Сатшықыз. Солтүстік Қазақстан: Қаратомар, Иман-Бүрлік, Дамсы, Ботай. Батыс Қазақстан: Тоқсанбай, Сам, Көктүбек, Жағалбұлақ, Темір, Шатпақкөл, Құлсары, Шаңдыауыл, Сарықамыс Еркешеліетері: тастан жасалған еңбек құралдарының ығыстырылуы, мыс еңбек құралдарының жасалуы, клаиматтың ылғалды болуы.Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы энеолит (мыстытас) дәуірінен басталады. Академик Ә.Марғұлан жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан экспедициясы Бетпақдаланың орталық бөлігіненбірнеше тас дәуірінің қоныстарын тапқан, әсіресе, ғалымның басты бір көрнекті еңбегі Сарысу бойынан. Ботай мәдениеті Ақмола облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоныстың атымен аталғанг. Бұл мәдениет Солтүстік Қазақстанның далалық энеолитін сипаттайды. (б.з.б. III-II мың ж. аралығы). Ботай мәдениетін археолог В.В.Зайберташты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет