1. «Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері және тарихнамасы


Қимақ мемлекеті: этносаяси тарихы мен мәдениеті мен шаруашылығын сипаттаңыз



бет6/26
Дата10.05.2023
өлшемі74,78 Kb.
#91642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
7.Қимақ мемлекеті: этносаяси тарихы мен мәдениеті мен шаруашылығын сипаттаңыз.Қимақ қағанаты(9ғ соңы-11ғ басы) – Шығыс және Орталық Қазақстанда өмір сүрген мемлекет.Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар жетінші ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс Түркі қағанатының құрамына кірген.Сегізінші ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. Тоғызыншы ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады.656-ыншы жылы Батыс Түрік қағанаты тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840-ыншы жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Гардизидің баяндауынша қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Олардың ішінде сан жағынан басымы қыпшақтар болды. Қимақтар Тоғыз-оғыз және Енисейдегі қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып, сегіз-тоғызыншы ғасырлардағы оқиғалар барысында Ертістен Жоңғар қақпасы аралығындағы аумаққа берік орнықты.Мемлекеттің орталығы Ертістің жоғарғы жағында орналасты.Осылайша Қимақ мемлекетінің құрылуына қадам жасалды.Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түркі атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары болды.Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі. Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да, хаканнан тиісінше үлес алды. Әрбір иелік хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды. Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған. Қимақтарда жазу болған деп топшылауға дәлел бар. Мұны Әбу Дулафтың мына сөзінен көреміз «Оларда қамыс өседі, бұл қамыспен олар жазады». Тегі қимақтар қамыс қаламмен жазып, мұнда ежелгі түркі әліппесін пайдаланған болуы керек. Мұны Ертіс бойынан, Тарбағатай тауларынан тоғыз-оныншы ғасырларға қатысты табылған заттар, жазулары бар қола айналар да көрсетеді.Салыстыру тұрғысынан алғанда ертедегі түркіердің шонжарларына мынадай дәреже сатылары: шад, ябғу (ұлы шад), кіші қаған, ұлы қаған атақтары тән болған. Қимақтар негізінен малшаруашылығымен айналысты. Олар егіншілікпен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайгада қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнер де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды.Тоғыз-он бірінші ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. Әл-Идрисидің дерегіне қарағанда олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарында орналасқан. Әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады.Оныншы ғасырдың аяғы, он бірінші ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды: Бірінші, Өзін-өзі билеуге және өз мемлекетін құруға ұмтылған қыпшақ хандарының қимақтардың орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі сипаттағы себеп. Екінші себебі, он бірінші ғасырдың басында көшпелі Орталық Азия тайпаларының қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар.Тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі 916-ыншы жылы Солтүстік Қытайда қидандардың Ляо мемлекетінің кұрылуы болды. Бұл держава жерінің батысқа қарай ұлғаюы көшпелі тайпалардың одан әрі ығысуына әкеп соқты.Қай және құн тайпалары қимақ-қыпшақ тайпаларының бір тобын Солтүстік-шығыс Жетісу мен Ертіс өңіріне ығыстырып, Қимақ мемлекетіне соққы береді. Сөйтіп қайлар қыпшақтарды орнынан қозғайды, ал қыпшақтар оғыздарды Сырдария өзенінің аңғарынан, Аралдың батыс өңірі мен Каспийдің солтүстік өңірінен ығыстырып, оларды орыстың оңтүстігіндегі және Қара теңіз өңірі далаларына көшуге мәжбүр етеді. Оғыздардың жерін басып алғаннан кейін қыпшақ хандары едәуір күшейіп, қимақ-қыпшақ және құман тайпаларының бұрынғы қоныстанған негізгі жерінде күш-қуаты жағынан басым болады, ал қимақтар осы оқиғалар барысында саяси үстемдігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып қалды. Он бірінші ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді. Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет