14. Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлі. Тоғызыншы ғасырдың аяғы, оныншы ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы осы өзеннің бойындағы Янгикент – жаңа Гузия қаласы болды. Оғыз мемлекетінің халқы түркі және иран тілдерінде сөйлеген.
Түріктілдес оғыз тайпалары ерте орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген. жетінші ғасырда Батыс Жетісуды мекендеген оғыз тайпалары Түркі қағанатының құрамында болған. Оғыздар құрамына түркітілдес көшпелі тайпалар ғана емес, үндіеуропалық және финн-угор тайпалары да енген.
Ал Махмуд Қашғаридің сөздігінде оғыздардың Жетісу және Ыстықкөл мен Шу өзенінің аралығында басқа да түркітілдес тайпалармен қатар өмір сүргені жазылған. Кейін қарлұқтардың күшеюіне байланысты олардың қысымына шыдамаған оғыздар Сырдарияның бойына барып қоныстанған.
Батыс Түркі және Түргш қағанаттары құлап Жетісуда Қарлұқ қағанаты құрылғаннан кейін оғыздар Сыр бойына ығысқан.
Алғаш оғыздар бұл аймаққа келіп орналаса бастағанда жергілікті печенегтердің қарсылығына тап болады. Олар тоғызыншы ғасырдың басында печенегтерді талқандады. Печенегтер жеңіліп, батысқа қарай жылжуға мәжбүр болған. Оғыздар Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал бойының далалық алқабын басып алды. Тоғызыншы ғасырдың соңында олар хазарлармен одақтаса отырып, печенегтерге соққы берді де, Жайық пен Еділ бойы аралығын толық иемденді. Махмуд Қашғари оғыздардың бастапқы кезде 24 тайпаға бірігіп, боз оқ және үш оқ деген екі топқа бөлінгенін келтіреді. Боз оқтар ерекше артықшылықтарға ие болған.
15.Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы. Қимақ қағанаты – Шығыс және Орталық Қазақстанда тоғызыншы ғасырдың соңы мен он бірінші ғасырдың басында өмір сүрген мемлекет.
Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар жетінші ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс Түркі қағанатының құрамына кірген.
Сегізінші ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. Тоғызыншы ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады.
656-ыншы жылы Батыс Түрік қағанаты тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840-ыншы жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді.
Гардизидің баяндауынша қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Олардың ішінде сан жағынан басымы қыпшақтар болды. Қимақтар Тоғыз-оғыз және Енисейдегі қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып, сегіз-тоғызыншы ғасырлардағы оқиғалар барысында Ертістен Жоңғар қақпасы аралығындағы аумаққа берік орнықты. Қимақ қағанатының құрылуы тоғызыншы ғасырдың ортасында аяқталды. Мемлекеттің орталығы Ертістің жоғарғы жағында орналасты.
Осылайша Қимақ мемлекетінің құрылуына қадам жасалды.