1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Прото және ежелгі түріктердің мәдениет генезисі



бет5/88
Дата24.07.2023
өлшемі181,36 Kb.
#104718
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
8.Прото және ежелгі түріктердің мәдениет генезисі
Соңғы палеолитте Европа тұрғындарында (кроманьондық адам) европеоидтық нәсіл, Оңтүстік Жерорта теңізі аймағында – негроидтық, Шығыс жерлерінде – монголоидтық нәсілдік белгілер ерекшеленеді. Ал, біздің жерімізде тұраноидтық нәсілдің қалыптасқандығы белгілі. Магия да – аңшылардың дүниеге қатынасы негізінде жоғарғы палеолитте пайда болған алғашқы жоралғы – сенім. Көптеген авторлар магия ең ежелгі сенім еді дей келе, оның әрекетпен байланысты екеніне баса назар аударады. Аңшылық магиясында адамның олжасына тап беріп, оны ұстап алу практикасы қайталанады. Мұны жай ғана машықтану деуге болмайды, өйткені жасанды бұл әрекет нағыз шындықтың өзіне баланып, оқиғаның мағынасы мен барысын табиғи күйінде ойнап - орындауға бағытталады. Бұл әрекет «жанды» деуге келмейтін әдет, мейрам және ойын түсін алып, мұнда адам мен қоршаған орта тұтасып кеткен. Магияда, мысалы күннің шығуы мен батуы, өсімдіктің өсіп шығуы, қараңғылықтың түсуі сияқты табиғат құбылыстары қайталанатын-ды. Мұны Австралия жергіллікті тұрғындарының тұрмыс салтынан көруге болады. Олар европалықтар бұл жерге келген кезде (палеолиттен мезолитке) өтпелі дәуірді бастан кешіруде еді. Дж.Фрезердің айтқанындай, табиғат пен адамдарға әсер ету мақсатында қолданылатын магиялық, тылсымдық әдістер обьектінің фигурасы немесе бейнесіне қаратылады-мыс. Ал бөлік бүтінге тең деп есептелінетін магиялық әрекетте бейнелеу үдерісі талап етілмейді, бірақ дуаланатын заттың бір бөлігі (шашы, киімі, сілекейі, т.б,) алынып, әрекет обьектісіне айналады. Жоғарғы палеолит ұжымдық бейсаналықтың негізгі рәміздерін – архетиптерін тудырған дәуір.
9. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері.
Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды. Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық кұрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін коғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай — әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік қатынастары түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет