1. «Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері және тарихнамасы


ХІІІ-ХҮғасырлардағы Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз



бет22/26
Дата10.05.2023
өлшемі74,78 Kb.
#91642
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
23.ХІІІ-ХҮғасырлардағы Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Қазақстанның аумағында орта ғасырдағы ең қуатты мемлекеттер саналған Алтын орда мен Шағатай мемлекеттерінің пайда болуықала мәдениетінің өркендеуіне әсер етті.Алтын Орданың орталық бөлігінде ірі қалалар бой көтерді.Алтын Орда жерінде 300-ден аса қала болған.Қаладағы адамдардың негізгі тіршілік көзі сауда болды.Алтын Ордадағы Сарайшық қаласында теңге сарайы орналасты.Ислам дінінің келуімен 13-15 ғасырларда мешіттер мен кесенелер салына бастады.14-15 ғасырларда шаруашылықтың басым түрі мал шаруашылығы болды. Материалдық игіліктер мал басынан алынатын шикізат көзіне байланысты жасалып отырды. Отырықшы аудандарда жер өңдеуге темір соқа, жерді тегістейтін мала, орақ, шалғы, кетпен, ағаш күрек пайдаланылған. Ұн тартатын су және қол диірмендер, бидай және тары түйетін келі-келсаптар болған.14-15 ғасырларда ру-тайпалардың әдеби туындылары ауызша таралды. Фольклордың ертедегі үлгілері мифологиялық сюжеттерден тұрады. Ғарыш пен Жердің Ғайыптан пайда болуы немесе Күн мен Айдың және жұлдыздардың қайдан шыққандығы туралы түрлі аңыздар сақталған. 6-8 ғасырлардан бастау алған батырлық жырлар толықтырылып, 14-15 ғасырларда эпостық жырға айнала бастады. 13-15 ғасырларда авторы белгілі ауызша поэзияның үлгілері дами бастады. Ауызша поэзияның өкілдері: Кетбұға, Қотан, Сыпыра жырау, Асан Қайғы.14-15 ғасыр аралығында ауызша әдебиетпен қатар жазбаша әдебиет те дами бастады. Олардың көпшілігі қыпшақ тілінде жазылған. Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыздар: “Жошы ханның жортуы”, “Ақсақ құлан”, “Ел айырылған”, “Сағыныш”.14 ғасырда Өзбек пен Тоғылық-Темір хандардың билігі кезінде исламның таралуына қатты көңіл бөлінген. Қазақстанда исламның суфизм тармағы таралған. Суфизмнің кейбір идеялары мен әдет-ғұрыптары шаманизмнің наным-сенімдеріне жақын болған. Сонымен 14-15 ғасырларда ислам діні мен шаманизмнің кейбір наным-сенімдері қатар өмір сүрген.14-15 ғасырларда ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған. Осы кездегі сәулет өнерінің тамаша үлгілері – Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи, Көккесене, Алаша хан, Дәуітбек, Тектұрмас кесенелері. Отырардың батысында 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын жерде Арыстан баб кесенесі орналасқан. Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салуға 1397 жылы Әмір Темір бұйрық берген. Кесене биіктігі – 37,5 метр, екі биік күмбезді. 35 бөлмеден тұрады, ең негізгісі – кітапхана, басты бөлмесі – көрхана. Оңтүстік жағындағы үлкен және кіші ақсарайда атақты адамдар жерленген. Көккесене – Сығанақтың маңында, Төменарық кентінен 8 км жерде орналасқан бір күмбезді кесене. Алаша хан кесенесі Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасына салынған. 15 ғасырдың II жартысында салынған Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі Йассауи ғимаратының шығысында, 60 м жерде орналасқан.Кесенелер негізінен төрт бұрышты шар тәріздес күмбезді болып келген.Моңғол басқыншылығы моңғолдар кезінде қазақ жеріне білім мен мәдениетін тарата алмады.Бату хан кезінде бүкіл мемлекеттік және ресми құжаттар түркі тілінде жүргізілсе,Алтын Орданың басты хандары кезінде жазба деректер 3 диалекті (қыпшақ,оғыз,қарлұқ) тілдерінің негізінде жасалды.13-15 ғасырларда діни дидактикалық сарындағы кітаптар мен сөздіктер шыға бастады.Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі-Сайфи Сараидың Гүлстан бит-түркі,Әл Хорезмидің Махаббатнаме,Құтыптың Хұсрау Шырын дастандары қыпшақ-парсы тілінде жазылған.13-15 ғ. жыраулар поэзиясы Сыпыра жырау мен Кетбұғадан басталады.Халық аңыздары бойынша Кетбұғаның өлеңдері Шыңғысханға арналған.Соның бірі-"Жошы өлімін жоқтау"14-15 ғасырларда сәулет өнерінің жаңа үлгілері қалыптаса бастады. Ғимарат төбесін жабу ісінде күмбез-шатыр жүйесі жетілдірілді, жаңа қаптама материалдар пайда болды. Құрылыс материалының соншалықты жоғары сапалы болуы сәулет өнерінің орта ғасырларда биік деңгейде болғанын дәлелдей түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет