1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі



бет3/88
Дата24.07.2023
өлшемі181,36 Kb.
#104718
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
Байланысты:
Казакстан тарих ГОС

4. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.
Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы металл кендері көп жерлерде дамыды. Мұндай өңірлерде дайындалған қола бұйымдар бірте-бірте іргелес жатқан жерлерге де тарады. Адам баласы мысты энеолит дәуірінде игерген болатын. Оған қарағанда, қоланың қатты әрі берік болуы құрал-саймандардың сапасын арттырып, еңбек өнімділігін жоғарылата түсті. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. 1-мыңжылдықтың басын қамтиды. Ежелгі қола құралдары Оңтүстік Иран, Түркия мен Месопотамиядан табылды. Кейінірек олар Мысырға (б.з.б. 4-мыңжылдық аяғы), Үндістанға (б.з.б. 3-мыңжылдық соңы), Қытайға (б.з.б. 2-мыңжылдық ортасы) және Еуропаға, Қазақстанға (б.з.б. 2-мыңжылдық) тарады. Қола дәуірінің Америкада өз тарихы бар. Мұнда металлургия орталығы Перу мен Боливия жерінде болды. Африкадағы қола дәуірі туралы мәселе археологиялық зерттеулердің жеткіліксіздігіне байланысты әлі толық шешілмей келеді.Энеолит(лат. aeneus – мыс және гр. lіtos – тас) – неолит пен қола дәуірі аралығындағы археологиялық кезең (тас-мыс кезеңі). Энеолитте тұңғыш рет таза мыс белгілі болды және одан әр түрлі әшекей бұйымдар мен еңбек құралдары жасалды. Алайда Энеолитте тас құралдары әлі де басым болды. Энеолит дәуіріне Орталық Азиядағы Анау мен Намазғы-Төбе мәдениеті, Украинадағы Триполь мәдениеті, Оңт. Кавказдағы Шенгавий мәдениеті, Қазақстанда Жезқазған көне құдықтары жатады. Энеолит кезінде егіншілікпен қатар, аңшылық және мал шаруашылығы қатар дамыды.

5.Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.
Қола дәуірінде өнер түрлері, оның ішінде петроглифтер, яғни жартасқа сурет салу өнepi дами бастады. Ерте заманның суретшілері жартастың теп-тeгic жазық бетіне аңдардың, адамдардың бейнесін немесе белгілі бip сюжеттік желіге кұрылған тұтастай композицияны шекімелеп түcipгeн. Жартастағы суреттер - нәзік те, күрделі өнер, оның кұпиясын түсініп, мән-мағынасын ашу үшін зерттеуші археология, тарих, этнография, геология, өнертану және мифология салаларынан хабардар болуы керек. Олар жартастағы суреттер арқылы айналада болып жатқан құбылыстарды, өздерінің білетін білімімен тәжірибесін, өздері жөніндегі мәліметтерді символдармен кейінгі ұрпаққа бере білген.
XX ғасырдың 60-70 жылдары археология ғылымында петроглифтерге деген аса кызығушылық ғалымдардың жеке-дара зерттеулерінен көрініс тапты. Соңғы жиырма-отыз жылдықта әлем ғалымдары арасында тарихымызға тастағы суреттерді зерттеуге деген ұмтылған жаңаша көзқарастар қалыптастыруда. Осындай көзқарастар аясында туындаған зерттеулер барысында Қазақстанның шексіз таулы-далалы аймақтары да қамтылып, жүздеген петроглифтік орындар анықталды. Олардың біразы ежелгі ғибадатхана орындары, яғни ежелгі адамдардың ұзақ уақыт бойы мекендеген тұрағы, рухани мәдениетінің жетістігі болып табылатын орталықтардан табылған тастағы жазулар. Көне заманда діни ғұрыптық іс-шараларды өткізгенде оны шынайы түрде көрсету мақсатында жасалған тастағы таңбалар осының айғағы. Ашық аспан астында су көздеріне жақын маңда орналасып, түрлі культтік-мистикалық табыну ғұрыптарын жасаған адамдар діни-мифологиялық көріністерін жартас беттеріне түсіруге тырысқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет