1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері



бет87/88
Дата24.07.2023
өлшемі181,36 Kb.
#104718
түріСабақ
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88
Байланысты:
Казакстан тарих ГОС

129. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері.
Өзінің сапалық деңгейін арттыра түскен бұл дәстүрлі форум – әлемнің діни-экономикалық-саяси мәселелері ушығып тұрған уақытта мәдениеттер мен өркениеттер арасын жалғап, олардың тіл табысуына, бір-бірімен ы­­мыраға келіп, ынтымақтастығын кү­шейтуге бағытталған шара. 2003 жылдан бері Астана төрінде әр үш жыл сайын шақырылып, осы аралықта конфессияаралық ке­лісімдерді нығайтып, алуан түр­лі діни қауымдастықтардың қа­рым-қатынасы жаңа деңгейге кө­те­­рілуіне ықпалын тигізген Съезд өзі­нің дінаралық диалогтағы орнын қалып­тастыра білді. Іргесі берік қаланған осы шараның бітімгершілік рөліне деген сенім әр форум сайын артып келеді.
Оған Қазақстан азаматтарының діни татулығын, түр­лі этностардың ортақ ымыраға келіп, түсіністікпен бір шаңырақ астында тір­лік кешуі де ықпал етті. Міне, Прези­денттің Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін шақыру туралы 2003 жылғы бастамасы әлемдік жетекші дін басшыларының үнемі бір жерге жиналып, ғаламдық мәселелер жөнінде өзара пікір алмасуын дәстүрге айналдырды. Кездесу орны – Астана.

Осы орайда дінаралық диалог алаңын қалыптастыруға алғышарт болған бірқатар себеп­­терді атап өтсек. ХХ ғасыр­­дың ал­ғаш­қы жылдары біздің жадымызда әлемнің өте күрде­лі кезеңі ретінде сақ­та­лып қалды. Мәселен, АҚШ-тағы 11 қыр­күйек оқиғасы, Ауған және Ирак жерлеріндегі әскери операциялар секілді ірі оқи­ғалар тізбегі дүние тыныштығына ауқым­ды түрде кері әсерін тигізген жағ­да­ят­тар болды. Бұл орайда Қазақ­стан қауіпті жаһандық ахуалды бақылаудан шығармай, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту және насихаттау мақсатында нақты шараларды қолға ала бастады. Мәселен, 2001 жылдың қыркүйегінде Рим Папасы ІІ Иоанн Павелдің Астанаға тарихи сапары, 2002 жылы Алматыда өткен АӨСШК-тің алғашқы саммиті, 2003 жылы ақпан айында Халықаралық бейбітшілік және келісім конференциясы ұйымдастырылды.


Өткен кезеңдерде туындаған алмағ­айып саяси оқиғалар мен діни қырғи-қабақ қақтығыстар, көпконфессиялы қоғамдағы проблемалар әлі күнге дейін өз шешімін күтіп, өзектілігін жоймай келе жатыр. Сол себепті де дәстүрлі дін өкілдері бір-бі­рін жатсынбай, Астана дінаралық диа­лог алаңында үш жыл сайын өздерін толғандырған мәселелер туралы ортақ ой өрбітіп келеді.
Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас­шылары съезінің тарихи рөлі мен әлеуеті жыл өткен сайын артуда. Бақай есепсіз, мемлекеттердің орнықты дамуы мен ымырамен өмір сүруін жақтайтын бұл рухани үнқатысу алаңы өзінің нәтижелілігін, өміршеңдігін паш етті. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, бұл Съезд «дінаралық қатынастар туралы ғасырлар бойы қалып­тасқан стереотиптерді еңсеріп, ХХІ ғасыр­дағы жаһандық толерант­тылық пен өзара түсініс­­тіктің пәрменді формуласын жасауға мүмкіндік берді». Елбасы алғашқы Съезд барысында-ақ дінаралық диалогтың мән-мағынасын ашып берді. «Түпкі мақсатты белгілеудің қажеті жоқ, оны белгілеуге болмайды. Біртұтас діни кеңістік құру да мүмкін емес. Орын алып отырған қайшылықтардың барлығын да еңсере алмаймыз, оның үстіне олар кейде ұлы діндердің түп негізіне қатысты болып жатады. Тұрақты диалог орнатудың басты құндылығы – көзқарастар мен түсініктердің қарама-қайшы­лығына қарамастан, жалпыға ортақ мәмілеге келу қажет­тігінің маңызын түсіну және оған қол жеткізудің жолдарын іздестіру болып табылады. Ең бастысы – диалог бейбітшілік пен келісім алаңын, үйлесім мен айқындық дәуірін қалыптастырады», деп нақты тұжырымдады. Міне, осы тұжырымдамадан кейін жүзеге асқан әр Съездің арқалаған жүгі ауырламаса жеңілденген жоқ.
Бес Съезд барысында маңызды құжаттар қабылдануымен бірге, Форум­ның институттық құрылы­мының жетіл­дірілуі қатар жүзеге асты. І Съезд декла­рациясының маңызы өте жоғары, себебі бұл басты құжат әлемдік және дәстүрлі діндердің өзара тоғысу нүктелерін анықтап, ортақ құндылықты айқындады. Онда «Діни нанымдар мен уағыздардың түрлілігі өзара күмәндануға, кемсітуге және жәбірлеуге емес, дін мен мәдениеттің бірегейлігін көрсететін өзара түсіністік пен үйлесімділікке әкелуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет