1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Қазақ халқының этникалық аумағы қалыптасуының аяқталуы



бет21/88
Дата24.07.2023
өлшемі181,36 Kb.
#104718
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88
40.Қазақ халқының этникалық аумағы қалыптасуының аяқталуы
Халықтың қалыптасуы өте күрделі және ұзақ үрдіс болып табылады. Халық болып қалыптасу үшін төмендегідей жағдайлар қажет:
Белгілі деңгейдегі мәдениеттің дамуы;
Шекаралары белгіленген территория;
Белгілі деңгейде қоғамдық–этникалық сананың қалыптасуы;
Біртұтас қалыптасқан ортақ тіл;
Этникалық өкілдердің көпшілігіне тән белгілі сипаттағы сыртқы пішін;
Этностың негізгі этносаяси немесе тарихи-географиялық белгілерін көрсететін мемлекеттің атауы.
Қазақ халқының қалыптасу үрдісін оқып-үйренген кезде Қазақстан жерін мекендеген ертедегі тайпалардың өмір тарихына көңіл аудару керек. Дәстүрлі түрде Қазақстан жерін мекендеген тайпаларды зерттеу қола дәуірінен басталады. Біздің заманымызға дейінгі 2-1 мыңжылдықтарда Қазақстан және оған шекаралас жерлерді мекендеген тайпаларды олардың мәдениетіне қарай андроновтықтар дейді. Андроновтықтар туралы толық мәлімет жоқ. Алайда ғалымдар қазақ этносы өзінің рассалық-генетикалық бастауын осы қола дәуірінен алады деп есептейді. Оны қазақтың ұлттық мәдениетімен андроновтықтардың мәдениетінің ұқсастығы дәлелдейді. Мысалы, андроновтықтардың қыштан істелінген заттарындағы өрнектер қазіргі қазақ кілемдеріндегі өрнек нақыштарымен сәйкес келеді. Отқа, ата-баба рухына табыну, көптеп қой, жылқы малдарын өсіру және оны тамақ ретінде пайдалану андроновтықтар мен қазақтардың өмір салтының ұқсастығының белгісі болып табылады.
Қазақстан жерін мекендеген үйсін, сақ, ғұн, қаңлы және сармат тайпалары қазақтардың арғы тегі болып табылады. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша үйсін тайпалары мен кейінгі қазақ этносының арасында тікелей этногенетикалық байланыс бар. Оларда көшпелі өмір салты мал шаруашылығымен байланысты, киіз үйді кең пайдаланған, ет-сүт өнімдерін тамаққа қолданған, бидайдан нан пісірген және т.б. айқындаушы ұқсастықтар көп.
41. Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары.
ХVІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығынан бастап жоңғарлармен күрестің шиеленісуіне байланысты Қазақ хандығы терең дағдарысқа ұшырады. Бұл соққы Қасым, Хақназар, Есім мен Тәуке хандардың саясаты негізінде орныққан мемлекеттіліктің негізін шайқалтты. Тәуке ханның өлімінен кейін қазақтардың өмірінде тұтастай сәтсіздіктер басталды. 1717-1718 жылдары қазақ әскерлерінің талқандалуы, Тәукені алмастырған Қайып ханның өлімі, 1723-1727 жылдардағы «Ақтабан шұбырындыда» Болат ханның өлімі хандықты әлсіретті. Тек ХVІІ ғасырдың 20-жылдарының аяғына таман «сыртқы қауіп ішкі өзара қырқыстарды ымыраластырып, жауға қарсылық көрсетуге бағыттаған кездерде ғана қазақтар жоңғарларға тойтарыс бере алды» деп жазады А.И.Левшин.
Жоңғар деп ХVІ-ХVІІ ғасырларда Ертістің жоғарғы ағысы, Алтай тауларының етегін мекендеген батыс монғол тайпаларының одағын атайды. «Жоңғар» сөзі қазақшаға аударғанда «Сол қол» дегенді білдіреді және бастапқыда осы одақтағы басты тайпалардың бірі — чоростар мен ішінара дүрбіттердің атына ғана қатысты болды. Шын мәнінде бұл одаққа азды-көпті торғауыттар мен хошоуыттар да кірді. Орталық Азияның түркі тектес халықтары бұл тайпаларды «қалмақ» терминімен атайды. Ал орысша атауы «калмык». Қытай деректерінде оларды «элют» деп те атайды. Батыс монғол тайпаларының шын атауы «ойрат» немесе «дүрбіт-ойрат» — төрт тайпаның одағы дегенді білдіреді.
Жоғарлардың күшеюі чоростардың билеушісі Батурдың билікке келуімен байланысты, ол ойрат көсемдерінің ішінде алғашқы болып «қонтайшы» титулын алды. 1635 жылы оған Тарбағатай аймағында Ұлан-Урга елді мекенінде ойрат тайпаларының көсемдерін құрылтайға жинауға мүмкіндік туды, онда «Дала ережесі» (Цааджин бичиг) деп аталатын заң қабылдады. 1635 жылғы қалмақ ақсүйектерінің құрылтайынан соң Қазақ хандығының шығыс шекарасына шапқыншылықтар жиілеп кетті.
Жоңғарлар қазақтардың солтүстіктегі далаларына белсенді түрде жылжи түсті, ХVІІ ғасырдың 30-40 жылдарының өзінде-ақ Ертіс өзені мен Балқаш көлінің арасындағы аумақ іс жүзінде жоңғарлардың бақылауында болды. Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында қонтайшының ордасы орналасты. Қазақ хандығына жоңғар шапқыншылықтарының жаңа толқыны Галдан-Бошохту ханның есімімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет