1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Түргеш қағанатының саяси тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті



бет10/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78
14. Түргеш қағанатының саяси тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті
Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрген. Үлкен ордасы – Суяб қаласы, кіші ордасы – Іле өзені бойындағы Күнгіт қаласы болды. Қағанаттың негізгі жер аумағы Жетісу болды. Сонымен қатар қағанаттың жері Шаш (Ташкент) қаласынан Бесбалық, Тұрфан қалаларына (Шығыс Түркістан) дейінгі аралықты қамтыды. Алғашқы қағаны – Үшлік. Түргештер сары және қара түргештер болып бөлінген. Олар Шу, Талас, Іле өзендерінің бойында өмір сүрген.
Сұлу қаған кезінде үш жақты күрес жүрді. Біріншіден, батыста арабтардың шапқыншылығы күшейді, екіншіден, шығыста Қытай қауіп төндірді. Үшіншіден, Шығыс Түрік қағанаты Жетісудағы ішкі қайшылықтарды пайдалануға тырысты. Сұлу қаған шығыстағы жағдайды әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық жолмен шешуге тырысқан. Сұлу қағанның шайқастарға тікелей өзі қатысуына және үнемі жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған “Сүзеген”, “Мүйізді қаған” деп ат қойған. 751 жылы түргештер Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген арабтар және қарлұқтармен бірлесіп, қытай әскеріне күйрете соққы берді. Қытайлардың аман қалған бөлігі Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды. Алайда жікке бөлінушілік тоқтамай, қағандық біржола әлсіреді. Бұл жағдайды пайдаланған қарлұқ көсемдері 756 жылы Түргеш қағанатын құлатып, билікті өз қолдарына алды. Түргештер көшпелі және жартылай көшпелі мал өсірумен, жартылай отырықшы егін салумен шұғылданды.
15. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші елдер мен қалалармен қарым-қатынастары.
Қарлұқ қағанаты (756-940 жж. немесе 8-10 ғғ. аралығы)– Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет.Осылайша VIII ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік-шығыс жəне Шығыс Қазақстан жеріне қарлұқ тайпалары келді.
Жетісуда қарлұқтар оғыз тайпаларының қарсылығына кезікті. VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар оғыздарды Жетісудан Сырдарияның төмені ағысына қарай ығыстырды. Қарлықтардың шығыстағы саясатының өзекті мəселесі Шығыс Түркістан жерлері болды. Оның ішінде ең маңызды стратегиялық орталық Бесбалық қала бекінісі еді. Бұл қала сол кездегі Шығыс Түркістанның саяси, мəдени-шаруашылық жəне сауда өмірінде ерекше рөл атқарды. Кезінде Қытай империясы тарапынан батыстағы ірі-ірі түркі тайпаларьшың барлығы бір ірі саяси орталыққа – Бесбалыққа бағындырылды жəне «Солтүстік орда» деген ат қойылған болатын.
Қарлұқтар жазба деректерде біздің заманымыздың V ғасырында тирек тайпаларының құрамында кездеседі.Қарлұқтардың түріктермен түбі бір екендігі туралы араб-парсы деректерінде мəліметтер кездеседі. Онда қарлұқтарды “ежелгі түріктер” деп жазады. Араб тарихшысы Əл-Мавразидің айтуынша, қарлұқтардың құрамына тоғыз тайпа: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкерсін жəне тухси деген тайпалар кірген.
Қарлұқтардың негізгі топтасқан жері Алтай тауымен Балқаш көлінің арасы. Қарлұқтар түргеш қағанатының əлсірегенін пайдаланып,
756 жылы билікті өз қолдарына алып Қарлұқ мемлекетін құрды. Қағанаттың орталығы Суяб қаласы болды. Қарлұқ тайпалары 766-775 жылдары Қашқарияны жаулап алып шығыстағы шекарасын кеңейтті.
Мемлекеттің негізгі жері бұл Сырдария өзенінің жағалауы мен Жетісу еді. Бұл жерлер арқылы Ұлы Жібек Жолы өткен. Соңдықтан халықаралық сауда жақсы дамып, қарлұқ басшыларын байытқан. Қарлұқ қағанаты территориясы Сыр бойынан Жетісуға дейінгі аралық еді. Мемлекеттік құрылымында басшының билігі шексіз болмады. Біраз əлсіздеу еді. Соңдықтан бұл мемлекетте сыртқы елдерге жорықтар ұйымдастырылмады. Мемлекет халқы бейбіт өмір сүрді.
Қарлұқтар мемлекетінде 25 қала болды деп тарихи деректерде жазылған. Бұлардың көбі Ұлы Жібек Жолының бойында еді. Қарлұқ қағанатына тиесілі Баласағұн 940 жылы Қашқар түркілерімен жаулап алынды. Сөйтіп бұл қағанат өмір сүруін тоқтатты. Тарих сахнасына Қарахан мемлекеті шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет