1. «Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері және тарихнамасы


Қыпшақтардың этносаяси тарихының ерекшеліктерін көрсетіңіз



бет8/26
Дата10.05.2023
өлшемі74,78 Kb.
#91642
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
9.Қыпшақтардың этносаяси тарихының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Қыпшақ хандығы 11 ғасырда құрылды. Сыртқы жауларының соққысынан құлаған Қимақ қағанатының жері Қыпшақ хандығына көшті. Алтайдан Еділге дейінгі аралық “Қыпшақтар даласы” (Дешті Қыпшақ) деп аталған. Қыпшақтардың этникалық құрамы 7-8 ғасырларда қалыптаса бастап, екі бөліктен тұрған. Батыс бірлестігінде 11 тайпа, ал шығыс бірлестігінде 16 тайпа болған. Ең беделдісі – елбөрілер (бөрілер). Қыпшақ хандары осы тайпадан шығып отырған. Тарихшы Жүзжани елбөрілерді хандар әулетінің тайпасы деп атаған. Әскери басқару жүйесі оң және сол қанат болып бөлінді. Күші мен беделі басым оң қанаттың ордасы – Сарайшық (Жайық өзені бойы), ал сол қанаттың орталығы – Сығанақ (Сырдария өзені) қаласы болды. Хандық биліктің орталығы “орда” деп аталды.Махмуд Қашғари қыпшақ тілінде құлды “яланкуг” деп атаған. Ал кедейлердің ішінде жер өңдеумен айналысатын жатақтар болған.Ресей жеріне барып орналасқан қыпшақтар орыс деректерінде “половшылар” (далалықтар) деп аталды. Дунай бойына қоныстанған қыпшақтарды венгрлер “кундар” немесе “командар” деп атаған.Хорезм шахының мұрагері Атсыз қыпшақтардың қол астындағы оғыздар жеріне бірнеше рет шабуылдаған. 1133 жылы қыпшақтар олардан жеңіліп қалды. Осы жеңілістен кейін қыпшақтар екіге бөлініп, әлсірей бастады. Хорезмдіктер қыпшақтардың ішкі қайшылықтарын пайдалануды көздейді. 13 ғасырдың басында Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммед пен Қыпшақ хандығы арасында шайқастар болды. Қыпшақтар өз ішіндегі алауыздықтың кесірінен жеңіліп, солтүстікке қарай шегінді. Бұл екі ел үшін Отырар, Сығанақ, Арал теңізінің аумағы ұзақ жылдар бойы қақтығыс көзіне айналды. Билік үшін бәсеке, тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін біржола тынды. 13 ғасырдың басында Қыпшақ хандығы құлағанымен, оның халқы мүлдем жойылып кеткен жоқ. Қыпшақтар қазақ халқының басты этникалық құрамының біріне айналды.«Қыпшақ» атауы алғаш рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткіштерінде аталады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің (IX ғ.) жылнамалық жинағында ұшырасады.Қимақтардың басшылығындағы тайпалар одағының өзегін 656-інші жылы Батыс Түркі қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтар құрады. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы сегізінші ғасырдың соңында оларды қимақ мемлекетінің құрамынан бөлініп, батысқа қарай көшуге алып келді. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмады, олар сегіз-оныншы ғасырларда қимақ мемлекетінің құрамында болып, қыпшақтар тарихы қимақтар тарихымен қоса өрледі.Мақмұд Қашқари еңбегі бойынша тоғызыншы ғасырдағы қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрілі, тағы басқа рулар мен тайпалар енген.Қимақ қағанының қол астында болған кең-байтақ жер он бірінші ғасырдың басында әулеттік елбөрі руынан шыққан хандар бастаған қыпшақ шонжарларының қолына толық көшті. Қимақ тайпалары шығысында Алтай мен Ертістен батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі, солтүстігінде Құлынды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқаны мәлім.Қыпшақ мемлекеті құрылуының басты себептері: он бірінші ғасырдағы Оғыз мемлекетімен соғыстар; Хорезм шахымен және Қарахан әулетімен күрес; сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.Қыпшақ хандары оңтүстік бағытта ілгерілеп, Сырдарияның орта және төменгі аймағын, Арал және Каспий өңірі далаларын Қыпшақ хандығының қол астына қаратты. Қыпшақ ақсүйектері Сырдария бойы қалаларының билеушілеріне айналды. Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шегарасын кеңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді.Он бірінші ғасырдың басында Қимақ қағанаты тарағаннан кейін қимақ, қыпшақ және құман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери-саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Он бірінші ғасырда екінші жартысынан бастап қыпшақтардың этникалық құрамына енген негізгі тайпалар мыналар болды: қимақтар, баяндурлар, баяуттар, қаңлылар, ұран тайпалары. Әбу-әл-Ғазидің хабары бойынша Ыстықкөл мен Талас жағалауына қоныстанған қаңлылар да қыпшақтар құрамына кірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет