1. «Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері және тарихнамасы


Ғұн, Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін сипаттаңыз



бет5/26
Дата10.05.2023
өлшемі74,78 Kb.
#91642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
5. Ғұн, Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін сипаттаңыз.
Ғұндар((б.з.б 3-б.з.4ғ)Қытай деректерінде “Ғұн” атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. “Ғұн” сөзі “гун руң, хун ю” атауларымен берілген.Шаньюйден кейінгі басты тұлғалар – түменбасылар болды. Шаньюй түменбасыларын өзінің ұлдары мен інілерінен, жақын туысқандарынан тағайындаған. 24 руды 24 түменбасы басқарған, әрқайсысында 10000-нан атты әскер болған. Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, 3 қанатқа (сол, орталық, оң) бөлінген.Мөде басқарған Хунну (ғұн) державасының пайда болғандығы туралы қытай дерегінде айтылған.Шығыстанушы ғалым Л. Н. Гумилев бұл оқиға б.з.б. 209 жылы болған деп көрсетеді.Қытай жылнамасында б.з.б. 4 және 3 ғасырларда ғұн тайпалары бірлестігінің құрылғандығы туралы жазылған. Аумағы – Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралық. Олар көрші халықтарды басып алумен қатар, Қытай жеріне де шабуылдады.Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс 300 жылдан астам уақытқа созылды. Б.з.б. 3 ғасырдың соңында Цинь патшалығы шекарасын ғұндардан қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды.Ғұндар Енисейдің жағалауларында және Алтай тауларында мекендеген, көрші тайпаларды бағындырған.Қытай билеушісін алым-салық төлеуге мәжбүр еткен. Қытай билеушісі жыл сайын көшпелілерге жібек маталар, мақта, күріш, әшекей заттар жіберіп тұрған. Олар оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, басып алды.Мөденің тұсында ғұндар Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды жеңіп, бағынышты етті.
Үйсіндер(б.з.б 3-б.з 5 ғ)Үйсіндер мен Үйсін мемлекеті жайлы жазылған қытай деректеріндегі мәліметтерге қарағанда – үйсіндердің 120 мың түтіні, 630 мың адамы, 188 мың 800 әскері болған. Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі гуньмо (күнби) деп аталған.Үйсін қоғамы біртекті болмаған, онда байлары – тайпа мен ру дәулеттілері, жасауылдар мен абыздар және қатардағы бұқара – малшылар мен егіншілер болған. Үйсіндер қоғамында құлдар да болған, олар негізінен соғыс тұтқындарынан құралды және үй шаруашылығында пайдаланылды.Үйсін қоғамында мүліктік және әлеуметтік теңсіздік, малға жеке меншік болды. Әрбір отбасы өздерінің малын ажырататын өз таңбаларын салды. Жер иеленуге де жеке меншік болғанын жазба деректер мәлімдейді. Үйсін қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің болғанына археологиялық қазбалар дәлел.Қытай императоры Уди б.з.д. 138 жылы үйсін еліне Чжан Цянь бастаған елшілік жібереді. Осыдан кейін екі жақты қарым-қатынастар етек алып, үйсіндер Қытаймен кең дипломатиялық және туыстық қатынаста болған. Қытайлар үйсіндермен құдандасып, күнбиге Хань патшалығының ханшасын әйелдікке береді. Әрине, бұл құдалық белгілі саяси мақсатты көздеп, хань әулеті үкіметі мен үйсіндер арасындағы одақтастық байланыстың негізін қалады. Өз кезегінде ғұндар да үйсіндермен құдаласып, күнбиге өздерінің қыздарын беріп отырған.
Қаңлылар((б.з.б 3-б.з5ғ)Қаңлы елін хан билеген. Елді басқаруға оның үш орынбасары – уәзірі көмектескен. Қаңлы елі 5 иелікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.Б.з.б. 46-36 жылдары қаңлылар Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескен.Қаңлы тайпалар одағында 120 мың түтін, 600 мың адам, 120 мыңға дейін әскері болған. Б.з.б. 6 ғасырда жазылған ежелгі Иранның қасиетті кітабы “Авестада”: “Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді” - деп жазылған. “Канха”, “кангүй” сөздері Қаңлы атауына ұқсас.Қаңлы мемлекетінің қуатты болғандығы соншалық, олар сол кезде Хань әулеті билеген Ұлы Қытай империясын да мойындамаған. орналасқан ғұн, үйсін тайпаларымен соғысты. Бұрын соғыс көбінесе жер үшін және кек алу мақсатында жүргізілсе, ендігі жерде соғыста барымта жолымен қолға көп мал мен олжа түсіру бірінші кезекке шықты.Қытайдың дереккөздеріне сәйкес, қаңлылар музыкаға, бигедеген сүйіспеншілігімен ерекшеленген.
6.Түркі қағанаттары: жазба деректері, этносаяси тарихы, материалдық және рухани мәдениеті туралы сипаттаңыз.Түркі өркениетінің тамыры терең тарихын зерттеуде қолда бар оның төлтума жазба көне тас ескерткіштері, сонымен қатар М.Қашғари сөздігі, мұсылман авторлары деректері бар. Әсіресе мазмұны мен көлемі жағынан қытай деректерінің орны ерекше. Қытайдың «Көне Тақ кітабы», «Жаңа Тақ кітабы» сияқты тарихи деректер мен Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіштеріндегі мәтіндер қазақ мемлекеттілігінің көнетүркілік кезеңін тануға көмектеседі. Бұл тақырыпты зерттеген Дания университетінің профессоры В.Томсон, орыс ғалымдары Н.Я. Ядринцев, В.Радлов, В.П. Васильев, т.б. көне түркілер тарихын зерттеудің дәстүрін қалыптастырды. Кейіннен бұл дәстүрді А.Г. Малявкин, С.Е. Малов, С. Кляшторныйлар жалғастырды.Оның алғашқы қағандары Бумын, Қара қаған, Мұқан қағандар еді. Осы қағандардың тұсында көршілес жуан-жуан тайпалары бағындырылды. Мұқан қаған тұсында бүкіл Ішкі Азия, Оңтүстік Сібір жері, Оңтүстік-Батыс Манчжуриядағы қидандар, қарақытайлар, Тува жерінде Енисей қырғыздары бағындырылды. Істеми каған тұсында түріктер батысқа қарай жылжып, Жоңғария жерін, Қазақстанның, Орталық Азияның шығыс аймақтарын бағындыра бастады. VI ғасырдың екінші жартысына қарай түріктер бүкіл Қазақстан жерін, Орталық Азияның біраз бөлігін бағындырып, Қара теңіз жағалауына дейін жетті.582—603 жылдары Түрік мемлекетінде ыдырау үдерісі жүрді. 603 жылы Түрік қағанаты Шығыс және Батыс Түрік қағанаттарына бөлінді.Шығыс Түрік қағанатының жұрты көк түрік, ал Батыс Түрік қағаиатының жұрты "он оқ бодун" — "он оқ елі" аталды. Алдында қидан елін, Енисей қырғыздарын басып алған Шығыс Түрік қағанаты, 711 жылғы Инел қаған мен оның бас колбасшысы Тоныкөктің тұсында түркештерді өзіне кқаратты. Бұдан соң 716 жылы Білге қағанның тұсында түріктер қытай әскерлеріне үлкен соққы берді.Батыс Түрік қағанаты да өзіне жаңа жерлер мен жаңа елдерді жаулап алып жатты. Олар 588 жылы Еділ бойын, Орал тауының бергі бетіндегі елдерді, Орталық Азияның біраз бөлігін өздеріне бағындырып алды.Ежелгі түрік тайпалары көне түрік жазуымен жазған. Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады. Түріктердің әліпбиі өздерінің ру-тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Жерімізде түрік жазуының пайда болған мерзімі туралы жаңа пікірлер туды. Көне түрік жазуы б.з.б. 1 мыңжылдықтың ортасында қалыптасқан. Алматы, Павлодар облыстарының жеріндегі сақ тайпаларының обаларынан түрік тіліндегі жазулардың табылуы бұған дәлел болады. Талас, Іле, Сыр, Ертіс өзендері бойынан соңғы 30-40 жыл ішінде көне түрік жазуларының көптеген ескерткіштері табылды. Ислам дінінің таралуына байланысты араб жазуы түрік билеушілері арасында тез қабылданды. Бұл жағдай түрік жазуының өмірде қолдану аясын тарылта бастаған. Ел ішінде түрік жазуымен қатар соғды жазуы кең тараған.Жазу өнерінің дамуына байланысты 8 ғасырда жазба әдебиет пайда болды. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері – “Күлтегін” және “Тоныкөк” жазулары. “Қорқыт ата” мен “Оғызнама” – 8-9 ғасырларға жататын шығармалар. Бұл шығармалар 8 ғасырда ауызша айтылған, 11 ғасырдан бастап қағазға түсе бастаған.Түріктердің зираттарынан табылған бұйымдар олардың о дүниелік өмірге сенуінің айғағы болып табылады. Олар отқа, табиғатқа табынған. Түріктер қаза болған адамның мәйітіне аты мен заттарын қоса өртеген. Сондай-ақ түріктер көк бөріге табынған. Балаға, бәйге аттарына тіл-көз тимеу үшін бөрінің тырнағын, көзін, тілін кесіп алып, тағып қоятын болған. Ұмай анаға отбасына шапағатын тигізеді деп табынған. Қазақстанның оңтүстігінде, Жетісуда мұсылман діні 8 ғасырдан бастап кең тарала бастаған.IX-XII ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды. Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп, оның бір саласы Отырар қаласына келді, екінші саласы Құйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды.Қазақстан жерінде ежелден отырықшылық тарихи-мәдени ірі аймақтар, ал ортағасырдың ортасында қалалық мәдениет дамыды. Олардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу еді. Оңтүстік Қазақстанда Исфиджаб (Сайрам), Газгирд, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавгар және Сауран тәрізді ірі қалалар бой көтерді. Исфиджаб сауда жолы өтетін орталық болды, мұнда көптеген тауарлар өндірілді, бұл жерден маталар, қару-жарақтар, мыс пен темір тасылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет