1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу



бет13/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   78
Байланысты:
қ. тарих сессия 100 балл бұйыртса

Қаз аум Ұлы Жібек жолы
Жібек жолы түркі бөлігінің халықаралық саудада маңызы зор еді. Ұлы Жібек жолы сауданың дамуына, көптеген қалалардың пайда болуына, өркендеуіне жол ашты. Бұл жол мемлекеттердің қалыптасуында, әлемдік өркениеттің дамуында үлкен рөл атқарды. Шығыс пен Батыс мәдениеті арасындағы байланыстырушы көпір саналды.
Ортағасырлық авторлардың деректері мен археологиялық қазба жұмыстары Жібек жолы бойындағы халықаралық сауданың IX ғасыр мен XIII ғасырдың басында ерекше дамығандығын айғақтайды. Испиджаб, Кедер, Отырар, Тараз, Науакент, Баласағұн қалалары ірі сауда орталықтары саналды. Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария алқаптарында қала орталықтары қалыптасты. Бұл қала орындары Арал бойындағы құрғақ, шөлейт аймақтарда жақсы сақталған. Ұлтаралық және дінаралық төзімділік, өзге халықтың салт-дәстүріне құрметпен қарау Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың басты ерекшелігі болды.

22. Түрік өркениеті. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызы.

Әл-Фараби


Жүсіп Баласағұн


Ахмет Ясауи

Махмуд Қашқари

23. Моңғол мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс ханның Қазақстан және Орта Азияны жаулап алуы және моңғол шапқыншылығының саяси-әлеуметтік зардаптары.





24. Алтын Орданың құрылуы, дамуы және ыдырауы. Алтын Орданың мемлекеттік және әлеуметтік құрылымы. Мемлекеттің мәдениеті.
1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол әскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы Бату басқаратын болды. Бату әскері 1236 жылы Камадағы бұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде монғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді.
1239 жылдың басында монғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып, монғолдар Перяславль қаласын, онан кейін Чернигов қаласын алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдың күзінде Бату Киевті талқандады, олар Польша, Венгрия, Чехияны және басқа да елдерді басып алды.
Батудың екпінді жорығы барысында монғолдар кен байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, Солтүстікте - Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте - Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Оңтүстік орыс княздіктері де Батуға тәуелді болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. (Карта қою керек) Астанасы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркеге көшірілді. Алғашында Алтын Орда деген ұғым болмаған. Бұл атау орыс деректерінде тек XVI ғасырдың аяғында пайда болған. Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шежіресінде бұл туралы аңыз бар. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар аз болған жоқ. Олар кейін жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті.
Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші Шыңғысхан әулетінің өкілдері бастаған феодалдық алпауыт бектердің құрылтайы шақырылып тұрды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада-ұғландар, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы басқарды. Аса маңызды әлеуметтік қызметтерге билеуші топтың өз адамдары – ұғландар, әмірлер, даруғабектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың көмекшілері – бақауыл, тұтқауыл, жасауыл, қази, муфти, диуан игітіршілері, тамғашы, тартынақшылар отырды. Қалалар мен бағынышты аймақтарды басқару үшін даруғашылар (даруғабектер), басқақтар тағайындалды. Олардың негізгі міндеті жергілікті халықты бұғауда ұстау, әскердің күшімен алым-салық жинау еді. Алтын-Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әркелкі болды. Монғолдар жаулап алған елдерін арнайы тағайындалған әкімдер-даруғашылар мен тамғашылар арқылы басқарды. Басқа елдердегі сияқты, монғолдар бұл жерлерде де басқарудың бұрынғы жүйесін өзгерткен жоқ. Жергілікті басқару қызмет орындарының көпшілігінде бұрынғыша жергілікті феодалдар болды, бірақ оларды монғол шенеуніктері қадағалап отырды.
 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен кейін, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасындағы хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алды. Бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін іштегі алауыздық жегідей жеді. Тек 1357 -1380 жылдар арасында Алтын Орда тағында 25 хан ауысты. Оған қоса Алтын Орда қарауындағы езілген бұқара халықтың азаттық күресі өрістеді. ХIV ғасырдың аяқ кезінде Мәуереннахр билеушісі Әмір Темірдің күшті шабуылдары да Алтын Орданы әлсіретпей қоймады. 1380 жылы Куликово даласында Мамай хан бастаған монғол әскерлерін талқандаған орыс княздары Алтын Ордадан тәуелсіздік алды. Алтын Орда тарихында «дүрбелең кезең» басталды. Осындай қат-қабат қайшылықтар мен тартыстар нәтижесінде әлсіреген Алтын Орда ХV ғасырдың ортасында ыдырап, бірнеше дербес мемлекеттерге бөлініп кетті. Алтын Орда Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары болып бөлініп кетеді. Хорезм Ақсақ Темір мемлекетінің құрамына кірді. Сөйтіп экзогенді (ішкі) және эндогенді (сыртқы) факторлар нәтижесінде Алтын Орда мемлекеті күйреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет