48.Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары. .1760 жылдары Абылай ханның Жоңғариядан жаңа босаған Шығыс өлкені бейбіт игеру саясатына қырғыз тайпаларымен жиілеп кеткен шиеленістер теріс әсер ете бастады. Екі арадағы жаугершіліктің басты себебі - Шу бойындағы шүйгін алқаптарға, Шығыс Түркістанмен арадағы сауда жолдарына талас. Қалмақ шапқыншылығы кезінде Хиссар асып кеткен қырғыз тайпалары Жетісу өлкесіне қазақтан кейін келді. Лама Дорждының заманында, Әмірсана мен Давацидың бүлігі кезінде, одан кейіе Қытай шабуылы кезінде Жоңғария жұртына емін-еркін еніп кеткен қазақтың жауынгер елі өз қарамағына алып қалған Жетісу сияқты жер жаннатыны қырғызға беріп қойып қарап отыра алмас еді. Оның үстіне қазақ саудагерлері Ерен-Қабырға бойындағы арзан сауданы менсінбей, Қашқария базарларының қымбат саудасына араласқысы келді. Қырғыз болса бір жағынан жерден үлес алғысы келсе, екнішіден сауда керуендеріне кедергі жасап екі арадағы қарым-қатынасты ушықты.
Бір жағынан қазақ пен қырғыз арасындағы жағдай мемлекет аралық ережелерге келмейтін де еді, себебі қырғыз жұрты қазақ түсінігінде қашанда өз шылауында жүрген ел.
Бізге белгілі құжаттар қырғыз елінің Есім хан заманынан бері қазаққа қанаттас болып жүргенін айқындайды. «Есім хан қатағанның хан Тұрсынымен соғысып, Тәшкентті аларда қырғыз Көкем би жанында екен. Сол бидің құрметіне деп Тәшкенде «Көкемнің көк күмбезі» аталатын құрылысты салған еді» деп жазады Шоқан Уәлиханов.
Күні кеше ХУІІІ ғасырдың 20-жылдары екі халық қиыншылықты бастарынан қатар өткерді. Қазақ «Ақтабан шұбырынды» болса, қырғыз қалмақтың соққысынан «Қарсы-Құзарды асып, қайың сауып кетті». Дүрбен-ойрат мемлекетінің күшейіп тұрған кезінде қырғыздар Алатаудан шегініп арғы Памир, Бадахшан маңына барған, Әндіжанды қоныстанған. Бірақ аздаған бөлігі Тянь-Шань мен Іле арасында көшіп жүріпті. Жоңғарияны бір жағынан Қытай, бір жағынан Қазақ хандығы құлатқан уақытта қырғыздар қайтып келіп Нарын, Шу басы, Ыстықкөлдің маңын қоныстана бастады. 1760 жылы қырғыздың мыңдаған үйі Атбасыға көшіп келді, бір бөлігі Таласқа бағыт алды. Бұл көш-қон қытайды да, қазақты да ойл андыра бастады. Қара қалмақпен қанша соғысып, енді қайтарып алдық па дегенде ата-бабаның кіндік қаны тамған жерге басқалар иелік ете бастаса не істмек керек ?. Осыдан қазақ пен қырғыз арасында шекара соғысы басталды.