1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. Тарих


Сібір хандығының саяси тарихы (XV ғ. соңы – XVI ғ.)



бет37/127
Дата29.12.2023
өлшемі2,06 Mb.
#144796
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   127
Байланысты:
МЕ сұрақтары

31.Сібір хандығының саяси тарихы (XV ғ. соңы – XVI ғ.).
Сібір хандығы (патшалығы) (сіб. тат. Себер ханлыгы, Себер йорты, орыс. Сибирское царство, Сибирский юрт) — XV ғасырдың екінші жартысында Батыс Сібірде Алтын Орданың құлдырап, одан Шибани ұлысының бөлініп шығуынан пайда болған феодалдық мемлекет. Сібір хандығы Пермь жерімен, Қазақ хандығымен, Ноғай Ордасымен шектесті. Солтүстігіндегі шекарасы Обь өзенінің төменгі ағысына, ал шығыста Ала Ордаға (орыс деректері бойынша - Пегая Орда) дейін жететін.«Сібір» терминін ең алғаш Жошының 1206 жылы «Shibir» жерінен оңтүстікке қарай орналасқан орман тайпаларын бағындыруы жайлы жазылған, 1240 жылы жарық көрген «Моңғолдардың құпия шежіресінде» кездестіреміз. Алайда ғалымдар «Сібірдің» қамтыған аумағын сенімді түрде нақтылай алмауда. Палладидің тұжырымына сәйкес - бұл Барабы жазығының солтүстігі (Ертіс пен Обь арасы). XIV ғасырда Сібір хандығының болашақ астаналары батысеуропалықтардың карталарында кездесе бастайды: Қашлық «Sebur» ретінде венециандық ағайынды Пицциганилердің картасында (1367), ал Чинги-Тура «Singui» ретінде Каталон атласында (1375). Сібір (Түмен) хандығының құрылуына негіз болған әкімшілік-саяси бірлікті анықтау барысында екі негізгі пікір қалыптасты.
Тайбұға иелігі ретінде.XIII-XV ғасырлардағы Батыс Сібір жерінде біршама түрік тайпалары мекен етті. Моңғол шапқыншылығынан кейін Батыс Сібір Алтын Орда құрамына кіріп, Шибан әулиетінің жері саналғанымен, елді басқару Тайбұға заманындағы түрік шонжорлары әулиетінің қолында болды. Тайбұға Шыңғысханның құрметіне өзінің астанасы Тура қаласын Чимги-Тура деп атаған. Қазір ол қаланың орнында Түмен қаласы орналасқан. 1428 жылы Батыс Сібірді Әбілқайыр басып алды.
Шибан ұлысының құрамында.Жошының бесінші ұлы Шибан ұлысты екі рет иеленді.1227 жылы Шыңғыс хан Батый мен Орда Ежен хан арасындағы дау-дамай кезінде Жошы ұлысын 3-ке бөліп, Шибанға «Боз Орданы» берді.1246 жылы моңғолдардың «Батыс жорығынан» кейін Батый ұлысты 14 бөлікке бөлді.Ұлыстардың құрамы мен шекарасы жиі өзгеріп отырды. Алайда Шибан ұрпақтары ұлысты сақтап қалды. Өзбек ханның реформаларынан кейін Шибан ұлысы өз шекарасын өзгеріссіз сақтап қалған жалғыз әкімшілдік-аумақтық бірлік ретінде белгілі.
Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468)Көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі Әбілхайыр хан (1428-1468)Түменнің шеткі аймақтық статусынан «көшпелі өзбектер мемлекетінің» астанасына (Чинги-Тура) айналуы шейбанид әулетінің өкілі Әбілхайыр ханның тұсына сәйкес келеді. Қала келесі 18 жылға (1428-1446) мемлекеттің елордасына айналады."Чинги-Тура уәлаяты" термині дәл сол кезеңде пайда болған. «Шыңғыснама» мен «Нүсретнама» еңбектерінде түмен хандарына Қазан қаласы бағынғаны туралы дерек кездеседі.
Түмен хандығы (1468-1495)Ибақ ханның Ұлы Орданың билеушісі Ахметті өлтіруіТүмен хандығы дербес мемлекет ретінде XIV ғасырда пайда болды. Оның алдында «Ібір» атауымен Алтын Орданың құрамында еді. Тобыл өзенінің орта ағысында орналасқан. Ақ Орда, шейбанид, тайбұға билеушілерімен ұзаққа соғылған тартыстың нәтижесінде мемлекеттегі жоғарғы билікті Ибақ иеленді. 1471 жылы қазақ билеушілерімен (Керей мен Жәнібек) одақ құрған Ибақ Әбілхайыр ханның мирасқоры Шайх-Хайдарды жеңді. 1481 жылдың қаңтарында ноғай мырзалары Мұса және Жаңбыршымен бірігіп, Үлкен Орданың ханы Ахматты өлтірген. Ноғай мырзаларының қолдауына ие болған ағайынды Ибақ хан пен Мамық сұлтан 1492 жылы Қажы-Тарханды (қазіргі Астрахань) сәтсіз шабуылдады. Жорықтың нәтижесіз аяқталуына қырым ханының көмек бермеуі себеп болды. Ағайынды Ибақ пен Мамық кезінде Түмен хандығы өзінің шарықтау шегіне жеткен. Тарихи деректерде Ибақ Түмен, Қазан ханы және Шейбан әулетінің ханы ретінде белгілі. Кейбір деректерге қарағанда, Ибақ хан 1495 жылы (кейбір деректер бойынша 1493) тайбұғалық Махметтің қолынан қаза табады. Алайда бұл деректер 1620-шы жылдардың жазбаларында кездескендіктен, ғалымдар ортасында дау-дамайларға алып келді. Ибақтың өлімінен кейін билікті өз қолына алған Мамық астананы Қашлыққа(Сібір) көшірді. 1495-96 жылдары ноғай және қазан князьдерінің көмегімен Қазан тағына отырды (1495-1497). Мемлекетті басқарудағы қатыгездігі жергілікті князьдердің наразылығын тудырды. Мамық ханның сәтсіз жорығынан кейін қазан князьдері оған қаланың қақпасын ашпай қойды. Түмен хандығына қайтуға мәжбүр болған хан жолда қайтыс болды. Түмен хандығының жерлері жаңа құрылған Сібір хандығының құрамына XVI ғасырдың бас кезінде толықтай енді.
Іскер жұрты (1495-1582)1549 жылы жарық көрген Сигизмунд фон Герберштейннің картасындағы Сібір иелігі (Sibier Provincia)Мемлекеттегі дағдарыс Мамықтың өлімінен кейін хан тағына отырған Ағалақтың тұсына сәйкес келді. «Кіші мұз дәуірі» көшпенді халықтың Орта Азияға қоныс аударуына алып келді(шамамен 250-400 мың). Халықтың бірінші тобы 1490-шы, ал екінші тобы 1510-шы жылдары көшті. Халық санының күрт кемуі саяси дағдарысты тудырды. Тақ үшін талас шиеленісе түсті. Ибақ ханның ағасы Ағалақ Ноғай Ордасына бет алып, Мәскеу билеушілерімен қарым-қатынас орнатты. Хан тағына отырған Құтлық 1506 жылдан бастап «Түмен және Сібір ханы» ретінде белгілі. Алайда сыртқы саясаттағы сәтсіздіктер мен климаттың әсері 1510-1511 жылдары бірнеше ұлыстың Орта Азияға көшуімен аяқталды. Биліктен Шыңғыс ұрпақтарын ығыстырған тайбұғалық Махмет Сібір князьдігінің (уәлаяттың) негізін қалады. Тайбұға әулеті мемлекеттің жаңа билеушілеріне айналды. 1555 жылы тайбұғалық билеуші Едігер өзінің Орыс патшалығына тәуелділігін мойындады.
Көшім ханның Сібір хандығы (1563-1582)
1570 жылы жарық көрген нидерланд картасындағы Сібір ордасы (Zibieraioru horda)
Көшім ханның Едігер мен Бекболат бастаған әскерімен шайқасыТерриториясы: Батыс Сібір, Орал өңірі, Ертіс, Тобыл өзендерінің алабы. Құрамындағы тайпалар: керей, қыпшақ, найман, арғын, жалайыр, ханты, мансы т. б.Астанасы: Искер қаласы.1563 жылы хан тағына Көшім отырды. Алтыұл тайпасынан шыққан Көшім 1510 жылы Ноғай ордасында дүниеге келген. Ол 1555 жылы Сібірде билік жүргізген тайбұғалықтармен соғысып, оны жеңеді.
Мәскеу мемлекетінің Сібірді жаулап алуы (1582-1598)Сібір ханы Көшім Ресейдің шығысқа қарай ұмтылуына кедергі жасауға тырысты. 1574–1575 жылдары Сібірге барлауға жіберілген Иван Грозныйдың отрядын Көшім хан қырып тастайды. 1582 жылы Көшім әскерлері атаман Ермактың отрядынан жеңіледі. 1582 жылдың күзінде атаман Ермак 600-ге жуық казагымен Искер қаласына шабуыл жасайды. Көшім әскері жақсы қаруланған Ермак отрядынан жеңіледі. 1584 жылы Көшімнің адамдары Ермакты өлтіреді. 1598 жылы орыс әскерлеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста Көшім жеңіліп, Шығыс Қазақстан жеріне қашады. Сібір хандығының Мәскеу мемлекетінің құрамына кіру үрдісі басталды.
Мемлекетті басқару жүйесі.Сібір хандығы көпұлтты саяси бірлестік еді. Жоғарғы билеуші – хан. Ханды бектер, мырзалар, тархандар сайлайтын. Мемлекеттік құрылым жартылай әскери сипатқа ие болған. Хандықты басқаруда хан уәзірге (қараша мен кеңесші) арқа сүйеген. Сібір хандары ұлыстарды басқарып отырған мырзалар мен бектердің жұмысына араласа қоймайтын. Әскери олжаға қызығушылық танытқандықтан, мырзалар мен бектер соғыстар мен жорықтарға белсене қатысатын. Түркітілдес феодалдар қатарына ханты және мансы тайпалары феодалдарының бір бөлігі жатқан. Алайда, түркітілдес емес тайпалар, негізінен, тәуелділік жағдайында болды. Сібір хандығында туған осындай қарама-қайшылықтар мемлекеттің дамуына кері әсерін тигізді.
Халқы мен экономикасы.Түркітілдес тайпалар, негізінен, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен, балық аулаумен, аңшылықпен айналысатын. Осыған қарамастан, археологтар Тобыл мен Ертіс алқаптарында отырықшылық өмірдің белгілерін тапқан. Сол аймақтарда үй шаруашылығы, тоқыма, метал өңдеу, қыш-құмыра өнеркәсібі дамыды. Сібір хандығының негізгі әкімшілік және әскери орталықтары: Қызыл-Тура, Қасым-Тура, Явлу-Тура (қазіргі Ялуторовск қаласы), Тонтур.Көшімнің кезінде Сібір хандығында көптеген қамалдар мен бекіністер, ғимараттар салынады. Көшімнің тұсында Сібір халқы ислам дінін қабылдайды. Сібір хандығында, негізінен, сауда мен аңшылық дамыды.
Әскері.Сібір отрядтарынан өзге Сібір хандығы жорықтары кезінде жергілікті тайпалардың жауынгерлеріне арқа сүйеген. Сібір әскерінің нақты санын анықтау қиын. Алайда, Абалақ өзенің бойындағы шайқаста Көшім ханның ұлы Мәметқұл бір түменді (10 мың адам) басқарған. Хандықтың әскері орталықтандырылмағандықтан, орыс әскерлеріне қарсылық көрсете алмады. Көшім хан қол астына ноғайлардан құралған кішігірім отряд жасақтаған. Сібірдің көптеген князьдері гарнизондармен нығайтылған қалашықтарда тұрған. Сібір хандығының жауынгерлері майдан даласында садақ, қылыш, найза, айбалталарды кеңінен қолданған. Ал қорғаныс құралдары ретінде дулыға, сауынттың алуан түрін кездестіреміз.
Сібірдің билеушілері Сібірдің моңғол шапқыншылығына дейінгі билеушілері
Он-Сом хан Тайбұға (1220-белгісіз)Шибан ұлысы Шибан (1243 жылдан бастап)Бахадүр хан (1266-1280)Жошы-бұға (1266-1280)Мың-Темір (1359 жылға дейінБолат-Темір (1359-1367)Әлібек хан (1367-1375)Қағанбек (1375-1380)Дәулет шейх (1382 жылға кейін)Тоқа-Темір әулетіТоқтамыс (1396-1406)Шыңғыс-оғлан (1407-1403)
Көшпелі өзбектер мемлекеті (Әбілхайыр хандығы)Қажы-Мұхаммед (1420-1428)Жұмадық (1425-1428)Махмұд-Қожа (1428-1429)Әбілқайыр (1428-1468)
Сібір хандығыИбақ (1468-1495)Мұхаммед Тайбұға (1495-1502)Аңғыш (1502-1516)Қасым (1516-1530)Едігер (1530-1563)Бекболат (1555-1563)Көшім (1563-1598)Әли (1598-1607)Түмен хандығыИбақ (1468-1495)Мамық (1495-1496) Ағалақ (1496-1505) Құлұқ сұлтан (1505-1530) Едігер (1530-1563) Бекболат (1555-1563)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет