124. Ұлттық Құрылтайды құру және оның мақсат, міндеті. Алғашқы құрылтайға 117 адам іріктеліп алынғаны белгілі. Дегенмен, бұл тізім ауысып тұрады.
«AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды EL.KZ партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиналғандар Ұлттық құрылтайдың жаңа замандағы рөлі, мақсат-мұраты неде? Оның Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінен айырмашылығы қандай? т.б. қатарлы сауалдар төңірегінде ойларын ортаға салды.
16 маусым күні ел тарихында тұңғыш рет ұлт ордасы – Ұлытауда елдің елеулі азаматтарының басын қосқан Ұлттық құрылтай өткені белгілі. Осы орайда Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай құрылтайдың мақсаты мен міндетіне тоқталды.
Құрылтай – ата-бабамыздан келе жатқан аса маңызды шешім қабылдайтын ұлық жиын. Ол – дала демократиясының жарқын көрінісі. Біз ата-баба аманатын арқалап, жолын жалғап, көне дәстүрді жаңғырттық. Арада ғасырлар өтсе де, мақсатымыз ортақ – бірлікті бекем етіп, алқалы жиында ұлтымыздың болашағын айқындайтын шешімдер қабылдау, - деді ол.
Өз кезегінде «Егемен Қазақстан» АҚ Басқармасының төрағасы, «AMANAT» партиясы Саяси бюросының мүшесі Дархан Қыдырәлі құрылтайды ашық қоғамның тағы бір көрінісі деп бағалап, оның өзге кеңесу алаңдарынан айырмашылығын кеңінен тарқатып айтты.
Жаңа Қазақстанның міндеті – ашық азаматтық қоғам құру, әділетті мемлекет орнату, демократиялық үдерістерді жүргізу. Ал құрылтай ашық азаматтық қоғамды дамытуға үлкен үлес қосады. Мұндағы айтылған пікірлердің барлығы елдің мұң-мұқтажын, халықтың тілегін жеткізуі тиіс. Құрылтай – бұл халықтық құрылым. Сондықтан оны ашық қоғамның тағы бір көрінісі деп айтуға болады. Бізде Парламент, Мәжіліс, Сенат, Ассамблея және басқа да мінберлер бар. Бірақ құрылтай халық өкілдерінің арасынан жиналғандықтан, халықтың сөзін айтатын биік мінбер болады деп сенеміз, - деді Дархан Қыдырәлі.
125. Білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ» бағдарламасы. «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстанның бірегей брендіне айналды. Мұны Елбасымыз да өткен жылы елордада өткен «Болашақ» халықаралық стипендиясының 25 жылдығына арналған «Адами капитал - жаңғыру негізі» атты форум қатысушыларына жолдаған құттықтауында атап өткен еді.
«Ширек ғасырдан бері еліміздің талантты жастарына қолдау көрсетіп келе жатқан «Болашақ» стипендиясы дүниежүзіне танылған қазақстандық брендке айналды. Біз сонау 1993 жылдан бері 13 мың жастың шетелде білім алуына жағдай жасап, олардың заман талабына сай білікті маман болуына жол аштық. Бүгінде «Болашақ» стипендиясымен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында жүздеген ғылыми әзірмелер мен ірі жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге жетіп отыр», - делінген еді Тұңғыш Президенттің құттықтау хатында.
Иә, «Болашақ» халықаралық стипендиясы ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған. Бағдарлама академиялық оқудан (магистратура, докторантура), сондай-ақ әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды. Осы уақыттың ішінде «Болашақ» бағдарламасы еліміздің стратегиялық басымдықтарына негізделе отырып, дамудың бірнеше кезеңдерінен өтті.
26 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы еліміздің стратегиялық басымдықтарына негізделе отырып, дамудың бірнеше кезеңдерінен өтті. 1994-2004 жылдары «Болашақ» халықаралық стипендиясы 785 қазақстандыққа 13 елде білім алу үшін тағайындалды. 2005-2007 жылдары жыл сайын тағайындалатын стипендия саны 3000-ға дейін көбейді. 2008-2010 жылдары ауыл жастары, мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми-педагог қызметкерлері үшін жеңілдік санаттары, 12 айға дейін ғылыми және педагогикалық қызметкерлер үшін шетелде ғылыми тағылымдамалар бағдарламалары енгізілді. Ал 2011-2013 жылдары бакалавриат бағдарламасының күші жойылып, кадрларды іріктеу мен даярлаудың бағдарламалық-нысаналы әдісі, медициналық және инженерлік-техникалық қызметкерлерге арналған тағылымдамалар бағдарламасы енгізілді. 2005 жылдан 2013 жылға дейін «Болашақ» стипендиясы әлемнің 30 елінің 200 үздік ЖОО-да оқу үшін 10 117 қазақстандықтарға берілді. 2014-2016 жылдары әлемдік жоғары оқу орындары ТОП-200-ден ТОП-100-ге дейін қысқартылып, мамандықтар бойынша әлемдік жоғары оқу орындары ТОП-30-ға артты. 2017-2018 жылдары стипендиаттарды оқыту үшін ЖОО тізімі оңтайландырылды. Тізім әлемдік білім беру индустриясы көшбасшыларының университеттерімен толықтырылды. Болашақтықтардың бастамасы бойынша «Қазақстан-2050», «Болашақ» қауымдастығы,«ҚазАльянс» сияқты қоғамдық және студенттік қозғалыстар құрылды.
«Тағы бір жаңалық - біз квотаның барлық түрінен бас тартамыз. Қазір мемлекеттік қызметшілер үшін, инженерлік-техникалық мамандықтар үшін квота бар. Осы квоталар жойылады. Бір ғана жалпы конкурс және мақсатты дайындық болады», - деді ол.
Халықаралық бағдарламалар орталығының деректеріне сәйкес, түлектердің 40 пайыздан астама экономиканың шынайы секторында, 20 пайызы білім және ғылым саласында, 7 пайыздан астамы медицина мен денсаулық сақтау саласында жұмыс істейді. Болашақ түлектерінің төрттен бірі ірі компаниялар мен мемлекеттік ұйымдардың топ-менеджері болып еңбек етуде.