1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. басындағы мәдениеті



бет23/88
Дата24.07.2023
өлшемі181,36 Kb.
#104718
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   88
44. Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. басындағы мәдениеті
14-15 ғасырларда шаруашылықтың басым түрі мал шаруашылығы болды. Материалдық игіліктер мал басынан алынатын шикізат көзіне байланысты жасалып отырды. Отырықшы аудандарда жер өңдеуге темір соқа, жерді тегістейтін мала, орақ, шалғы, кетпен, ағаш күрек пайдаланылған. Ұн тартатын су және қол диірмендер, бидай және тары түйетін келі-келсаптар болған. 14-15 ғасырларда ру-тайпалардың әдеби туындылары ауызша таралды. Фольклордың ертедегі үлгілері мифологиялық сюжеттерден тұрады. Ғарыш пен Жердің Ғайыптан пайда болуы немесе Күн мен Айдың және жұлдыздардың қайдан шыққандығы туралы түрлі аңыздар сақталған. 6-8 ғасырлардан бастау алған батырлық жырлары толықтырылып, 14-15 ғасырларда эпостық жырға айнала бастады. 13-15 ғасырларда авторы белгілі ауызша поэзияның үлгілері дами бастады. Ауызша поэзияның өкілдері: Кетбұға, Қотан, Сыпыра жырау, Асан Қайғы. 14-15 ғасыр аралығында ауызша әдебиетпен қатар жазбаша әдебиет те дами бастады. Олардың көпшілігі қыпшақ тілінде жазылған. Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыздар: “Жошы ханның жортуы”, “Ақсақ құлан”, “Ел айырылған”, “Сағыныш”. 14 ғасырда Өзбек пен Тоғылық-Темір хандардың билігі кезінде исламның таралуына қатты көңіл бөлген. Қазақстанда исламның суфизм тармағы таралған. Суфизмнің кейбір идеялары мен әдет-ғұрыптары шаманизмнің наным-сенімдеріне жақын болған.

45. Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Қадырғали Қасымұлы Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануы.
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати — ХVІ ғасырда ғұмыр кешкен көрнекті мемлекет қайраткері, əскери қолбасшы, атақты тарихшы, əдебиет майталманы. Ол өмірін Орта Азия, Шығыс Түркістан, Тибет, Үндістан елдерінде өткізген. М.Х. Дулати тарихшы жəне қаламгер ретінде екі шығармасымен зерттеуші-ғалымдар арасында кеңінен танымал тұлға атанды. Бірі – бұл кісінің сəулетті даңқын дүние жүзіне əлпештеп таратқан, оның парсы тілінде жазылған «Тарих-и Рашиди» деген кітабы. Осы энциклопедиялық шығармада ұлттық тарихқа, мəдениетке қатысты түйінді ой-пікірлер, терең толғамдар, парасатты пайымдаулар мол. Мұхаммед Хайдар өз еңбегінде тек тарихты ғана жазып қоймаған. Сонымен қатар адамзат құндылықтары, өмірдің мəні мен мағынасы туралы пəлсапалық ойларын түйіндеген. Өмірдің баянсыздығын, оның өтпелі екендігін айта келе бабамыз ұрпақтарын ізгілікке шақырған. Шығарма көркем ойлармен, өлең жолдарымен өрілген. Екіншісі — «Жаһаннаме» атты шығыстық үлгідегі, түркілік дүниетаным биігінен ой толғайтын, даналық сөз айтатын классикалық жыр-дастаны. «Жаһаннаменің» негізгі тақырыбы махаббатқа деген адалдық, адам- гершілік, адамды сүю, қастерлеу, əділдікті ардақтау болып келеді.
Қадырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХВЫ-ғасырдың ортасы мен ХВЫЫ-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет