1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. Тарих


Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы



бет3/127
Дата29.12.2023
өлшемі2,06 Mb.
#144796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
МЕ сұрақтары

3.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы
Жұмақаев ежелгі адам 8-11
Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдар іздері ерте палеолит (б.з.д.800-140мың жыл) кезеңіне жатады. 1958жыл-археолог Х.Алпысбаев Қаратау жотасынан (Оңтүстік Қазақстан) көптеген тұрақтар тапты. Қазақстан бойынша көне дәуірлердің ескерткіштері туралы қамқорлық жасап, олардың аты-жөні, заты туралы хабар беріліп отырған, Түркістан әуесқой археологтар қоғамының атқарған ісі зор болған. Бұл қоғам академик В.В.Бартольдтың инициативасы бойынша 1895 жылы құрылған. Үйірменің көрнекті қайраткерлері Н.С.Лыкошин, И.А.Кастенье,Ф.И.Педашенко, И.С.Назаровтар Қазақстанның әр жерінен табылған тас құралдары туралы есепті хабар беріп, алғашқы қауымдық құрылыстың Қазақстанда болғандығы жайлы баяндайды.Ал, тас дәуірі ескерткіштерін ғылыми түрде зерттеу 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін басталды. 30 жылдары Қарағанды, Батыс Қазақстан жерінен жаңа және мысты тас дәуірінің қоныстарын М.Грязнов пен И.Синицин тапқан. Ерте палеолит дәуірі.Бұл дәуір-600мың жылдан астам уақытқа созылды. Ерекшеліктері:алғашқы адамдардың тас еңбек құралдарын жасай біліуі, аң аулау, терімшілікпен айналысуы, тобыр болып бірігуі, хайуаннан еңбек құралдарын жасауы нәтижесінде бөлектенуі. Солтүстік Балқаш өңірінің Семізбұғы мекенінен 1611 тас құрал табылды.Ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері:Оңтүстік Қазақстан: Бөріқазған, Тәңірқазған, Қазанғап, Шабақты, Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ, Арыстанды, Қарасу;
Бөріқазған– төменгі палеолиттің шелль кезеңінің соңғы дәуірінен сақталған қоныс орны. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 38 км жерде. Алғаш 1958 жылы Қаратау археологиялық тобы (жетекшісі Х. Алпысбаев) ашқан. Табылған құралдар саны 442. Көбісі қара кремнийден жасалған артефактілер (еңбек құралдары). Тас құралдардың осыған ұқсас түрлері ежелгі тас дәуірінің тұрағы — Сивалик (Үндістанда) өңірлерінде жиі кездеседі. Тас құралдарды Алпысбаев бірнеше түрлерге бөлген: екі жағы бірдей өңделген шапқылар (чоппингтер), жұмыр құралдар, үш қырлы өткір құралдар, унифастер, т.б. Олардың арасында үшкір пышақтардың, қырғыштардың алуан түрлері бар. Бұлардың бәрі Оңтүстік Азиядан (Бирма, Вьетнам, Қытайдан), Шығыс Африкадан (Олдувей, Рудольф, Омо маңынан) табылған құралдаға өте ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет